СӨС және ЖДО мамандары АИТВ/ЖИТС алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық семинар өткізді.
Автор: gpshu
Облыстық семинар
СӨС және ЖДО мамандары АИТВ/ЖИТС алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық семинар өткізді.
АИТВ (ВИЧ) туралы не білу керек?
АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) – ағзаның қорғаныс жүйесін әлсірететін вирус.
СПИД – АИТВ инфекциясының соңғы сатысы.
АИТВ-ға тестілеу – тегін және құпия түрде жүргізіледі. Ерте анықтау – ұзақ әрі сапалы өмірдің кепілі 
Заманауи ем (АРТ терапиясы) вирусты бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН ЖҰҒАТЫН ИНФЕКЦИЯЛАР (ИППП)
Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар (ЖЖЖИ) – қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы аурулар. Бұл инфекциялар денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіріп, дер кезінде емделмеген жағдайда ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
ВИЧ-инфекция
СПИД
Сифилис
Гонорея
Хламидиоз
Трихомониаз
Гепатит B
Гепатит C
Жыныс мүшелерінен бөлінділердің пайда болуы
Қышу, ашыту, ауырсыну
Зәр шығару кезінде жайсыздық
Теріде бөртпе немесе жаралардың шығуы
Кейбір инфекциялар ешқандай белгі бермеуі мүмкін! Сондықтан тұрақты түрде тексеріліп тұру маңызды.
Қорғаныш құралдарын (презерватив) қолдану
Бір тұрақты серіктеспен қарым-қатынаста болу
Жылына кемінде бір рет медициналық тексеруден өту
Вакцинация (гепатит В-ға қарсы)
Қызылша (корь) – қауіпті жұқпалы ауру
Қызылша – ауа арқылы тез таралатын, әсіресе балалар арасында жиі кездесетін жұқпалы ауру. Ол жоғары қызбамен
, жөтелмен
, көздің қабынуымен
және денеге шығатын бөртпемен
көрінеді.
Қызылша асқынған жағдайда:
өкпе қабынуына 
құлақтың қабынуына 
ми қабынуына 
әкелуі мүмкін. Кей жағдайларда өмірге қауіп төндіреді.
Қызылшаға қарсы вакцина:
Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға жоспарлы түрде тегін егіледі.
Уақтылы екпе алыңыз – бұл өзіңізге де, қоғамға да жауапкершілік 
Базалық жүрек-өкпе реанимациясы – Basic Life Support (BLS)» тақырыбында оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды
Шу қалалық емханасында медициналық қызметкерлерге арналған «Алғашқы көмек көрсету. Базалық жүрек-өкпе реанимациясы – Basic Life Support (BLS)» тақырыбында оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар есінен тану, тыныс алудың тоқтауы және жүрек қызметі кенеттен тоқтаған жағдайларда алғашқы көмек көрсетудің негізгі алгоритмдерімен танысты. Сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясын уақтылы әрі дұрыс жүргізудің маңыздылығы түсіндіріліп, тәжірибелік жаттығулар өткізілді.
Тәжірибелік сабақты Innovation Taraz орталығының жетекшісі Саликов А.С. Шу қалалық емханасының медицина қызметкерлері арасында жүргізді.
Мұндай оқыту шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, төтенше жағдайларда науқастарға жедел әрі сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.



Пациент құқығы: Пациенттерді қолдау қызметі қалай жұмыс істейді?
Әрбір азамат сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алуға құқылы. Бұл құқық Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде бекітілген. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, медициналық қызмет сапасына, қызмет көрсету тәртібіне немесе медициналық персоналмен қарым-қатынасқа қатысты сұрақтар туындап жатады.
Мұндай жағдайда пациенттердің құқығын қорғау үшін медициналық ұйымдарда Пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді. Бұл қызмет әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облыстық филиалының бақылауында. Филиал директоры Ғайни Аймағанбетова атап өткендей, қызмет пациенттердің құқықтарын қорғауға және медициналық көмектің сапасын бақылауға бағытталған.
Медициналық көмектің сапасына қанағаттанбаған жағдайда;
Медицина қызметкерлерінің дөрекі немесе әдепсіз қарым-қатынасына тап болғанда;
Медициналық көмектің сапасы немесе көрсетілу тәртібіне қатысты өзге мәселелер туындағанда.
Өтініштер мен шағымдарды жедел қарау;
Мәселелерді «Осы жерде және қазір» қағидаты бойынша шешу;
Құрылымдық бөлімше басшыларының уақытылы әрекет етуін қамтамасыз ету;
Өтініштерді комиссиялық тәртіпте объективті қарау.
Қор филиалы басшысы атап өткендей, барлық өтініштер қаралып, ресми жауап ұсынылады және пациенттердің құқықтары толық қорғалады.
Дереккөз: https://08info.kz/
Қате немесе артық төленген МӘМС жарналарын қайтарып алуға болады?
Бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде өтініш беру қажет.
Мемлекеттік корпорацияның мекенжайлары мен өтініш үлгілері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында бар.
Қаражат өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Қаражатты қайтарудан бас тартатын кездер болады. Оның себептері мыналар:
— МӘМС жарналары бойынша бұрынғы төленбеген кезеңдер үшін берешек болса;
— құжаттарда мәліметтер дұрыс көрсетілмесе;
— өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмесе;
— дербес деректерді өңдеуге келісім болмаса.
Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ / ОРВИ) туралы не білу керек?
ЖРВИ (орысша – ОРВИ) – тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустық инфекциялар тобы. Күз-қыс мезгілінде жиі кездеседі және адамнан адамға тез жұғады.
Негізгі белгілері:
Дене қызуының көтерілуі
Мұрынның бітелуі, су ағуы
Тамақтың жыбырлауы немесе ауыруы
Жөтел
Әлсіздік, бас ауруы
Қалай жұғады?
Ауа-тамшы жолы арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде)
Қол алысу, ортақ заттарды пайдалану арқылы
Алдын алу шаралары:
Қолды жиі сабындап жуу
Қоғамдық орындарда маска тағу
Бөлмені жиі желдету
Дұрыс тамақтану, дәрумендер қабылдау
Адам көп жиналатын жерлерден мүмкіндігінше аулақ болу
Қашан дәрігерге қаралу керек?
Дене қызуы 3 күннен артық түспесе
Қатты жөтел, ентігу пайда болса
Балаларда немесе созылмалы ауруы бар адамдарда жағдай нашарласа
Өзін-өзі емдеумен айналыспай, алғашқы белгілер байқалған жағдайда учаскелік дәрігерге жүгінген жөн. Ерте басталған ем – асқынудың алдын алады.
Денсаулығыңызды күтіңіз!
Медициналық қызметкерлерге алғашқы көмек көрсетуге арналған оқыту сабағы өтті
Шу қалалық емханасында BLS – «Синий код» бойынша медициналық қызметкерлерге алғашқы көмек көрсетуге арналған оқыту сабағы өтті.
Аталған оқу барысында қызметкерлер есінен тану, жүректің тоқтауы кезінде зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсету және жедел реанимациялық іс-шараларды орындау тәртібі бойынша білімдерін жетілдірді.
Сабақты Innovation Taraz орталығының мамандары жүргізді.
