Тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустар тудыратын аурулар

ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекция) – тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустар тудыратын аурулар тобы. Оларға тұмау, парагрипп, аденовирус, риновирус және басқа да вирустық инфекциялар жатады. Суық мезгілде жиі таралады.
Белгілері:
дене қызуының көтерілуі
тамақтың жыбырлауы, ауырсынуы
мұрын бітелуі немесе су ағу
жөтел
әлсіздік, бас ауруы
бұлшықет пен буындардың сырқырауы
Қалай жұғады:
ауа-тамшы жолымен (жөтелу, түшкіру кезінде)
науқас адаммен жақын қарым-қатынас арқылы
ластанған заттарды ұстағаннан кейін
Алдын алу жолдары:
✔ қолды жиі сабындап жуу
✔ бөлмені желдету
✔ адам көп жиналатын орындарда маска тағу
✔ дұрыс тамақтану, дәрумендер қабылдау
✔ иммунитетті күшейту
✔ науқас адамдармен байланысуды шектеу
Ауырған жағдайда:
үйде демалу
көп сұйықтық ішу
дәрігердің кеңесінсіз антибиотик қабылдамау
дене қызуы жоғары болса, дәрігерге қаралу
Егер температура 3 күннен ұзақ сақталса, тыныс алу қиындаса немесе жағдай нашарласа, міндетті түрде дәрігерге жүгініңіз.

Қазақстанда 3,6 миллионға жуық адам МӘМС жүйесіне қатыспайды

Қазір Қазақстанда 3,6 миллионға жуық адам МӘМС жүйесіне қатыспайды. Олардың шамамен 1 миллионы – әлеуметтік жағдайы дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейдегі тұрғындар. Яғни олардың МӘМС жарналарын төлеуге мүмкіндігі жоқ.
2026 жылдан бастап бұл азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейді. Осылайша оларға сақтандырылған мәртебесі беріліп, МӘМС аясында қажетті медициналық көмек ала алады.
Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен ресми тіркелген жұмыссыздар үшін жарна төленетін болады. Бұған дейін бұл төлемдер республикалық бюджеттен түсіп келді.
❗Сақтандырылған азаматтар үшін диагностика, дәрігерлердің кеңесі, жоспарлы операциялар, емдеу және оңалту қызметтері МӘМС аясында тегін көрсетілетінін есте сақтаңыздар. Медициналық көмек алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға тіркелу қажет.

Жекеменшік клиникаларда күрделі операциялар сәтті жүргізілуде

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеннен бері жамбылдықтар медициналық көмекті тек мемлекеттік мекемелерден ғана емес, сонымен қатар жекеменшік клиникалардан да алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл – сақтандыру жүйесінің басты артықшылықтарының бірі.
Пациент тіркелген емханасы арқылы МӘМС аясында қызмет көрсететін кез келген медициналық ұйымға жолдама ала алады. Мұндай жағдайда азамат медициналық қызмет үшін ақы төлемейді, себебі шығындар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен өтеледі.
Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Динара Есимова жоспарлы түрде «Эскулап» емдеу орталығында гинекологиялық ота жасатты. Пациенттің айтуынша, ота сәтті өткен, ал науқастың жағдайы жақсы, үйге шығуға дайындалып жатыр.
Айта кетейік, бұл ота МӘМС жүйесі аясында тегін жүргізілді.

АИТВ (ВИЧ) туралы не білу керек?

АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) – ағзаның қорғаныс жүйесін әлсірететін вирус.
СПИД – АИТВ инфекциясының соңғы сатысы.
📌 Вирус қалай жұғады?
✔️ Қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы
✔️ Қан арқылы (ортақ ине, стерильді емес құралдар)
✔️ Анадан балаға (жүктілік, босану, емізу кезінде)
❗ Қалай жұқпайды?
🚫 Қол алысу, құшақтасу
🚫 Бір ыдысты қолдану
🚫 Жөтелу немесе түшкіру арқылы
🚫 Қоғамдық орындарда бірге болу
🧪 Тексерілу маңызды!
АИТВ-ға тестілеу – тегін және құпия түрде жүргізіледі. Ерте анықтау – ұзақ әрі сапалы өмірдің кепілі ❤️
Заманауи ем (АРТ терапиясы) вирусты бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
👉 Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!
👉 Уақытылы тексеріліп, сақтық шараларын ұстаныңыз!

ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН ЖҰҒАТЫН ИНФЕКЦИЯЛАР (ИППП)

Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар (ЖЖЖИ) – қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы аурулар. Бұл инфекциялар денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіріп, дер кезінде емделмеген жағдайда ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
🔎 Ең жиі кездесетін инфекциялар:
ВИЧ-инфекция
СПИД
Сифилис
Гонорея
Хламидиоз
Трихомониаз
Гепатит B
Гепатит C
⚠️ Белгілері:
Жыныс мүшелерінен бөлінділердің пайда болуы
Қышу, ашыту, ауырсыну
Зәр шығару кезінде жайсыздық
Теріде бөртпе немесе жаралардың шығуы
Кейбір инфекциялар ешқандай белгі бермеуі мүмкін! Сондықтан тұрақты түрде тексеріліп тұру маңызды.
✅ Алдын алу жолдары:
Қорғаныш құралдарын (презерватив) қолдану
Бір тұрақты серіктеспен қарым-қатынаста болу
Жылына кемінде бір рет медициналық тексеруден өту
Вакцинация (гепатит В-ға қарсы)
👩‍⚕️ Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, уақытылы тексеріліңіз! Ерте анықталған инфекция толық емделеді.

Қызылша (корь) – қауіпті жұқпалы ауру

Қызылша – ауа арқылы тез таралатын, әсіресе балалар арасында жиі кездесетін жұқпалы ауру. Ол жоғары қызбамен 🌡️, жөтелмен 😷, көздің қабынуымен 👀 және денеге шығатын бөртпемен 🔴 көрінеді.
❗ Қауіптілігі неде?
Қызылша асқынған жағдайда:
өкпе қабынуына 🫁
құлақтың қабынуына 👂
ми қабынуына 🧠
әкелуі мүмкін. Кей жағдайларда өмірге қауіп төндіреді.
💉 Қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация!
Қызылшаға қарсы вакцина:
✅ аурудың алдын алады
✅ асқынулардан қорғайды
✅ ұжымдық иммунитет қалыптастырады.
👶 Вакцина қашан салынады?
Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға жоспарлы түрде тегін егіледі.
🤝 Өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғаңыз!
Уақтылы екпе алыңыз – бұл өзіңізге де, қоғамға да жауапкершілік ❤️
📍 Қосымша ақпарат алу үшін емхана дәрігерлеріне жүгініңіз.
💙 Денсаулығыңыз – басты байлығыңыз!

Базалық жүрек-өкпе реанимациясы – Basic Life Support (BLS)» тақырыбында оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды

Шу қалалық емханасында медициналық қызметкерлерге арналған «Алғашқы көмек көрсету. Базалық жүрек-өкпе реанимациясы – Basic Life Support (BLS)» тақырыбында оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар есінен тану, тыныс алудың тоқтауы және жүрек қызметі кенеттен тоқтаған жағдайларда алғашқы көмек көрсетудің негізгі алгоритмдерімен танысты. Сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясын уақтылы әрі дұрыс жүргізудің маңыздылығы түсіндіріліп, тәжірибелік жаттығулар өткізілді.
Тәжірибелік сабақты Innovation Taraz орталығының жетекшісі Саликов А.С. Шу қалалық емханасының медицина қызметкерлері арасында жүргізді.
Мұндай оқыту шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, төтенше жағдайларда науқастарға жедел әрі сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Пациент құқығы: Пациенттерді қолдау қызметі қалай жұмыс істейді?

Әрбір азамат сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алуға құқылы. Бұл құқық Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде бекітілген. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, медициналық қызмет сапасына, қызмет көрсету тәртібіне немесе медициналық персоналмен қарым-қатынасқа қатысты сұрақтар туындап жатады.
Мұндай жағдайда пациенттердің құқығын қорғау үшін медициналық ұйымдарда Пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді. Бұл қызмет әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облыстық филиалының бақылауында. Филиал директоры Ғайни Аймағанбетова атап өткендей, қызмет пациенттердің құқықтарын қорғауға және медициналық көмектің сапасын бақылауға бағытталған.
✅Қызметке келесі жағдайларда жүгінуге болады:
Медициналық көмектің сапасына қанағаттанбаған жағдайда;
Медицина қызметкерлерінің дөрекі немесе әдепсіз қарым-қатынасына тап болғанда;
Медициналық көмектің сапасы немесе көрсетілу тәртібіне қатысты өзге мәселелер туындағанда.
✅Пациенттерді қолдау қызметінің негізгі міндеттері:
Өтініштер мен шағымдарды жедел қарау;
Мәселелерді «Осы жерде және қазір» қағидаты бойынша шешу;
Құрылымдық бөлімше басшыларының уақытылы әрекет етуін қамтамасыз ету;
Өтініштерді комиссиялық тәртіпте объективті қарау.
Қор филиалы басшысы атап өткендей, барлық өтініштер қаралып, ресми жауап ұсынылады және пациенттердің құқықтары толық қорғалады.
Дереккөз: https://08info.kz/
#МӘМСЖАМБЫЛ #ӘМСҚЖАМБЫЛ