Сондықтан кей ұсыныстарды ескерген дұрыс:
— Балаға күн тиіп қалмас үшін жаздың ыстық күндері міндетті түрде бас киім кигізу керек;
— Баланың тамақ ішер алдында қол жууды әдетке айналдыруын қадағалаңыз;
— Жаз мезгілінде тамақтан уланып қалу қаупі артатындықтан, жемістер мен көкөністердің балғын болуын қадағалап, жақсылап жуыңыз;
— Баланы бағдаршамнан өтуге үйретіп, автомобиль тигізуі мүмкін қауіп туралы түсіндіріп айтыңыз;
— Балаға ойнау алаңында өзін қалай ұстау керектігін айтыңыз. Соның ішінде, әткеншекке жанынан келу керектігін түсіндіріңіз;
— Баланы жазғы кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру керек. Ересек адамсыз от жақпауын өтініп, оның жылдам тарайтындығын айтыңыз.
Жазда судағы қауіпсіздік ережесі
Отбасылардың барлығы ыстық күндері балаларымен бірге суға шомылуға барады. Ересектер де, балалар да рақаттана суға түсіп, күнге күйіп, таза ауамен демалады. Суға шомылуға барарда мына ережелерді ескерген жөн:
— Балаға сіздің қарауыңызсыз тіпті, үрлемелі дөңгелектер мен матраста болса да суға түсуіне рұқсат бермеңіз;
— Кішкентай баланы суға тек жүзгіш жилетпен немесе жеңдікпен жіберіңіз;
— Балаларға суда тығылатын немесе бір-бірін батыратын ойын ойнауына рұқсат бермеңіз. Оның орнына қуыспақты да, тығылыспақты да жағажайда ойнауларын өтініңіз;
— Күн қатты ысып кетсе, баланың терісі күйіп кетпес үшін арнайы күннен қорғайтын құрал жағып қойыңыз.
— Салқын тиіп қалмас үшін баланың суда болған уақытын бақылаңыз;
Жазда табиғаттағы қауіпсіздік ережесі
Егер отбасыңызбен табиғатқа (орман, саябақ) шықсаңыз, мына ережелерді есте сақтаңыз:
— Мұндай жерлерде әдетте, кене көп болып келеді. Сондықтан балаға жабық шалбар мен жабық аяқ киім кигізген жөн. Шалбар балағын шұлыққа салып қойыңыз;
— Балаға ормандағы таныс емес саңырауқұлақтар мен жидектерді жеуге болмайтындығын түсіндіріңіз. Олар улы болуы мүмкін;
— Сона, ара секілді жәндіктердің шағуын болдырмас үшін олар бар кезде қозғалмай тұру керектігін айтыңыз;
— Мүмкіндік болса, баланы қараусыз қалдырмаған жөн.
Рубрика: Емхана жаңалықтары
Балаларды қорғау күні құтты болсын! 🎈

Әр бүлдіршін сүйіспеншілікке, қамқорлыққа бөленіп, қауіпсіз ортада өссін! Балалық шақ қуаныш, түрлі ойындар мен керемет мүмкіндіктер кезеңі болатын әлемді бірге құрайық!
С днем защиты детей! 🥳
В мире нет ничего важнее счастья и улыбок детей.
Это прекрасный праздник, наполненный радостью и теплотой.
Пусть у наших детей будет счастливое и полное смеха детство!
Шу қаласы “Алмас” колледжінде білімгерлер арасында АИТВ/ЖИТС тақырыбында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
🔰Шу қалалық емханасының әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Е.А.Оспанова

Өз еріктерімен ЭТ ( жедел тест) қалалық емхананың ЖДО тапсыруға болатыны да айтылды
“Мен өмірді сүйемін” атты өзара қарым қатынасты жақсарту жөнінде тренинг өткізілді.
Шу қалалық емханасының әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету бөлімінің мамандары Шу қаласы «Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінде» оқушылар арасында жазғы айларында жарақаттанулардың алдын алу, психикалық денсаулық,

«Салауатты өмір салты» кабинетінде жасөспірімдермен зиянды әдеттердің алдын алу жөнінде тренинг өткізілді
Шу қалалық емханасының әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету бөлімінің мамандары

✔️ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШТАМАЛАРЫ

🖇️Шу қалалық емханасында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған.
«Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, осы аталған мекемеден алуларына болады. Ол үшін электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) оқу үшін компьютерлерде «card reader» орнатылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда жылдам, сапалы алуға болады және қол жетімді.
Артериялық қан қысымы,қант диабеті денсаулық мектептерінде сабақтар мен релаксациялық жаттығулар өткізді.
Шу қалалық емханасының әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету бөлімінің мамандары,емханаға келген пациенттерге

#скрининг #здоровье #шуемхана #денсаулықзорбайлық #профилактика
#скрининг #здоровье #шуемхана #денсаулықзорбайлық #профилактика

“АПВ екпе алудың маңызы» жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Шу қалалық емханасының әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету бөлімінің мамандары Шу қаласы А.Макаренко атындағы мектеп интернаттың ата- аналарымен

«Жарақаттанулардың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, өзара қарым қатынастарды жақсарту» жөнінде денсаулық сабақтары өткізілді.
Бүгін Шу қалалық емханасының әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету бөлімінің мамандары Шу қаласы «А.Байтұрсынов атындағы мектеп гимназиясында» оқушылармен
