МӘМС төлемін қалай дұрыс жасауға болады?

МӘМС төлемін қалай дұрыс жасауға болады? Қандай төлем түрін таңдау керек және төлем жасамас бұрын нені тексерген жөн?
«МӘМС: керек дерек» айдарында жарналар мен аударымдардың айырмашылығын және төлем кезінде қателерге жол бермеу жолдарын түсіндіреміз.
#ӘМСҚЖАМБЫЛ #МӘМСЖАМБЫЛ

ҚҰТЫРУ – ӨМІРГЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН АУРУ

Құтыру – адам мен жануарларға ортақ қауіпті вирустық ауру. Ол көбіне ауру жануардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейі арқылы жұғады.
🐕 Сақтану жолдары: • Қаңғыбас және белгісіз жануарларға жақындамаңыз. • Үй жануарларын уақытылы құтыруға қарсы вакцинациялаңыз. • Балаларды бөтен жануарлармен ойнаудан сақтандырыңыз.
❗ Жануар тістеп немесе тырнап алса:
Жараны сабынмен ағынды су астында кемінде 15 минут жуыңыз.
Дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Дәрігер тағайындаған екпелерді толық алыңыз.
‼️ Есіңізде болсын! Құтыру белгілері пайда болғаннан кейін ауру көбіне өлімге әкеледі. Сондықтан уақытылы медициналық көмекке жүгіну – өміріңізді сақтап қалудың маңызды қадамы!
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!

Денсаулық сақтау жүйесінің өзегінде адам тұр: кім неге жауапты?

Талдау нәтижелерін кім түсіндіреді? Дәрігердің қабылдауына жазыла алмасаңыз, медициналықкөмек үшін ақы төлеуді талап етсе немесе емніңсапасына күмән туса, қайда жүгіну керек? Қор кезкелген адам тап болуы мүмкін жағдайлар туралы карточкалар топтамасын дайындады.
Түсінікті мысалдармен дәрігердің, емхананың, пациенттіқолдау қызметінің, Қор мен мемлекеттік органдар не үшін жауап беретінін түсіндіреміз.

СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫ: ЕРТЕ АНЫҚТАУ – ӨМІРГЕ ҮМІТ

Сүт безі обыры – әйелдер арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Бұл дерт сүт безі жасушаларының қалыптан тыс өсуі нәтижесінде пайда болады. Ауруды бастапқы кезеңде анықтап, дер кезінде емдеу оның асқыну қаупін төмендетіп, сауығу мүмкіндігін арттырады. Сондықтан әрбір әйел өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуі маңызды.
Аурудың негізгі белгілері қандай?
Сүт безі обыры бастапқы кезеңде ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Дегенмен мынадай өзгерістерге назар аударған жөн:
сүт безінде немесе қолтық астында түйіннің пайда болуы;
сүт безінің пішіні мен көлемінің өзгеруі;
терінің тартылуы, қызаруы немесе «апельсин қабығы» тәрізді өзгеруі;
емізік ұшының ішке қарай тартылуы;
емізіктен өздігінен сұйықтық, әсіресе қан аралас бөліндінің шығуы;
сүт безі аймағындағы тұрақты ауырсыну немесе жайсыздық.
Бұл белгілердің болуы міндетті түрде қатерлі ісік бар дегенді білдірмейді. Алайда қандай да бір өзгерісті байқаған жағдайда дәрігерге қаралып, қажетті тексерулерден өту керек.
Аурудың даму қаупін арттыратын факторлар
Сүт безі обырының пайда болуына жас ұлғаюы, тұқым қуалайтын бейімділік, отбасында осы аурудың кездесуі, гормондық ерекшеліктер, артық салмақ, алкоголь тұтыну және физикалық белсенділіктің төмендігі әсер етуі мүмкін. Дегенмен қауіп факторларының болуы адамның міндетті түрде ауыратынын білдірмейді. Бұл ауру кейде ешқандай айқын қауіп факторы жоқ әйелдерде де кездеседі.
Алдын алу және ерте анықтау
Сүт безі обырының барлық жағдайының алдын алу мүмкін болмаса да, ауруды ерте анықтауға бағытталған шаралардың маңызы зор. Ол үшін әйелдерге:
дәрігер ұсынған мерзімде профилактикалық тексеруден өту;
жасына және жеке қауіп факторларына сәйкес маммография немесе басқа да қажетті зерттеулерден өту;
сүт безіндегі өзгерістерге назар аудару;
дене белсенділігін сақтау, дұрыс тамақтану және салмақты қалыпта ұстау;
күмәнді белгілер байқалған жағдайда дәрігерге жүгінуді кейінге қалдырмау ұсынылады.
Есте сақтаңыз: сүт безі обыры ерте кезеңде анықталған жағдайда емдеу нәтижесі анағұрлым қолайлы болуы мүмкін. Сондықтан өз денсаулығыңызға бейжай қарамай, тұрақты тексеріліп тұрыңыз. Уақытылы жасалған қадам өміріңізді сақтап қалуы мүмкін.

