Автор: gpshu
24 наурыз — Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні
Денсаулық сақтау мәселелерін жетілдіру бойынша кеңес өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов конституциялық реформа мен Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмасы аясында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес өткізді.
Шара барысында Қор Қаржы министрлігінің қарамағына берілген күннен бері атқарылған жұмыстар барысы қаралып, МӘМС жүйесін трансформациялаудың жаңа тәсілдері талқыланды.
Бір жарым айда ұйымдағы қаржы ағындарын бақылау күшейтіліп, медициналық қызметтерге ақы төлеу тәсілдері қайта қаралды және қаржылық өкілеттіктерді орталықтандыру қолға алынды. Сонымен қатар құрылымға антифрод-бақылау тетігі енгізіліп, ол тіркеулер мен ауруханаға негізсіз жатқызуды автоматты түрде анықтайды. Дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде цифрлы теңгені пайдалану бойынша жұмыс басталып, бұл толық ашықтықты қамтамасыз етеді.
Сарапшылардың бағалауына сүйенсек, бұл жаңашылдықтардың экономикалық әсері 200 млрд теңгеден асады.
Фото: @primeministerkz
Емханаға тіркелу деректерін қалай тексеруге болады?
Медициналық қызметтерді пайдалану үшін ең алдымен өз емханаңызды және учаскелік дәрігеріңізді білу маңызды.
Қай емханаға тіркелгеніңізді eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен, eGov Mobile және Damumed қосымшалары арқылы немесе емханалардың анықтама қызметі арқылы тексеруге болады.
Азаматтардың келісімінсіз немесе жалған мәліметтер негізінде медициналық мекемеге тіркеу заңбұзушылық болып саналады. Егер тіркеу сіздің қалауыңызсыз жасалған болса, eGov.kz порталы арқылы өзіңізге ыңғайлы емханаға қайта тіркеліңіз. Сонымен қатар, жалған тіркеу фактісі бойынша шағым қалдыру қажет. Емханаға жалған тіркеу бюджет қаржысын заңсыз иеленуге жатады.
Біле жүріңіз, қажет болған жағдайда жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша, тұрғылықты мекен-жайын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстыруына байланысты және медициналық ұйым қайта ұйымдастырылса немесе таратылса емхананы өзгертуге болады. Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылай алуы үшін тұрғылықты жеріне тікелей жақын мекемені таңдау ұсынылады.
Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулық күніне орай өткен іс-шара
20 наурыз – Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулық күні

ҰЛТТЫҚ КИІМ — ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ КӨРІНІСІ
Ұлттық киім күніне орай Шу қалалық емханасының қызметкерлері ұлттық нақыштағы киім киіп, мерекенің мәнін арттырды.
Бұл бастама – ата-бабадан мұра болып қалған салт-дәстүрді ұлықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі.
Ұлттық киім – тек сән емес, тарих, мәдениет және ұлттың болмысын айқындайтын асыл қазына. Осындай игі шаралар арқылы төл мәдениетімізге деген құрмет арта түседі.

Адамның иммун тапшылығы вирусы
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы)
– иммундық жүйені зақымдайтын вирус.
Егер дер кезінде ем қабылданбаса, ол СПИД-ке (синдром приобретённого иммунодефицита) әкелуі мүмкін. 
– Қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде 
– Қан арқылы 
– Таза емес инелерді қолдану кезінде
– Анадан балаға 
– Қол алысу 
– Құшақтау 
– Бір ыдысты пайдалану 
– Жөтелу немесе түшкіру 
– Қорғану құралдарын қолдану 
– Тұрақты медициналық тексеру
– Стерильді құралдарды пайдалану
– Салауатты өмір салты 
Ерте анықтау және емдеу арқылы адам ұзақ әрі белсенді өмір сүре алады. 


Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар (ЖЖБИ)
Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар – бұл қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде берілетін жұқпалы аурулар.
Олар ерлер мен әйелдерде де кездесуі мүмкін.
Ең жиі таралатын түрлері:
АИТВ (ВИЧ) 
Мерез
Гонорея
Хламидиоз
Папилломавирус (HPV)
– Күшті бөлінділер
– Қышу, күйдіру сезімі
– Іштің төменгі бөлігінің ауыруы
– Терідегі бөртпелер
– Қорғану құралдарын қолдану (презерватив) 
– Тексеруден уақытылы өту
– Сенімді серіктес
– Дәрігер кеңесіне жүгіну
Егер қандай да бір белгі байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. 

ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ РУХЫ
Бүгін – Ұлттық киім күні 
Бұл күн – ата-бабамыздан қалған асыл мұраны ұлықтайтын, тарихымыз бен мәдениетімізді дәріптейтін ерекше мереке.
Қазақтың ұлттық киімі – тек сән емес, ол терең мәнге ие. Әр ою-өрнек, әрбір нақыш – халқымыздың болмысын, дүниетанымын бейнелейді 
Ұлттық киім кию – өткенге тағзым, болашаққа аманат. Бүгінгі ұрпақ ата дәстүрін жалғап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тиіс 
Киім арқылы тарих сөйлейді…
Ал біз сол тарихты мақтанышпен жалғастырамыз!
