Рубрика: Денсаулық сақтау жаңалықтары
24 наурыз — Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні
Денсаулық сақтау мәселелерін жетілдіру бойынша кеңес өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов конституциялық реформа мен Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмасы аясында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес өткізді.
Шара барысында Қор Қаржы министрлігінің қарамағына берілген күннен бері атқарылған жұмыстар барысы қаралып, МӘМС жүйесін трансформациялаудың жаңа тәсілдері талқыланды.
Бір жарым айда ұйымдағы қаржы ағындарын бақылау күшейтіліп, медициналық қызметтерге ақы төлеу тәсілдері қайта қаралды және қаржылық өкілеттіктерді орталықтандыру қолға алынды. Сонымен қатар құрылымға антифрод-бақылау тетігі енгізіліп, ол тіркеулер мен ауруханаға негізсіз жатқызуды автоматты түрде анықтайды. Дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде цифрлы теңгені пайдалану бойынша жұмыс басталып, бұл толық ашықтықты қамтамасыз етеді.
Сарапшылардың бағалауына сүйенсек, бұл жаңашылдықтардың экономикалық әсері 200 млрд теңгеден асады.
Фото: @primeministerkz
Адамның иммун тапшылығы вирусы
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы)
– иммундық жүйені зақымдайтын вирус.
Егер дер кезінде ем қабылданбаса, ол СПИД-ке (синдром приобретённого иммунодефицита) әкелуі мүмкін. 
– Қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде 
– Қан арқылы 
– Таза емес инелерді қолдану кезінде
– Анадан балаға 
– Қол алысу 
– Құшақтау 
– Бір ыдысты пайдалану 
– Жөтелу немесе түшкіру 
– Қорғану құралдарын қолдану 
– Тұрақты медициналық тексеру
– Стерильді құралдарды пайдалану
– Салауатты өмір салты 
Ерте анықтау және емдеу арқылы адам ұзақ әрі белсенді өмір сүре алады. 


Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар (ЖЖБИ)
Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар – бұл қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде берілетін жұқпалы аурулар.
Олар ерлер мен әйелдерде де кездесуі мүмкін.
Ең жиі таралатын түрлері:
АИТВ (ВИЧ) 
Мерез
Гонорея
Хламидиоз
Папилломавирус (HPV)
– Күшті бөлінділер
– Қышу, күйдіру сезімі
– Іштің төменгі бөлігінің ауыруы
– Терідегі бөртпелер
– Қорғану құралдарын қолдану (презерватив) 
– Тексеруден уақытылы өту
– Сенімді серіктес
– Дәрігер кеңесіне жүгіну
Егер қандай да бір белгі байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. 

Мен жүктімін, жұмыссызбын – неге жеңілдік мәртебем тоқтатылды?
Халық тарапынан жиі қойылатын сұрақтың бірі — “Мен ресми жұмыс істемеймін, бірақ жүкті бола тұра жеңілдік мәртебесінен шығып қалдым. Неліктен?” деген сауал.
Жүйеде міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар пайда болған жағдайда жеңілдік мәртебесі алынып тасталуы мүмкін. Бұл – әйелдің табыс алып, «жұмыс істемейтін» санатына сәйкес келмейтінін білдіреді.
Мұндай жағдай көбіне жүкті әйелдердің жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, аударымдар жасауы салдарынан орын алады. Мәртебені қалпына келтіру үшін жеке кәсіпкерліктің қызметін ресми тоқтату қажет.
МӘМС туралы 5 жаңсақ пікір
1. МӘМС арқылы тек мемлекеттік емханаларда ғана емделуге болады деп ойлайтындар бар.
— Шын мәнінде, МӘМС аясында медициналық қызметтерді Қормен келісімшарт жасасқан жеке клиникаларда да алуға болады.
2. Азаматтар МӘМС жарналарын тағы бір салық түрі деп есептейді.
— Жоқ, МӘМС – бұл медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға арналған ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама. Ол емделуге кететін шығындарды азайтуға көмектеседі.
3. МӘМС тегін медицинаны алмастырады.
— МӘМС жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алмастырмайды, оны толықтырады.
4. МӘМС үшін төлемесеңіз, жедел жәрдем шақыра алмайсыз.
— Жоқ, жедел жәрдем шақыру тегін медициналық көмек аясында көрсетіледі. Бұл үшін сақтандырылған мәртебесі қажет емес.
5. МӘМС аясында тек арзан анализдер ғана тапсыруға болады деп жатады.
— МӘМС аясында қымбат зерттеулерді де тапсыруға болады. Сондай-ақ дәрігердің тағайындауымен толық диагностикадан өтуге мүмкіндік бар.
Адам папиллома вирусы
• жыныстық қатынас арқылы
• тері мен шырышты қабаттың тығыз жанасуы арқылы
• сирек жағдайда анадан балаға босану кезінде
• теріде немесе жыныс мүшелерінде сүйелдер пайда болуы
• көп жағдайда ешқандай белгі байқалмауы мүмкін
• вакцинация
• тұрақты медициналық тексеру
• жеке гигиенаны сақтау
• қауіпсіз жыныстық қатынас
Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар
Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар – бұл адамнан адамға негізінен жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар. Олар қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде, кей жағдайда қан арқылы немесе анадан балаға жұғуы мүмкін.
• Мерез (сифилис)
• Гонорея
• Хламидиоз
• Адам папиллома вирусы (HPV)
• АИТВ / ВИЧ
• Герпес
• жыныс мүшелерінде қышу немесе күйдіру 
• ерекше бөлінділердің пайда болуы
• ауырсыну немесе жайсыздық
• денеде бөртпелердің шығуы
ЖРВИ және тұмау туралы не білу керек?
ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекциялар) және тұмау – тыныс алу жолдарын зақымдайтын кең таралған жұқпалы аурулар. Олар көбіне ауа-тамшы жолымен жұғады: жөтелгенде, түшкіргенде немесе науқас адаммен жақын қарым-қатынаста болғанда.
• дене қызуының көтерілуі
• тамақтың ауруы
• жөтел, мұрын бітелуі
• әлсіздік, бас ауруы
• бұлшықет ауруы
Тұмауға қарсы вакцина ағзаның иммунитетін қалыптастырып, аурудың ауыр өтуінен және асқынулардан қорғайды.
• аурудың ауыр түрінен қорғайды
• асқынулардың (пневмония, бронхит) алдын алады
• балалар, қарт адамдар және созылмалы ауруы бар науқастар үшін өте маңызды
• қолды жиі жуу
• адам көп жиналатын жерлерде маска тағу
• бөлмені жиі желдету
• дұрыс тамақтану және жеткілікті ұйқы
