Жолдауға – қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа бақылау жүйесін жасанды интеллект негізінде құруды тапсырды.

Осыған байланысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жамбыл облыстық филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова Жолдауда Қорға жүктелген міндеттер туралы айтып берді.

– Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында денсаулық сақтау саласына, соның ішінде Қор жұмысына ерекше көңіл бөліп келеді. Биылғы Жолдау да осы бағыттағы стратегиялық мақсаттарды нақтылап берді. Атап айтқанда, медициналық көмектің сапасын арттыру және оны тұрғындарға қолжетімді ету үшін жаңа технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті енгізу міндеттелді, – деді филиал басшысы.

Ғайни Төленқызының айтуынша, бұл бағытта алғашқы нақты қадамдар жасалып та үлгерген. Жамбыл облысында медициналық қызметтерге ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде «Мониторинг» модулі енгізіліп, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап пилоттық режимде іске қосылған. Ал 1 шілдеден бастап жүйе толық жұмыс істей бастады.

Қазіргі таңда Қор филиалы облыстағы 109 медициналық ұйыммен шарт жасасқан. Бірыңғай төлем жүйесінің алғашқы кезеңі аясында 20-дан астам автоматтандырылған мониториг алгоритмі енгізілді. Бұл жүйе арқылы медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтері заңнама мен стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан автоматты түрде тексеріледі. Кемшіліктер мен сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жүйе бірден белгі беріп, жедел шара қабылдауға мүмкіндік береді.

– Бұл тәсіл бізге нақты ақауларды уақытылы анықтап, қызмет сапасын бақылауды күшейтуге жол ашады. Жолдауда айтылғандай, 2025 жылдың соңына дейін жасанды интеллект негізінде толыққанды мониторинг жүйесін құру көзделіп отыр. Мұндай технологиялар тәуекелдерді болжауға, ресурстарды тиімді бөлуге және ең бастысы – халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге сеп болмақ, – деп түйіндеді Ғайни Аймағанбетова.

@baq.kaz

#ӘМСҚЖАМБЫЛ #МӘМСЖАМБЫЛ

Аса қауіпті инфекциялардың, соның ішінде Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының (ҚКГҚ) алдын алу бойынша семинар өткізілді

Аса қауіпті инфекциялардың, соның ішінде Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының (ҚКГҚ) алдын алу бойынша семинар өткізілді.

   

Жиын өтті

А. Макаренко орта мектебінің әкімшілігі ұйымдастырған ата-аналар жиналысында буллинг, кибербуллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен тұмаудың алдын алу, және мектеп оқушыларының күн тәртібі, оқу барысындағы мектеп формалары жөнінде жиын өткізілді.

Қанның қатерлі ісігі

Қан обыры – бұл жілік майы жасушаларының жұмысы бұзылуы салдарынан туындайтын және бауыр, көкбауыр мен лимфа жүйесін қоса алғанда бүтіндей қан түзу жүйесінің жұмысын бұзатын қатерлі ісік ауруларының бір тобының атауы. Онкологтар оларды гемобластоз деп атайды және мутацияланған жасушалардың орналасуына қарай жіктейді. Егер қатерлі ісік жасушалары жілік майында пайда болса, онда олар лейкоздар. Ал егер қатерлі жасушалар жілік майынан тыс туындаса, онда ол ауруды гематосаркомаға жатқызады. Егер қатерлі ісік жетілген лимфоциттерді зақымдаса, онда сирек кездесетін лимфоцитома ауруы пайда болады.
Гемабластаз кезінде обыр жасушалары кез келген органды және міндетті түрде жілік майын зақымдайды.

СЕБЕПТЕРІ:
Ғалымдар әзірше қанның қатерлі ісігі туындауының нақты себептерін анықтай алған жоқ. Бірақ осы ауруды «арандатушы» факторларды анықтады:
радиоактивті сәулелену және радиациялық ортаның көп болуы;
экологиялық проблемалар;
зиянды химиялық заттар (бензол, пестицидтер);
дұрыс тамақтанбау;
басқа онкологиялық ауруды емдеу үшін сәулелену немесе химиотерапия қолдану;
АИТВ және басқа ауыр аурулар;
артық салмақ;
темекі шегу мен алкогольді ішімдікті асыра пайдалану;
тұқым қуалаушылық;
Даун синдромы.
Лейкоз ауруына кез келген адам шалдығуы мүмкін. Алайда медицина мамандарының айтуынша, 50 жастан асқан адамдар осы ауру түрі туындау қаупі жоғары топқа жатады. Себебі бұл жаста жасушалардың қайта түзілу ықтималдылығы артады және емдеу айтарлықтай тиімді болмайды. Әйтсе де лейкоз балалар мен жасөспірімдер арасында көп кездеседі. Дәрігерлер науқас неғұрлым жас болса, ремиссияға, яғни ауруды толық жеңуге деген мүмкіндік те соғұрлым жоғары болатынын айтуда.