ЖРВИ: инфекцияның алдын алу – денсаулық кепілі

Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) – тыныс алу жолдарын зақымдайтын, ауа-тамшы жолы арқылы таралатын жұқпалы аурулар тобы. Әсіресе күз-қыс мезгілінде аурудың таралу қаупі артады. Инфекция адамнан адамға жөтелгенде, түшкіргенде және науқаспен жақын қарым-қатынаста болғанда жұғуы мүмкін.
🤒 ЖРВИ-дің негізгі белгілері:
дене қызуының көтерілуі;
мұрынның бітелуі немесе су ағуы;
тамақтың ауыруы;
жөтел;
бас ауруы, әлсіздік;
бұлшықеттердің сырқырауы.
🛡️ Аурудың алдын алу үшін не істеу керек?
✅ Қолды сабынмен жиі жуыңыз және антисептик қолданыңыз.
✅ Бөлмені үнемі желдетіп, ылғалды тазалау жүргізіңіз.
✅ Адам көп жиналатын орындарда сақтық шараларын ұстаныңыз.
✅ Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен немесе шынтақтың ішкі жағымен жабыңыз.
✅ Дұрыс тамақтанып, жеткілікті ұйықтап, ағзаның қорғаныс қабілетін нығайтыңыз.
✅ Ауру белгілері байқалса, үйде қалып, өзгелерге жұқтыру қаупін азайтыңыз және дәрігерге қаралыңыз.
⚠️ Маңызды! Дәрігердің кеңесінсіз антибиотиктерді қабылдамаңыз. Антибиотиктер вирустарға әсер етпейді. Өзін-өзі емдеу аурудың асқынуына әкелуі мүмкін.
🏥 Шу қалалық емханасы тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, жеке гигиена ережелерін сақтауға және ауру белгілері пайда болған жағдайда уақытылы медициналық көмекке жүгінуге шақырады.
Денсаулықты сақтау – өз қолыңызда!

«Қызғылт қазан» акциясы аясында ашық есік күні өткізілді

🎗️ Шу қалалық емханасы «Әділет» партиясымен бірлесіп, сүт безі қатерлі ісігінің алдын алуға бағытталған «Қызғылт қазан» акциясы аясында ашық есік күнін өткізді.
🩺 Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу, ауруды ерте кезеңде анықтаудың маңыздылығын түсіндіру және тұрғындардың денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру.
👩‍⚕️ Ашық есік күні барысында әйелдерге медициналық кеңестер беріліп, сүт безі қатерлі ісігінің қауіп факторлары, аурудың алғашқы белгілері және оның алдын алу жолдары туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, мамандар тұрақты түрде медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтағы өзгерістерге бейжай қарамаудың маңыздылығын атап өтті.
💗 Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау – ауруды тиімді емдеудің маңызды алғышарты. Сондықтан әрбір әйел өз денсаулығына мұқият қарап, дәрігерге уақытылы қаралып, профилактикалық тексерулерден өтіп тұруы қажет.
🎗️ «Қызғылт қазан» акциясы әйелдердің денсаулығын қорғауға, аурудың алдын алу мәдениетін қалыптастыруға және онкологиялық аурулар туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Жылы сөз — шынайы еңбектің бағасы!

Медицина саласындағы әрбір маман үшін пациенттің алғысы мен сенімі — үлкен мәртебе. 🩺🤍

Бүгінгі алғыс — өз ісіне адалдықпен қарап, әр пациентке мейіріммен, жанашырлықпен және жауапкершілікпен қарайтын маманымыздың еңбегіне берілген ерекше баға.

