БАҚ өкілдері МӘМС-тегі офтальмологиялық қызмет түрлерімен танысты

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жамбыл облысы бойынша филиалы ұйымдастырған пресс-турда журналистер Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы-ның жұмысымен танысты.
Мамандар орталықта МӘМС аясында торлы қабықтың лазерлік коагуляциясы, катаракта және глаукоманы хирургиялық емдеу жүргізілетінін айтты.
2025 жылдан бастап орталықта витреоретиналдық хирургия енгізіліп, көздің терең құрылымдарына жоғары технологиялық операциялар жасалуда. 2025 жылдың наурыз айынан бері МӘМС аясында 100-ден астам операция орындалды.
Орталықтың жедел қызметі тәулік бойы жұмыс істейді.
Дереккөз: @jambylinfo

МӘМС мүмкіндіктері

Шу қаласының тұрғыны,зейнеткер Рақыш Қасымова Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығынакатарактаның асқынған түрі диагнозымен келіп түсті. Офтальмохирург МейірханСейдиновтың айтуынша, пациент заттарды анық көрмей тек жарықты ғана ажырата алған. Соның салдарынан Рақыш Қасымованың көру қабілеті күрт төмендеп, өз бетінше жүріп-тұруы қиындай түскен. Пациенттің отасы сәтті жасалды. Отадан кейін көзі шайдай ашылып, көру қабілеті жақсарған. Операция МӘМС есебінен қаржыландырылды.
«Орталыққа көзімкөрмей, қатты қиналып келіп едім. Шүкір, отам жақсы өтіп, жарық дүниені қайтакөрдім, Дәрігерлерге алғысым шексіз»,- дейді Р. Қасымова.

Жамбылда МӘМС аясында офтальмологиялық көмектің мүмкіндіктері таныстырылды

Жамбыл облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығында БАҚ өкілдеріне пресс-тур өтті.
Журналистер орталықтың заманауи диагностикалық жабдықтарымен, хирургиялық және лазерлік операциялар жүргізілетін бөлімдерімен танысты.
Орталықта МӘМС аясында торлы қабықшаның лазерлік коагуляциясы, катаракта мен глаукоманы хирургиялық жолмен емдеу қарастырылған.
«2025 жылдан бастап орталықта витреоретиналдық хирургия енгізілді — бұл көздің ең терең құрылымдарына жасалатын аса күрделі операциялар. Бұрын өңір пациенттері үшін қолжетімсіз болған. Енді жамбылдықтарға Алматы, Астана қалаларына барудың қажеті жоқ. Бұл ота былтырдан бастап өз облысымызда жасалады», — деді облыстық офтальмологиялық орталығының бас дәрігерінің орынбасары Жансая Сыдықова.
Жансая Әділханқызының айтуынша, торлы қабықшаның сылынуы, қант диабетінің салдарынан көздің шыны тәрізді денесіне қан құйылулар, жарақаттан болған көзбұршағының торлы қабықшаға люксациясы, көздің барлық қабықшаларының қабынуы, мкулярлық жыртылу диагноздары бар пациенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. 2025 жылдың наурыз айынан бастап МӘМС аясында 100-ден астам витреоретиналдық операция сәтті жүргізілді.
Орталықтың шұғыл қызметі облыс бойынша тәулік бойы, аптасына 7 күн, 24 сағат үздіксіз жұмыс істейді. Бұл көз жарақаттары мен жедел аурулар кезінде тұрғындарға кез келген уақытта көмек алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталықта жыл сайын көрсетілетін қызметтердің көлемі де артып келеді:
• Қабылдау бөлімі арқылы МӘМС және ТМККК аясында 1500-ден астам пациент ауруханаға жатқызылады;
• Травматологиялық пунктте 15 мыңнан астам пациент қабылданады;
• Консультативтік-диагностикалық бөлімде 16 мыңнан астам адам тексеруден өтеді;
• Күндізгі стационарда 2000-нан астам операция жасалады;
• Тәулік бойғы стационарда 1500-ден астам хирургиялық араласу орындалады.
Пресс-турдың басты мақсаты — халықты МӘМС жүйесі арқылы медициналық көмек алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету және өңір офтальмологиясының даму деңгейін көрсету.

