МӘМС аясында не істеуге болады?

Егер көру қабілетіңіз нашарласа, алдымен емханадағы учаскелік дәрігерге жүгініңіз. Ол жағдайыңызды бағалап, көрсеткіштер болса, офтальмолог дәрігерге жолдама береді.

Алдымен бастапқы тексерулер жүргізіледі. Офтальмолог тексеру нәтижелері бойынша операция немесе басқа емдеу тәсілінің қажеттілігін анықтайды.

Емдеу форматы:
— Амбулаторлық ем;
— Күндізгі стационар – операциялар, соның ішінде көздің мөлдір қабығын ауыстыру;
— Түнгі стационар – глаукома және басқа аурулар кезінде лазердің көмегімен жасау.

МӘМС жүйесі көз жарақаттары, глаукома, катаракта, медицина көрсеткіштері бойынша көздегі ісіктерді алу, МӘМС тізіміне кіретін өзге де қызметтерді өтеп береді.

#МӘМСЖАМБЫЛ #ӘМСҚЖАМБЫЛ

МӘМС-ке не кіреді?

МӘМС пакетіне не кіреді? Бейінді мамандардың кеңесі мен тексерулерден бастап күрделі ота мен оңалтуға дейін. Карусельде қандай көмек түрін алуға болатынын айтамыз.
🛡️ Қазақстандағы МӘМС моделі бірегей. Еліміздегі медициналық сақтандыру жүйесі терапевтке қаралудан бастап, озық операциялар мен қажетті дәрі-дәрмектерге дейінгі медициналық көмектің шектеусіз тізбегін алуға мүмкіндік береді.
🌍 Әлемдік практикада әдетте екі сценарийдің бірі басым: сақтандырумен кепілдендірілген медициналық көмек тізбегі не қатаң шектеледі, не кең ауқымды кепілдік пациент тарапынан ішінара қосымша төлем жасауды көздейді. Біздің жүйе бастапқы медициналық көмектен бастап, кардиохирургия, нейрохирургия немесе буындарды ауыстыру сияқты жоғары технологиялық операциялар мен технологияларға дейінгі қолжетімді медициналық көмек принципін қамтамасыз етіп, кедергіні сәтті еңсереді.
👉 Толығырақ білу үшін карточкаларды парақтаңыз.

МӘМС қарапайым тілде

«МӘМС қарапайым тілде» деп аталатын көлемді материал дайындадық. Мақалада медициналық сақтандыруға қатысты негізгі сұрақтарға жауап жинақталған.
Сіз аударған жарна қайда жұмсалады? ТМККК мен МӘМС пакетіне не кіреді? Кім және қанша төлейді? Қажетті тексеруден немесе емнен қалай өтуге болады? Егер сізге медициналық көмек көрсетуден бас тартса немесе оның ақысын төлеуді ұсынса, не істеу керек?
Жүйенің қалай жұмыс істейтінін және өз құқықтарыңызды қорғау үшін қайда жүгіну керегін түсіндіреміз.
Материалды Қор сайтынан (msqory.kz) оқи аласыз.
Егер материалды оқып шыққаннан кейін сұрақ қалса, біздің сайтта «МӘМС-гид» нұсқаулық бөлімі бар. Ал «Өтініш беру» сервисі арқылы Қорға тікелей жүгіне аласыз.

«МӘМС: керек дерек»

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «МӘМС: керек дерек» жаңа айдарын іске қосты. Бұл айдарда Қор қызметкерлері өзекті сұрақтарға жауап беріп, алгоритмдер мен ережелерді қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіріп отырады.
Алғашқы жазбада ұзақ демалыстан кейін жұмысқа шыққанда МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексерудің маңыздылығы туралы айтамыз.

Жамбылда Қарттар күніне орай «Денсаулық аралы» акциясы өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалы облыстық №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында (Қарттар үйі) «Денсаулық аралы» акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – қарттардың денсаулығына көңіл бөлу, медициналық мәселелері бойынша кеңес беру және олардың денсаулыққа қатысты сауалдарына жауап беру.
Іс-шара барысында №2 қалалық емхананың невропатолог, дерматолог, психолог және эндокринолог дәрігерлері орталық тұрғындарына медициналық кеңес беріп, денсаулық жағдайына қатысты сұрақтарына жауап берді.
Қариялар мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қажетті кеңестер алды. Іс-шара соңында ақ баталарын беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Қарттарға қамқорлық көрсету, олардың денсаулығы мен әл-ауқатына көңіл бөлу – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.
Іс-шара барысында қарияларға ерекше көңіл бөлініп, оларға жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.

