Егер адам сақтандырылмаған болса, бірақ оған шұғыл медициналық көмек қажет болса не істеу керек?

Шұғыл медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді. Ол үшін сақтандырылған мәртебеcі қажет емес.
Бұл қызметтерге жедел жәрдем шақыру, жарақаттар, соққылар, күйіктер, жедел жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету кіреді. Қажет болған жағдайда шұғыл операция да жасалуы мүмкін.
Ал МӘМС жүйесіне жоспарлы түрде көрсетілетін медициналық қызметтер кіреді. Олардың қатарында бейінді мамандардың қабылдауы, диагностикалық зерттеулер, жоспарлы операциялар және оңалту қызметтері бар.

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА – АУРУДАН ҚОРҒАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Күз-қыс мезгілінде тұмау ауруының таралу қаупі артады. Осы кезеңде инфекцияның алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі – тұмауға қарсы вакцина алу.
Вакцина не үшін қажет?
Тұмауға қарсы вакцина ағзада вирусқа қарсы иммунитет қалыптастырады. Ол тұмауды жұқтыру қаупін азайтып қана қоймай, ауру жұқтырған жағдайда оның жеңіл өтуіне, пневмония сияқты ауыр асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
Тұмау вирусы жыл сайын өзгеріп отыратындықтан, вакцина құрамы да маусым сайын жаңартылады. Сондықтан екпені жыл сайын қайталап алу ұсынылады.
Вакцинаны кімдер алуы керек?
Тұмауға қарсы екпе әсіресе: – 65 жастан асқан азаматтарға; – жүкті әйелдерге; – 5 жасқа дейінгі балаларға; – созылмалы аурулары бар адамдарға; – иммунитеті әлсіреген азаматтарға; – медицина қызметкерлеріне ұсынылады.
Дегенмен вакцинация тек осы санаттармен шектелмейді. Денсаулығында қарсы көрсетілімдері жоқ өзге азаматтар да екпе ала алады.
Вакцина қалай әсер етеді?
Екпеден кейін ағзада тұмау вирусына қарсы қорғаныш антиденелері қалыптасады. Толық иммундық жауап әдетте 14 күн ішінде пайда болады. Сондықтан вакцинаны тұмау маусымы басталмай тұрып алған жөн.
Вакцина қауіпсіз бе?
Тұмауға қарсы қолданылатын белсенділігі жойылған вакциналар тұмау ауруын туындатпайды. Екпеден кейін ине салынған жердің қызаруы, аздап ауыруы, дене қызуының көтерілуі немесе әлсіздік байқалуы мүмкін. Бұл белгілер, әдетте, 1-2 күн ішінде басылады.
Вакцина құрамындағы компоненттерге ауыр аллергиялық реакциясы болған адамдарға екпе салу мәселесі жеке қарастырылады. Ал жедел ауру немесе дене қызуы көтерілген жағдайда вакцинация уақытша кейінге қалдырылуы мүмкін.
Есте сақтаңыз!
Тұмауға қарсы вакцина 100 пайыз кепілдік бермегенімен, аурудың ауыр өтуі мен қауіпті асқынулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Құрметті тұрғындар!
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, тұмауға қарсы вакцина алыңыз. Вакцинациядан өту және қосымша ақпарат алу үшін тіркелген емханаңызға жүгініңіз.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар МӘМС жүйесінде қалай сақтандырылады?

2026 жылдан бастап оларған арнайы салық режимі енгізілді. Табыстың небәрі 1%-ы МӘМС жарнасына бағытталады.

📲 Жаңа «МӘМС: керек-дерек» айдарында толығырақ түсіндіреміз!

#МӘМСЖАМБЫЛ #ӘМСҚЖАМБЫЛ

МӘМС аясында не істеуге болады?

Егер көру қабілетіңіз нашарласа, алдымен емханадағы учаскелік дәрігерге жүгініңіз. Ол жағдайыңызды бағалап, көрсеткіштер болса, офтальмолог дәрігерге жолдама береді.

Алдымен бастапқы тексерулер жүргізіледі. Офтальмолог тексеру нәтижелері бойынша операция немесе басқа емдеу тәсілінің қажеттілігін анықтайды.

Емдеу форматы:
— Амбулаторлық ем;
— Күндізгі стационар – операциялар, соның ішінде көздің мөлдір қабығын ауыстыру;
— Түнгі стационар – глаукома және басқа аурулар кезінде лазердің көмегімен жасау.

МӘМС жүйесі көз жарақаттары, глаукома, катаракта, медицина көрсеткіштері бойынша көздегі ісіктерді алу, МӘМС тізіміне кіретін өзге де қызметтерді өтеп береді.

#МӘМСЖАМБЫЛ #ӘМСҚЖАМБЫЛ

МӘМС-ке не кіреді?

МӘМС пакетіне не кіреді? Бейінді мамандардың кеңесі мен тексерулерден бастап күрделі ота мен оңалтуға дейін. Карусельде қандай көмек түрін алуға болатынын айтамыз.
🛡️ Қазақстандағы МӘМС моделі бірегей. Еліміздегі медициналық сақтандыру жүйесі терапевтке қаралудан бастап, озық операциялар мен қажетті дәрі-дәрмектерге дейінгі медициналық көмектің шектеусіз тізбегін алуға мүмкіндік береді.
🌍 Әлемдік практикада әдетте екі сценарийдің бірі басым: сақтандырумен кепілдендірілген медициналық көмек тізбегі не қатаң шектеледі, не кең ауқымды кепілдік пациент тарапынан ішінара қосымша төлем жасауды көздейді. Біздің жүйе бастапқы медициналық көмектен бастап, кардиохирургия, нейрохирургия немесе буындарды ауыстыру сияқты жоғары технологиялық операциялар мен технологияларға дейінгі қолжетімді медициналық көмек принципін қамтамасыз етіп, кедергіні сәтті еңсереді.
👉 Толығырақ білу үшін карточкаларды парақтаңыз.

