
Рубрика: Емхана жаңалықтары
Қауіпті материалдардан қалай сақтанамыз?

Қатты аяз кезіндегі қауіпсіздік

АРДАГЕР АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Шұғылалы көктемнің алғашқы лебін ала келген Алғыс айту күні – ел бірлігі мен өзара ризашылықты дәріптейтін, үлкенге құрмет, өткенге тағзым білдіретін ерекше мереке. Осыған орай Шу қалалық емханасының ұжымы тарапынан көп жылдар бойы халық саулығы жолында аянбай еңбек еткен ақ халатты абзал жандарға алғыс білдірілді.
Шара барысында ардагер дәрігерлердің кәсіби біліктілігі, адам жанына деген жанашырлығы мен адалдығы – бүгінгі буын мамандарға үлгі-өнеге екені атап өтілді. Бұл – олардың ұзақ жылғы еңбегіне деген шынайы ризашылықтың белгісі.
Аға буынның ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесі – ұжым үшін қашанда қымбат қазына!
Шу қалалық емханасында сейсмикалық жаттығу өткізілді
25 ақпан — Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін Шу қалалық емханасында сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Шара барысында жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмі түсіндіріліп, эвакуациялау тәртібі практикалық түрде пысықталды.
Қызметкерлерге қауіпсіз орынға жасырыну, электр құралдарын сөндіру, сабыр сақтап, белгіленген эвакуациялық шығу жолдары арқылы ғимараттан шығу тәртібі көрсетілді.
Жаттығу ұйымдасқан түрде өтіп, қызметкерлер белсенділік танытып, қауіпсіздік талаптарын сақтады. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдай кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.
Медицина қызметкерлері арасында семинар
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының зпидемиологиялық жағдайы, белгілері мен алдын алу жолдары жөнінде медицина қызметкерлері арасында семинар өткізілді.


Арнайы сабақ өткізілді
Бүгін Шу қалалық емханасы «Жастар денсаулық орталығында» жасөспірімдердің өзара және ата — аналарымен қарым-қатынасы жөнінде сабақ өткізілді

Облыстық семинар өтті
СӨС және ЖДО мамандары АИТВ/ЖИТС алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық семинар өткізді.
Облыстық семинар
СӨС және ЖДО мамандары АИТВ/ЖИТС алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық семинар өткізді.
Базалық жүрек-өкпе реанимациясы – Basic Life Support (BLS)» тақырыбында оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды
Шу қалалық емханасында медициналық қызметкерлерге арналған «Алғашқы көмек көрсету. Базалық жүрек-өкпе реанимациясы – Basic Life Support (BLS)» тақырыбында оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар есінен тану, тыныс алудың тоқтауы және жүрек қызметі кенеттен тоқтаған жағдайларда алғашқы көмек көрсетудің негізгі алгоритмдерімен танысты. Сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясын уақтылы әрі дұрыс жүргізудің маңыздылығы түсіндіріліп, тәжірибелік жаттығулар өткізілді.
Тәжірибелік сабақты Innovation Taraz орталығының жетекшісі Саликов А.С. Шу қалалық емханасының медицина қызметкерлері арасында жүргізді.
Мұндай оқыту шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, төтенше жағдайларда науқастарға жедел әрі сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.