ҚАН ОБЫРЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:
Бастапқы сатыларда:
бас ауруы және айналуы;
нашар тәбет;
температураның себепсіз көтерілуі;
әлсіздік және шаршаңқылық;
жиі инфекциялар;
күрт салмақ жоғалту.

Кейінгі сатыларда:
ерін мен тырнақтың көкшіл реңі;
есінен тану;
тахикардия;
жоғары температура;
тыныс алу проблемалары және құрысулар;
мұрыннан жиі қан кету;
сүйектер мен буындардағы ауырсыну және сырқырау;
терідегі бөртпе;
лимфа түйіндерінің ұлғаюы;
дененің көгеруі;
жаралардың нашар жазылуы;
бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы және іштің кебуі.
Қанның қатерлі ісігін емдеу
Соңғы жылдары медицина қан обырының жекелеген түрлерін емдеуде және түбегейлі жеңуде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Алайда ауруды бастапқы кезеңде анықтау оны жеңудегі ең негізгі талаптың бірі болып қалып отыр.

Диагностика
Кейде лейкозды анықтау үшін қарапайым қан талдауы жеткілікті. Бірақ көбінесе күрделі талдаулар мен процедураларды жасау қажет болады. Зерттеудің негізгі түрлерінің бірі – жілік майының пункциясы. Алынған материалды микроскоппен зерттейді. Жілік майы жасушаларының құрылымына, химиялық құрамына және лейкоциттер санына басты назар аударады. Қатерлі жасушалардың дененің басқа мүшелеріне таралуына жол бермес үшін науқастарға жұлын пункциясы жасалады, жұлын сұйығы тексеріледі, бас сүйегінің, көкірек қуысының рентгенографиясы, лимфа түйіндерінің, бауыр мен көкбауырдың ультрадыбыстық зерттеуі жасалады.

Аш ішек обыры: белгілері, себептері және емдеу жолдары

Аш ішек — адам ағзасындағы ас қорыту жүйесінің маңызды бөлігі. Ол асқазаннан кейін орналасып, тағамды қорыту мен пайдалы заттарды сіңіру қызметін атқарады. Бірақ, сирек те болса, бұл мүшеде қатерлі ісік пайда болуы мүмкін. Бұл ауру сирек кездескенімен, аса қауіпті, себебі ерте кезеңінде анықтау қиын.
🔹 Аш ішек обыры дегеніміз не?
Аш ішек обыры — аш ішектің ішкі қабырғасында пайда болатын қатерлі ісік. Ол ішектің әртүрлі бөлімдерінде дамуы мүмкін. Бұл ісіктер көбінесе баяу өседі, бірақ уақтылы емделмесе, басқа мүшелерге метастаз беруі мүмкін.
🔹 Себептері мен қауіп факторлары
Аш ішек обырының нақты себептері толық зерттелмеген, бірақ кейбір қауіп факторлары анықталған:
* **Тұқым қуалайтын аурулар** (мысалы, Линч синдромы, ФАП)
* **Созылмалы ішек аурулары** (Крон ауруы, целиакия)
* **Қоректену тәртібі** (майлы, қақталған тағамдарды шамадан тыс тұтыну)
* **Темекі шегу және алкоголь**
* **Радиация әсері**
* **Иммундық жүйенің әлсіреуі**
🔹 Белгілері
Аурудың алғашқы кезеңдерінде симптомдар байқалмауы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе келесі белгілер пайда болуы мүмкін:
* Іштің созылмалы ауруы немесе жайсыздық
* Тәбеттің төмендеуі
* Түсі өзгерген немесе қан аралас нәжіс
* Құсу немесе жүрек айну
* Кенеттен арықтау
* Әлсіздік, шаршағыштық
🔹 Диагностика
Аш ішек обырын анықтау үшін бірнеше медициналық тексеріс жүргізіледі:
* **Эндоскопия** (дуоденоскопия, капсула эндоскопиясы)
* **КТ (компьютерлік томография) немесе МРТ**
* **Биопсия** (ісіктен үлгі алып, зерттеу)
* **Қан анализдері** (анемия, ісік маркерлері)
🔹 Емдеу жолдары
Емдеу ісіктің түріне, орналасуына және таралу дәрежесіне байланысты жүргізіледі. Негізгі әдістер мыналар:
1. **Хирургиялық операция** – ісікті алып тастау (ең тиімді әдіс)
2. **Химиотерапия** – қатерлі жасушаларды жою
3. **Сәулелік терапия** – ісікке бағытталған радиациялық әсер
4. **Иммунотерапия** – ағзаның иммундық жүйесін ісікпен күресуге ынталандыру
🔹 Болжау және алдын алу
Ауру ерте кезеңде анықталса, емделу мүмкіндігі жоғары. Алайда, кеш анықталған жағдайда болжам нашар болуы мүмкін.