ТУБЕРКУЛЕЗДЕН САҚТАНАЙЫҚ!

Туберкулез – көбіне өкпені зақымдайтын, ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру. Дер кезінде анықталып, дұрыс ем қабылданған жағдайда туберкулезді емдеуге болады.
⚠️ Негізгі белгілеріне назар аударыңыз:
• 2 аптадан ұзаққа созылған жөтел;
• дене қызуының ұзақ уақыт жоғары болуы;
• түнде көп терлеу;
• әлсіздік, тез шаршау;
• тәбеттің төмендеуі және салмақ жоғалту;
• кеуде тұсының ауырсынуы;
• қақырықта қанның байқалуы.
🩺 Осындай белгілердің бірі байқалса, өздігінен ем қабылдамай, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Туберкулезді ерте анықтау – тиімді емделудің және инфекцияның таралуын болдырмаудың маңызды шарты.
🔬 Алдын алу үшін:
• профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өтіңіз;
• балаларға БЦЖ вакцинациясын ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес алыңыз;
• бөлмені жиі желдетіп, тазалық сақтаңыз;
• дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз;
• жөтелу және түшкіру кезінде санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтаңыз.
💚 Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз! Туберкулездің алдын алу – әр адамның өзінен басталады.

МӘМС қарапайым тілде

«МӘМС қарапайым тілде» деп аталатын көлемді материал дайындадық. Мақалада медициналық сақтандыруға қатысты негізгі сұрақтарға жауап жинақталған.
Сіз аударған жарна қайда жұмсалады? ТМККК мен МӘМС пакетіне не кіреді? Кім және қанша төлейді? Қажетті тексеруден немесе емнен қалай өтуге болады? Егер сізге медициналық көмек көрсетуден бас тартса немесе оның ақысын төлеуді ұсынса, не істеу керек?
Жүйенің қалай жұмыс істейтінін және өз құқықтарыңызды қорғау үшін қайда жүгіну керегін түсіндіреміз.
Материалды Қор сайтынан (msqory.kz) оқи аласыз.
Егер материалды оқып шыққаннан кейін сұрақ қалса, біздің сайтта «МӘМС-гид» нұсқаулық бөлімі бар. Ал «Өтініш беру» сервисі арқылы Қорға тікелей жүгіне аласыз.

ДЕНСАУЛЫҚ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ

Төле би атындағы орта мектеп оқушыларымен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы және адам папиллома вирусы (АПВ) тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

✨ Кездесу барысында оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, жеке гигиенаны сақтау, салауатты өмір салтын ұстану және АПВ-ның алдын алу жолдары туралы маңызды ақпараттар берілді.

🩺 Сонымен қатар, АПВ вакцинациясының маңызы түсіндіріліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Жас ұрпақтың дені сау болуы — баршамызға ортақ міндет!

💙 Денсаулығыңды қорға — болашағыңды ойла!

ҚҰТЫРУДАН САҚТАНАЙЫҚ!

Құтыру – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру көбіне құтырған немесе вирус жұқтырған жануардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейінің жарақаттанған теріге және шырышты қабатқа түсуі арқылы адамға жұғады.
⚠️ Құтырудың ең қауіпті ерекшелігі – аурудың клиникалық белгілері пайда болғаннан кейін оның соңы өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан жануармен байланыстан кейін уақыт жоғалтпай медициналық көмекке жүгіну өте маңызды.
🐕 Құтырудың алдын алу үшін:
үй жануарларын уақытылы ветеринарлық тексеруден өткізіп, құтыруға қарсы вакцинация жасатыңыз;
қараусыз және жабайы жануарларға жақындамаңыз;
жануардың мінез-құлқындағы әдеттен тыс өзгерістерге сақ болыңыз;
балаларға бейтаныс жануарларды ұстамау керектігін түсіндіріңіз;
үй жануарыңызды өз бетіңізше көшеге жібермей, бақылауда ұстаңыз.
🩹 Егер жануар тістеп немесе тырнап алса:
Жараны дереу сабынмен және ағын сумен мұқият жуыңыз.
Жараны өз бетіңізше қатты таңып немесе тіктіріп тастамаңыз.
Мүмкіндігінше тез арада медициналық ұйымға жүгініңіз.
Дәрігердің тағайындауы бойынша құтыруға қарсы профилактикалық екпелерді толық алыңыз.
❗ Жануардың сау немесе құтырғанын өз бетіңізше анықтауға болмайды. Тістеген жануар үй жануары болса да, медициналық көмекке жүгінуді кейінге қалдырмаңыз.
💚 Құтырудың алдын алудың ең тиімді жолы – жануарлармен қауіпсіз қарым-қатынас жасау және жануармен байланыстан кейін медициналық көмекті дер кезінде алу.
Денсаулыққа жауапкершілікпен қарайық! Құтырудан сақтанайық!