АИТВ/ВИЧ/СПИД туралы маңызды ақпарат

АИТВ (Адам иммун тапшылығы вирусы) – бұл организмнің иммундық жүйесін әлсірететін вирус. ВИЧ инфекциясы ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтуі мүмкін, бірақ емделмесе, СПИДке (Синдром приобретённого иммунного дефицита) айналуы мүмкін.
💉 Жұғу жолдары:
Қан арқылы (инъекциялар, трансфузия)
Қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде
Анадан балаға босану немесе емізу арқылы
❌ Жұқтырмайтын жолдар:
Қол алысу, құшақтасу
Дастарқан, ыдыс-аяқ қолдану
Жөтел, түшкіру
🩺 Емдеу және алдын алу:
ВИЧ-тестілеуден өту ✅
Антиретровирустық терапия (АРТ) 💊
Қорғаныш құралдарын пайдалану (презерватив) 🛡️

Шу қалалық емханасында сейсмикалық жаттығу өткізілді

25 ақпан — Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін Шу қалалық емханасында сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Шара барысында жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмі түсіндіріліп, эвакуациялау тәртібі практикалық түрде пысықталды.
Қызметкерлерге қауіпсіз орынға жасырыну, электр құралдарын сөндіру, сабыр сақтап, белгіленген эвакуациялық шығу жолдары арқылы ғимараттан шығу тәртібі көрсетілді.
Жаттығу ұйымдасқан түрде өтіп, қызметкерлер белсенділік танытып, қауіпсіздік талаптарын сақтады. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдай кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.

Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар (ЖЖЖИ) туралы маңызды ақпарат

ЖЖЖИ – бұл жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекциялар. Оларға ВИЧ, гонорея, хламидиоз, сифилис, трихомониаз, генитальді герпес сияқты аурулар жатады. 😷
💡 Белгілері:
Қабыну, қышу, ауырсыну 💢
Сыртқы жыныс мүшелерінен бөлінулер 💦
Жыныстық қатынас кезінде ауырсынуды сезу 🤕
Кейде ешқандай белгілері болмайды, бірақ инфекция ағзада сақталуы мүмкін ❗
✅ Алдын алу:
Қорғаныс құралдарын (презерватив) пайдалану 🛡️
Серіктесті таңдамас бұрын тексеруден өту 🏥
Бір серіктеспен тұрақты қатынас 💑
Жыныстық қатынасқа дейін және кейін гигиеналық шараларды сақтау 🧼
Вакцинация мүмкін болса (мысалы, ВПЧ вакцинасы) 💉
⚠️ Ескерту:
Белгілер байқалса немесе қауіп төнсе, дереу дәрігерге қаралыңыз! ЖЖЖИ емделетін инфекциялар, сондықтан уақытында тексерту өте маңызды. ⏰
💬 Сұрақтарыңыз болса, емханамызға хабарласыңыз немесе жеке кеңес алыңыз. 👩‍⚕️👨‍⚕️

МӘМС аясында балаларға стоматологиялық көмек көрсетіледі

18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде көрсетіледі.
Шұғыл жағдайларда медициналық көмек тегін және белгіленген тәртіпке сәйкес қысқа мерзімде ұсынылады.
МӘМС аясындағы стоматологиялық қызметтер:
• жедел тіс ауруын емдеу;
• пульпит, периодонтитті емдеу;
• тісті жұлу (көрсеткіш бойынша);
• тісжегіні емдеу және пломба салу;
• сүт және тұрақты тістерді емдеу;
• жансыздандыру;
• профилактикалық тексерулер мен алдын алу шаралары.
Аталған қызметтер мемлекеттік стоматологиялық емханаларда және МӘМС жүйесімен келісімшарт жасасқан жекеменшік стоматологиялық клиникаларда көрсетіледі.
Балалардың денсаулығы – басты назарда.
#МӘМСЖАМБЫЛ #ОСМСЖАМБЫЛ

Бизнес үшін ұжымның МӘМС-тегі мәртебесі неге маңызды?

Кәсіпкерлер көбіне бизнес-процестердің үздіксіз жүруі мен табыс табуға баса назар аударады. Алайда компанияның қызметіне әсер етуі мүмкін бір маңызды тәуекел назардан тыс қалып жатады. Бұл – ұжымның денсаулығы.
Компания ресурстарынан айырылғанда жекелеген операциялар тоқтайды, мерзімдер бұзылады, тіпті келісімдер де жүзеге аспай қалуы мүмкін.
Сондықтан ең құнды актив – қызметкерлер. Егер оларға медициналық көмек қажет болса, олардың қорғалған болуы аса маңызды.
Қызметкерлеріңіз үшін жарналар мен аударымдар төлей отырып, сіз оларға МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді қолжетімді етесіз, ал өзіңіз үшін тұрақтылық пен қызметкерлердің амандығын қамтамасыз етесіз.
Дені сау ұжым – мықты бизнес! 🤝