Пациенттерді қолдау қызметі – «осында және қазір» көмек көрсету.
Автор: gpshu
Қамқорлық – денсаулыққа бастар жол
Бүгін емханамызда целиакия диагнозымен есепте тұратын пациентке арнайы тағамдық өнімдер табысталды.
Целиакия кезінде дұрыс тамақтану мен глютенсіз диетаны сақтау – денсаулықты қалыпты ұстаудың маңызды бөлігі. Сондықтан пациенттерімізге медициналық көмек көрсетумен қатар, олардың қажеттіліктеріне көңіл бөліп, қолдау көрсету – біздің басты міндеттеріміздің бірі. 🤍
Біз үшін әр пациенттің денсаулығы мен әл-ауқаты маңызды!
Денсаулық – басты құндылық. Бірге қамқорлық жасайық! 🌱
#Целиакия #ДұрысТамақтану #ГлютенсізДиета #ПациенткеҚамқорлық #Емхана #Денсаулық #Медицина

ТАРАЗДА «ДЕНСАУЛЫҚ АРАЛЫ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін, 16 қыркүйек күні, Тараз қаласындағы «Korzinka» сауда үйінде тұрғындарға арналған «Денсаулық аралы» акциясы өтті.
Акция барысында 200-ден астам тұрғынға медициналық кеңес берілді. Тұрғындар кардиолог және невропатолог дәрігерлерден тегін кеңес алып, артериялық қан қысымы мен қандағы қант деңгейін тексерді. Сонымен қатар медициналық бағыт-бағдар алып, МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарына жауап алды.
Акция тұрғындардың денсаулығына жауапкершілігін арттыруға, аурулардың алдын алуға және медициналық көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға бағытталды.
⸻
В ТАРАЗЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ОСТРОВОК ЗДОРОВЬЯ»
Сегодня, 16 сентября, в торговом доме «Korzinka» города Тараза прошла акция «Островок здоровья».
В рамках акции более 200 жителей получили медицинские консультации. Участники получили бесплатные консультации кардиолога и невропатолога, измерили артериальное давление и проверили уровень сахара в крови. Также они получили медицинские рекомендации и ответы на вопросы о системе ОСМС.
Акция была направлена на повышение ответственности жителей за своё здоровье, профилактику заболеваний и информирование о возможностях получения медицинской помощи.
Артериалдық гипертензия – бақылауды қажет ететін ауру
Артериалдық гипертензия – қан қысымының тұрақты жоғарылауымен сипатталатын созылмалы ауру. Ол ұзақ уақыт бойы еш белгісіз өтуі мүмкін. Сондықтан қан қысымын тұрақты өлшеп отырудың маңызы зор.
Қан қысымының жоғарылауына артық салмақ, тұзды тағамды көп тұтыну, қимыл-қозғалыстың аздығы, күйзеліс, темекі шегу және алкогольді шамадан тыс пайдалану әсер етуі мүмкін.
Қан қысымы жиі көтерілсе, дәрігерге қаралып, қажетті тексеруден өтіңіз. Дәрігер тағайындаған емді өз бетінше тоқтатпаңыз.
Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау – аурудың алдын алудың ең тиімді жолы!
Рак лёгкого: своевременное выявление спасает жизнь
Рак лёгкого – это злокачественное заболевание, при котором происходит неконтролируемый рост патологических клеток в тканях лёгких. На ранних стадиях заболевание может протекать практически бессимптомно, поэтому регулярные профилактические осмотры имеют большое значение.
• курение и регулярное воздействие табачного дыма;
• длительный контакт с вредными производственными веществами;
• загрязнение воздуха;
• наследственная предрасположенность;
• хронические заболевания органов дыхания.
• длительный или усиливающийся кашель;
• появление крови в мокроте;
• одышка и затруднённое дыхание;
• боль или дискомфорт в грудной клетке;
• осиплость голоса;
• необъяснимая потеря веса;
• повышенная утомляемость и слабость.
Наличие этих симптомов не всегда означает онкологическое заболевание. Однако если они сохраняются длительное время, необходимо обратиться к врачу и пройти соответствующее обследование.
Өкпе обыры: дер кезінде анықтау – өмірді сақтайды
Өкпе обыры – өкпе тіндерінде қатерлі жасушалардың бақылаусыз өсуінен пайда болатын онкологиялық ауру. Аурудың бастапқы кезеңінде белгілері байқалмауы немесе басқа тыныс алу ауруларына ұқсас болуы мүмкін. Сондықтан өкпе обырын ерте анықтау үшін профилактикалық тексерулерден өтіп тұру маңызды.
• темекі шегу және пассивті темекі түтініне жиі ұшырау;
• өндірістік зиянды заттармен ұзақ уақыт жұмыс істеу;
• ауаның ластануы;
• тұқым қуалайтын бейімділік;
• өкпенің созылмалы аурулары.
• ұзақ уақытқа созылатын жөтел;
• қақырықта қанның пайда болуы;
• ентігу, тыныс алудың қиындауы;
• кеуде тұсының ауыруы;
• дауыстың қарлығуы;
• себепсіз салмақ жоғалту;
• әлсіздік пен тез шаршау.
Аталған белгілердің болуы міндетті түрде өкпе обыры дегенді білдірмейді. Алайда олар ұзақ уақыт сақталса, дәрігерге қаралып, қажетті тексерулерден өту қажет.
Өкпе обырын бастапқы кезеңінде анықтау емнің тиімділігін арттырып, науқастың өмір сүру мүмкіндігін жоғарылатады. Әсіресе қауіп тобына жататын азаматтарға дәрігердің кеңесімен профилактикалық тексерулерден өту ұсынылады.
Темекіден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстану, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және медициналық тексерулерден уақытылы өту – өкпе обырының алдын алудағы маңызды қадамдар.
МӘМС жарнасы неліктен жеке шотта жинақталмайды?
МӘМС жарнасы неліктен жеке шотта жинақталмайды және емдеу құны төленген жарналардан әлдеқайда жоғары болған жағдайда жүйе қалай көмектеседі?
МӘМС ынтымақтастық қағидаты қалай жұмыс істейтінін түсіндіреміз
МӘМС жүйесінде жасанды интеллект құралдары кезең-кезеңімен енгізіледі
Қазір Қор азаматтарға берілетін кеңестердің сапасын бақылауға арналған функционалды сынақтан өткізуде.
Жамбыл облысына екі жылжымалы медициналық кешен жеткізілді
Жамбыл облысында шалғай елді мекен тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Өңірге жалпы құны 1,1 млрд теңге болатын екі жылжымалы медициналық кешен сатып алынды.
Жобаны іске асыруға «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қаржылай қолдау көрсетті. Кешендердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 55 млн теңге бөлініп, арнайы гараж салынды.
Салтанатты рәсімге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева қатысып, сөз сөйледі.
Аймақ басшысы өз сөзінде жаңа кешендердің бірі компьютерлік томография, екіншісі маммографиялық және ультрадыбыстық зерттеу жабдықтарымен қамтылғанын атап өтті. Мамандар заманауи медициналық көліктердің мүмкіндіктерін таныстырып, олардың шалғай елді мекендерге медициналық-диагностикалық қызметтерді жақындатудағы маңызын атап өтті.
Жылжымалы кешендер арқылы тұрғындар тұрғылықты жеріне жақын жерде заманауи тексерулерден өтіп, ауруларды, соның ішінде онкологиялық сырқаттарды ерте анықтауға мүмкіндік алады.
Жоба ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, жоғары технологиялық диагностиканы халыққа барынша жақындатуға бағытталған.
Скрининг – сырқаттанбай тұрып, денсаулық жағдайын тексеру. Ол ауруды ерте кезеңде анықтауға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
Айта кетерлігі, елімізде онкологиялық скринингтер МӘМС жүйесіндегі мәртебенің бар-жоғына қарамастан, барлық азаматтарға қолжетімді.
Денсаулығыңызды қорғаңыз – скринингтен уақытылы өтіңіз!
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАРАҚАТТАНУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Балалардың қауіпсіздігі – ата-ана, мектеп және қоғам үшін ортақ жауапкершілік. Мектеп жасындағы балалардың жарақат алуы көбіне абайсыздық, қауіпсіздік ережелерін сақтамау, жол қозғалысы талаптарын елемеу немесе ойын кезіндегі сақтықтың болмауынан орын алады.
мектепте және үйде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;
дене шынықтыру сабағында мұғалімнің нұсқауларын орындау;
баспалдақпен жүгірмеу, итерісіп ойнамау;
терезе, балкон және биік жерлерде сақ болу;
үшкір, өткір және қауіпті заттармен ойнамау;
ойын алаңдарында жас ерекшелігіне сәйкес құралдарды пайдалану;
жолдан тек белгіленген жерден өту және бағдаршам талаптарын сақтау;
велосипед, самокат тебу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау;
қыс мезгілінде мұзды жерлерде абай болу.
Балаға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп, оның күнделікті әрекетіне назар аудару маңызды. Баланың жарақаттануының алдын алудың ең тиімді жолы – қауіптің алдын ала байқап, сақтық шараларын дер кезінде қолдану.
Балаларымыздың дені сау, өмірі қауіпсіз болсын!