МӘМС сөздігі: жеңілдік санатындағы азаматтар

Сіз кейбір азаматтар үшін МӘМС жарналарын мемлекет толық төлейтінін білесіз бе? Яғни сіз жұмыс істемесеңіз де және жарнаны өзіңіз төлемесеңіз де, медициналық көмекке қол жеткізе аласыз деген сөз.
Карусельде біз қысқаша түсіндірдік:
— жеңілдік санаттарына кімдер жатады;
— кімдер үшін жарнаны республикалық бюджет төлейді;
— кімдер үшін жергілікті бюджет төлейді;
— және неге Қор жеңілдік санаттарының тізімін өзі қалыптастырмайды.
Егер өзіңізді осы санаттардың бірінен тапсаңыз – демек, сіз МӘМС жүйесінде сақтандырылғансыз және медициналық қызметтерді тегін ала аласыз.
Слайдтарды парақтап, сақтап қойыңыз.

МӘМС жүйесіндегі кейстер

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың әлеуметтік желідегі өтініштері мен сұрақтарын тұрақты қадағалап отырады. Адамдарды көбінесе қабылдау мен тексеруді ұзақ күту, бағыттама алудағы қиындықтар, тегін берілуі тиіс қызметтерге ақы төлеу, дәрігерлердің, дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтардың тапшылығы мазалайды.
Медициналық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру, оларды мамандармен, дәрі-дәрмекпен және материалдық-техникалық қажеттіліктермен қамтамасыз ету медициналық ұйым басшылығының және өңірлік денсаулық сақтау басқармасының жауапкершілігінде.
Бұл ретте Қор ТМККК мен МӘМС шеңберінде медициналық көмекті сатып алады және төлем жасайды, келісімшарттағы міндеттемелердің орындалуын бақылайды және негіз болған жағдайда жеткізушілерге жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.
МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақты жауапкершілігі қағидаттары негізінде жұмыс істейтінін түсіну маңызды. Жарналар адамның жеке шотында жинақталмайды. Жүйенің жалпы қаражаты есебінен пациент қажет болған жағдайда құны өзі төлеген жарнаның жалпы сомасынан едәуір асатын ем ала алады.
Сондай-ақ МӘМС жүйесі көрсетілімдер бойынша және белгіленген маршрутқа сәйкес қажетті медициналық көмек алуға кепілдік береді. Кезектілік жағдайдың шұғылдығына байланысты: шұғыл көмек дереу, ал жоспарлы көмек белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде және Қорға тікелей жолдаған өтініштерде жиі көтеретін кейстерді талдаймыз.

МӘМС: науқасқа қамқорлық, сапалы ем

Тараз қаласының тұрғыны Гүлжайна Елешова өз тіркелген №2 қалалық емханасының күндізгі стационарында ем алып жүр. Дәрігерлер оған омыртқа остеохондрозы деген диагноз қойған.
Пациенттің айтуынша, омыртқадағы дискілердің қысылуы қозғалысын шектеп, қатты ауырсыну тудырады. Осы жағдайға байланысты ол емханаға келіп, дәрігердің жолдамасымен күндізгі стационарға жатқызылған.
Күндізгі стационардың терапевті Таншолпан Махатова Гүлжайнаға клиникалық хаттамаға сәйкес ем тағайындағанын және қазіргі уақытта қажетті медициналық көмек толық көрсетіліп жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, ел азаматтары күндізгі стационарда МӘМС аясында ем қабылдай алады. Бүгінгі пациент Гүлжайна Елешоваға барлық медициналық қызметтер МӘМС аясында көрсетілуде.

МӘМС аясындағы медициналық қызметтердің тиімділігі түсіндірілді

Бүгін Тараз қаласының Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Іс-шара барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өкілдері тұрғындарға кеңес беріп, сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Дәурен Бурханов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі бағыттары, мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы түсіндірді.
Сонымен қатар ол денсаулық сақтау саласын тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және олардың халыққа қолжетімділігін кеңейту МӘМС жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Оның айтуынша, елімізде енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі азаматтардың медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.
Іс-шара соңында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, МӘМС жүйесі аясында медициналық қызметтерді алу тәртібі бойынша нақты жауаптар алды.

Пациенттерді қолдау қызметіне қандай жағдайларда жүгіне аласыз?

✅ учаскелік дәрігер болмаса, оған жазыла алмасаңыз немесе сізді қабылдаудан бас тартса;
✅ аумақтық принцип бойынша емханаға тіркелген болсаңыз да, учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер медициналық көрсеткіштеріңіз бола тұра үйге шақыртуыңызға бармаса;
✅ бейінді маманның кеңесіне жазыла алмасаңыз, маман болмаса немесе оған бір айдан кейін жазылыңыз десе;
✅ медициналық көрсеткіштеріңіз бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе;
✅ жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса;
✅ диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз;
✅ көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;
✅ дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса немесе өзін талапқа сай ұстамаса;
✅ өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе жазбаларды анықтасаңыз;
✅ жалпы медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса.
Пациенттерді қолдау қызметі – «осында және қазір» көмек көрсету.