Осындай жүрекке жылу сыйлайтын сөздер медицина қызметкерлеріне шабыт беріп, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. 🌷

Ақ халатты абзал жандарға көрсеткен сенімдеріңіз бен білдірген алғыстарыңыз үшін рақмет! 💐

Әрбір ізгі сөз — біз үшін үлкен қуаныш, әрбір алғыс — еңбегімізге берілген баға! ❤️

#ШуҚалалықЕмханасы #Алғыс #МедицинаҚызметкерлері #АқХалаттыАбзалЖандар #МейірімМенҚамқорлық

 

 

Туберкулез – қауіпті жұқпалы ауру

Туберкулез – көбіне өкпені зақымдайтын, ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру. Оны туберкулез микобактериялары тудырады. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлегенде ауаға бөлінетін бактериялар арқылы жұғуы мүмкін.
Аурудың негізгі белгілері:
Екі аптадан астам уақытқа созылған жөтел;
Дене қызуының көтерілуі;
Түнде шамадан тыс терлеу;
Әлсіздік пен тез шаршау;
Тәбеттің төмендеуі және салмақ жоғалту;
Кеуде тұсының ауыруы;
Кейде қақырықта қанның болуы.
Туберкулездің алдын алу жолдары:
Туберкулездің алдын алуда БЦЖ вакцинасының маңызы зор. Ол әсіресе балаларды аурудың ауыр түрлерінен қорғайды. Сонымен қатар бөлмені жиі желдету, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану және медициналық тексерулерден уақытылы өту қажет.
Ауруды ерте анықтау үшін флюорографиялық тексеруден жүйелі түрде өтіп тұру маңызды. Егер туберкулезге тән белгілер байқалса, өздігінен емделмей, дереу дәрігерге қаралу керек.
Есіңізде болсын! Туберкулез – емделетін ауру. Ең бастысы – оны дер кезінде анықтап, дәрігер тағайындаған емді толық әрі үздіксіз қабылдау. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!

Жамбыл облысында халыққа арналған «Ашық есік күні» өтті

Жамбыл облысындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында тұрғындарға арналған «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы «Januya Medical Center» ЖШС медициналық орталығымен бірлесіп өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты – халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету, тұрғындардың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы ақпараттандыру.
Іс-шара барысында тұрғындар білікті дәрігерлердің қабылдауында болып, денсаулық жағдайына қатысты тегін кеңес алды. Медицина мамандары денсаулық көрсеткіштерін тексеріп, салауатты өмір салтын ұстану және аурулардың алдын алу бойынша ұсыныстар берді.
Сонымен қатар Қор филиалының бөлім басшысы Дәурен Бурханов МӘМС жүйесінің негізгі бағыттары, мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы кеңінен түсіндірді. Қор мамандары тұрғындарға сақтандырылған мәртебені алу жолдары, МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметтер және оларды алу тәртібі жөнінде ақпарат беріп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай акциялар тұрғындардың медициналық қызметтер туралы хабардарлығын арттыруға, медициналық көмектің қолжетімділігін түсіндіруге және халықтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Алдағы уақытта «Ашық есік күні» акциялары қаладағы емханаларда өз жалғасын табады. Тұрғындар білікті мамандардан кеңес алып, МӘМС жүйесіне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болады.

ТҮЙНЕМЕ – ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ!

Түйнеме (сібір жарасы) – адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауруды Bacillus anthracis бактериясы қоздырады. Инфекция көбіне ауру малдан, оның еті мен терісінен, сондай-ақ ластанған топырақ арқылы жұғады.
Ауру қалай жұғады?
🔹 Ауру немесе мәжбүрлі сойылған малды күту, сою және етін бөлшектеу кезінде;
🔹 Ветеринариялық тексеруден өтпеген етті тұтынғанда;
🔹 Жануардың терісі, жүні және басқа да өнімдерімен жанасқанда;
🔹 Ауру қоздырғышы түскен топырақпен байланыста болғанда.
Аурудың негізгі белгілері:
🔸 Дене қызуының көтерілуі;
🔸 Әлсіздік, бас ауруы;
🔸 Терінің қышуы, қызаруы;
🔸 Жұққан жерде көпіршік пайда болып, кейін ортасында қара қабыршақ қалыптасуы; 🔸 Кейбір жағдайларда іштің ауыруы, жүрек айну және тыныс алудың қиындауы мүмкін.
Сақтану жолдары:
✅ Етті тек ветеринариялық бақылаудан өткен, арнайы рұқсаты бар орындардан сатып алыңыз.
✅ Ауру немесе кенеттен өлген малдың етін пайдаланбаңыз.
✅ Мал сою жұмыстарын ветеринариялық талаптарды сақтай отырып жүргізіңіз.
✅ Малдың ауру белгілері байқалса, дереу ветеринар маманға хабарласыңыз.
✅ Күдікті етті сатып алмаңыз және тұтынбаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Түйнеме – адам өміріне қауіп төндіретін ауру. Егер ауруға күдікті малмен немесе етпен байланыста болғаннан кейін жоғарыда аталған белгілер байқалса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Өз бетіңізше ем қабылдамаңыз.
Аурудың алдын алу – әр адамның жауапкершілігі!