🔹 Болжау және алдын алу
Ауру ерте кезеңде анықталса, емделу мүмкіндігі жоғары. Алайда, кеш анықталған жағдайда болжам нашар болуы мүмкін.

Алдын алу шаралары:
* Дұрыс тамақтану (көкөніс, жеміс, талшықты тағамдар)
* Темекіден және алкогольден бас тарту
* Генетикалық бейімділігі бар адамдарға уақытылы скрининг
* Созылмалы ішек ауруларын бақылауда ұстау
🔹 Қорытынды
Аш ішек обыры — сирек кездесетін, бірақ аса қауіпті ауру. Оның алдын алу мен ерте диагностикалау — өмірді сақтап қалудың басты жолы. Кез келген күмәнді симптом байқалса, дәрігерге дер кезінде қаралу өте маңызды.

Емхана ұжымы сенбілікке шықты

Аудан әкімдігі мен аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелерінің бастамасымен ұйымдастырылған сенбілікке қаладағы барлық мекемелер, оның ішінде Шу қалалық емханасының да ұжымы бірауыздан атсалысты. Сенбілік барысында емхана қызметкерлері өздеріне белгіленген аумақты күл-қоқыстан тазартып, шөптерді шабу, талдарды әктеу секілді жұмыстарды атқарды.

Жамбыл облысында ТМККК және МӘМС көрсеткіштері сараланды

Бүгін облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі емдеу-алдын алу ұйымдарының бас дәрігерлері қатысқан кезекті аппараттық кеңес өтті.
Кеңестің басты тақырыбы – 2025 жылдың алғашқы алты айында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары. Жиында Жамбыл облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова кең көлемді баяндама жасап, негізгі көрсеткіштер мен проблемалық тұстарға тоқталды.
Басқосу барысында аймақтағы медициналық ұйымдардың қызмет сапасы сараланып, қол жеткізілген нәтижелер мен шешімін күткен мәселелер кеңінен талқыланды. Негізгі екпін өңір халқын сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз етуге, жүйенің тиімділігін арттыруға және ресурстарды ұтымды пайдалануға қойылды.
Кеңес қорытындысында барлық игерілмеген көлемдерге терең талдау жүргізу, оларды толық игеру бойынша нақты жоспар әзірлеу және бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жеке кәсіпкердің ешқандай табысы болмаса да, МӘМС-ке жарна төлеуі қажет пе?

Иә, МӘМС жүйесінде жарна төлеу міндеті жұмыс істеп тұрған ЖК болу фактісі бойынша туындайды және ол табысқа байланысты емес.
Егер жеке кәсіпкер ҚР Салық заңнамасына сәйкес салық есептілігін ұсынуды тоқтатса немесе «жұмыс істемейді» деп танылса, жарна төлеуден босатылады.

Шу қалалық емханасы Жастар денсаулығы орталығы мамандарының ұйымдастыруымен қыз балалармен өзара, қоғамдағы және отбасындағы қарым — қатынас жөнінде тренинг өтті

Шу қалалық емханасы Жастар денсаулығы орталығы мамандарының ұйымдастыруымен қыз балалармен өзара, қоғамдағы және отбасындағы қарым — қатынас жөнінде тренинг өтті.

Шу қалалық емханасының Жастар денсаулық орталығы мамандарының ер балалардың дұрыс тамақтануы мен шаш — тері- дене күтімі жөнінде өткізген сабақтан көрінісі

Шу қалалық емханасының Жастар денсаулық орталығы мамандарының ер балалардың дұрыс тамақтануы мен шаш — тері- дене күтімі жөнінде сабақ өткізді.