Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

20.11.2026

ЖҮРЕК САУЛЫҒЫ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

Жүрек-қан тамырлары аурулары – әлемде кең таралған әрі адам денсаулығына елеулі қауіп төндіретін дерттердің бірі. Олардың қатарына артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, инфаркт және инсульт жатады.
Аталған аурулардың пайда болуына қан қысымының жоғары болуы, қандағы холестерин деңгейінің артуы, қант диабеті, артық салмақ, аз қимылдау, дұрыс тамақтанбау және темекі шегу сияқты факторлар әсер етеді.
Жүрек ауруларының негізгі белгілері:
— Кеуде тұсының ауыруы немесе қысылуы;
— Жүрек соғысының жиілеуі немесе ырғақсыз соғуы;
— Ентігу, тыныс алудың қиындауы;
— Тез шаршау, әлсіздік;
— Бас айналу, кейде естен тану;
— Аяқтың ісінуі.
Жүрек ауруларының алдын алу үшін:
— Қан қысымын тұрақты бақылаңыз;
— Дұрыс әрі құнарлы тамақтаныңыз;
— Тұзды және майлы тағамдарды шектеңіз;
— Күнделікті дене белсенділігін арттырыңыз;
— Дене салмағын қалыпты деңгейде ұстаңыз;
— Темекі мен алкогольден бас тартыңыз;
— Дәрігерге уақытылы қаралып, профилактикалық тексеруден өтіңіз.
⚠️ Ескерту! Егер кеуде тұсында қатты қысатын немесе басатын ауырсыну пайда болып, ол қолға, арқаға немесе жаққа тараса, ентігу, суық тер шығу байқалса, дереу 103 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Есіңізде болсын, жүрек ауруларын ерте анықтау және алдын алу – денсаулықты сақтаудың маңызды шарты. Жүрегіңізге қамқорлық жасаңыз!

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу