Мен жақында ресми жұмысқа орналастым. Енді МӘМС қашаннан бастап күшіне енеді?

Сақтандырылған мәртебесі қатарынан 12 ай (өткен немесе алдағы) үшін тұрақты төлем жасалған жағдайда беріледі.
Егер сіз бұған дейін ресми жұмыс істемесеңіз, жұмыссыз ретінде жеңілдік санатына кірмесеңіз және төлемді жеке төлеуші ретінде жасамаған болсаңыз, онда жұмысқа орналасқан күннен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру мәртебесі беріледі.
Егер осы кезеңге дейін МӘМС бойынша медициналық көмек қажет болса, онда өткен 12 ай үшін төлем жасап, сақтандыру мәртебесін алуға болады.

Адам папиллома вирусы (АПВ) – өте кең таралған вирустар тобы

🔹 Адам папиллома вирусы (АПВ) – өте кең таралған вирустар тобы. Ол тері мен шырышты қабықты зақымдайды.
🔹 АПВ-ның 200-ден астам түрі бар, олардың кейбірі қауіпті, кейбірі қауіпсіз.
⚠️ Қалай жұғады?
🤝 Жыныстық қатынас арқылы
🧴 Тері арқылы жанасу
🏊‍♂️ Ортақ тұрмыстық заттар арқылы (сирек)
🩺 Белгілері:
Көп жағдайда белгісіз өтеді 😶
🌱 Сүйелдер, папилломалар пайда болуы мүмкін
❗ Кейбір қауіпті түрлері жатыр мойны обырына әкелуі ықтимал
💉 Алдын алу:
✅ Вакцинация
🧼 Жеке гигиена сақтау
👩‍⚕️ Дәрігерге тұрақты тексерілу
💊 Емі:
Вирусты толық жоятын ем жоқ
Белгілерді азайтуға және асқынудың алдын алуға болады

Скринингтен кім және қашан өтуі керек?

Қазақстанның әрбір азаматы денсаулығына ешқандай шағымы болмаса да, профилактикалық тексерулер мен скринингтерден уақтылы өтіп отыруы тиіс.
Скринингтер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің шеңберінде тегін жүргізіледі. Айта кетейік, енді онкоскринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді.
Пациент скринингтен өз емханасында өте алады. Оған келесі жолдармен жазылады:
• емханаңыздың тіркеу бөлімінде,
• call-орталық арқылы,
• емханаңыздың мобильді қосымшасы немесе порталы арқылы.
Денсаулығыңызды қорғаңыз — скринингтен өтуді ұмытпаңыз!

Қызылша – жұқпалы ауру

Қызылша — ауа-тамшылы жолмен өте тез жұғатын вирустық жұқпалы ауру. Ол көбіне балалар арасында кездеседі, алайда екпе алмаған ересектер де ауыруы мүмкін.
🦠 Қызылшаның негізгі белгілері:
Дене қызуының 38–40°C дейін көтерілуі
Мұрыннан су ағу, жөтел, тамақтың ауыруы
Көздің қызарып, жас ағуы
Беттен басталып, бүкіл денеге тарайтын қызыл бөртпе
⚠️ Асқынулары:
Қызылша пневмония, отит, энцефалит сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
💉 Алдын алудың ең тиімді жолы — вакцинация.
Қызылшаға қарсы екпе балаларға ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес тегін салынады.
🩺 Ескерту:
Қызылша белгілері байқалса, өздігінен емделмей, дереу дәрігерге қаралыңыз. Ауру жұқпалы болғандықтан, науқасты оқшаулау маңызды.
❤️ Екпе — балаңыздың және қоғамның денсаулығын қорғайды.

Егер адам сақтандырылмаған болса, бірақ оған шұғыл медициналық көмек қажет болса не істеу керек?

Шұғыл медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді.
Ол үшін сақтандырылған мәртебеcі қажет емес.
Бұл қызметтерге жедел жәрдем шақыру, жарақаттар, соққылар, күйіктер, жедел жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету кіреді. Қажет болған жағдайда шұғыл операция да жасалуы мүмкін.
Ал МӘМС – жоспарлы түрде көрсетілетін медициналық қызметтер.

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шу қалалық емханасының балалар бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен оған қарсы мәдениетті қалыптастыру және корпоративтік этикалық құндылықтарды дамытумәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

🎗️4 ақпан – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОБЫРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ 🎗️

Обыр (қатерлі ісік) — бұл ағза жасушаларының бақылаусыз өсіп, денсаулыққа елеулі қауіп төндіретін ауруы.
Алайда обыр — үкім емес. Ерте анықталған жағдайда бұл дертті емдеуге және өмір сапасын сақтауға болады 💪✨
🔍 Есте сақтаңыз:
Обырдың алдын алуға болады
Ерте диагностика — табысты емнің кепілі
Тұрақты медициналық тексерулер өмірді сақтайды ❤️
🩺 Дәрігерге уақытылы көрініңіз, егер:
Ұзақ уақыт жазылмайтын ауырсыну мазаласа
Себепсіз салмақ жоғалса
Теріде, сүт безінде, немесе денеде өзгерістер байқалса
🥦 Салауатты өмір салты — обырдың алдын алудың басты жолы:
Дұрыс тамақтану
Темекі мен алкогольден бас тарту 🚭
Қимыл-қозғалыс белсенділігі 🏃‍♀️
Стресті азайту 😊
🎗️ Денсаулығыңыз — өз қолыңызда!
Уақытылы тексеріліп, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

ЖРВИ деген не?

ЖРВИ — тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустық жұқпалы аурулар тобы. Оған тұмау, парагрипп, аденовирус, риновирус сияқты вирустар жатады 🤧
📌 Жұғу жолдары:
— Ауа-тамшылы жолмен 🤒
— Жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде 💨
— Ластанған қол арқылы 🤲
🤒 Негізгі белгілері:
— Дене қызуының көтерілуі 🌡️
— Мұрын бітелу, су ағу 🤧
— Тамақтың ауыруы 😷
— Жөтел 😮‍💨
— Әлсіздік, бас ауруы 😴
⚠️ Қауіптілігі:
Уақтылы емделмесе, ЖРВИ асқынып:
— бронхитке,
— пневмонияға,
— отитке әкелуі мүмкін 🚑
💊 Емдеу жолдары:
— Көп сұйықтық ішу 🫖
— Төсек режимін сақтау 🛏️
— Дәрігер ұсынған дәрілерді қабылдау 💉
— Өзін-өзі емдеумен айналыспау ❌
🛡️ Алдын алу шаралары:
— Қолды жиі жуу 🧼
— Маска тағу 😷
— Бөлмені желдету 🌬️
— Иммунитетті күшейту 🍎🥦
— Адам көп жиналатын жерлерден сақтану 🚷
📣 Ескерту:
Ауру белгілері күшейсе немесе 3–4 күнде жақсармаса, міндетті түрде дәрігерге көрініңіз 👨‍⚕️👩‍⚕️

Адам папиллома вирусы (АПВ) дегеніміз не?

Адам папиллома вирусы (АПВ) – әлемде ең кең таралған вирустық инфекциялардың бірі. Ол көбінесе тері мен шырышты қабықты зақымдайды және жыныстық жолмен жұғады.
🔹 АПВ-ның 200-ден астам түрі бар
🔹 Кейбір түрлері зиянсыз, ал кейбірі қауіпті болуы мүмкін
🔹 Көп жағдайда вирус еш белгісіз өтеді 😶
⚠️ АПВ несімен қауіпті?
Кейбір жоғары қауіп тобына жататын АПВ түрлері:
жатыр мойны обырына 🎗️
анальды обырға
ауыз қуысы мен жұтқыншақ обырына әкелуі мүмкін
Төмен қауіптегі түрлері:
сүйелдер мен папилломалар тудырады 😬
🩺 Белгілері
Көп жағдайда:
ешқандай белгі болмайды ❗
кейде теріде немесе жыныс аймағында өсінділер пайда болуы мүмкін
💉 Алдын алу жолдары
✔️ Вакцинация – ең тиімді қорғаныс
✔️ Жеке гигиенаны сақтау
✔️ Тұрақты медициналық тексерілу
✔️ Қорғаныш құралдарын қолдану
📌 Вакцина жасөспірім қыздар мен ұлдарға ерте жаста салынса, тиімділігі жоғары болады.
🧠 Маңызды!
АПВ – үкім емес. Уақтылы тексерілу мен алдын алу арқылы көптеген ауыр асқынулардың алдын алуға болады 💚

Табысы төмен және жұмыссыз азаматтар үшін МӘМС жарнасын әкімдіктер төлейді

2026 жылдан бастап МӘМС жүйесі жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен дағдарысты және шұғыл әл-ауқат деңгейі (Д және Е санаттары) бар және ресми түрде тіркелген жұмыссыздар жергілікті әкімдіктер есебінен сақтандырылатын болады.
Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Директоры Ғайни Аймағанбетова Jambyl телеарнасының «Ұлт саулығы» бағдарламасында айтты.
Жамбыл облысында Д және Е санатындағы азаматтар саны 69 мыңның шамасында болса, ресми жұмыссыздардың саны – 13 мыңнан астам адамды құрап отыр. Айта кетейік, республика бойынша 1 миллионға жуық адамды қосымша қамтитын болады.