Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
17.04.2026
Белгілері
Жұғу жолдары
Емдеу
Алдын алу
Қашан дәрігерге қаралу керек?
ЖРВИ деген не?
ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекциялар) — тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустар тобы. Оған тұмау, риновирус, аденовирус сияқты аурулар жатады.
Дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрынның бітелуі немесе су ағуы, тамақтың ауыруы, әлсіздік байқалады.
Ауру көбіне ауа-тамшы жолымен (жөтелу, түшкіру кезінде) және лас қол арқылы жұғады.
Көп сұйықтық ішу, демалу, дәрігер кеңесімен дәрі қабылдау маңызды. Антибиотиктер тек бактериялық асқыну кезінде ғана беріледі.
Қолды жиі жуу, бөлмені желдету, адамдар көп жиналатын жерлерден сақтану, иммунитетті күшейту қажет.
Егер дене қызуы ұзақ уақыт түспесе, тыныс алу қиындаса немесе жағдай нашарласа, дәрігерге жүгіну керек.







