МӘМС: Кішкентай жүрекке өмір сыйлады

30 қазан күні Жамбыл облыстық перинаталдық орталықта салмағы 3532 г қыз бала дүниеге келді. Жүктілік кезінде, 32 аптадағы скрининг барысында, нәрестеде жүректің туа біткен ақауы — өкпе артериясының клапандық стенозы анықталды.
Туу сәтінен кейін дәрігерлер тыныстың қысқарғанын, көк түсті болуды және тамақтану кезінде мазасыздықты байқады.
Өмірінің алғашқы күнінде Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының мамандары орындаған ЭХОКГ диагнозды растады: өкпе артериясының клапанының айқын стенозы.
Алтыншы күні бала Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының кардиохирургиялық бөліміне ауыстырылды, онда өмірлік көрсеткіштер бойынша оған өкпе артериясының жабық баллонды вальвулопластикасы жасалды. Дәрігерлер командасының үйлесімді жұмысы арқасында нәрестенің өмірі сақталды. Операциядан кейін бес күн ішінде қызды үйге жақсы жағдайда шығарып салды.
ОСМС қолдауының арқасында жоғары технологиялық операция уақытылы және отбасы үшін тегін жасалды.
Дереккөз: @jambylinfo

Ауған соғысының ардагерлері МӘМС бойынша жеңілдікке ие санатқа жата ма?

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына (өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес, бұл заң — Қазақстандағы МӘМС жүйесін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылады.
Аталған заңда басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерді (соның ішінде Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін) МӘМС жарналарын төлеуден босататын нақты норма көзделмеген (егер олар жеңілдігі бар санаттардың біріне кірмесе).
Сонымен қатар, МӘМС бойынша нормативтік актілерде мемлекет жарна төлейтін немесе жарналардан босатылатын азаматтардың санаттары айқындалған. Олардың қатарына зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер және кейбір жұмыс істемейтін тұлғалар кіреді.
2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VI «Ардагерлер туралы» Заңда да ардагерлер мен оларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік қолдау шаралары мен жеңілдіктер қарастырылған.
Алайда бұл жеңілдіктер негізінен әлеуметтік көмекке, жәрдемақылар мен салықтық шегерімдерге қатысты, ал медициналық сақтандыру жарналарынан босатуға қатысты емес.

МӘМС ЕСЕБІНЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Алдымен, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың біріне тіркелгеніңізді тексергеніңіз абзал. Бұл жерде клиника немесе емхана медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан болуы керек.
Егер сіз емханаға тіркелмеген болсаңыз, оған міндетті түрде уақыт бөліңіз. Себебі онсыз дәрігердің қабылдауына, диагностика өтуге, медициналық көмектің өзге де түрлеріне жолдама ала алмайсыз.
Екіншіден, емханаға жоспарлы бармас бұрын, алдымен терапевтке жазылуды ұмытпаңыз.
Үшіншіден, дәрігер сізге негізгі немесе кеңейтілген талдаулар тізіміне жолдама береді. Қажет болған жағдайда диагностикалық тексеруге және денсаулығыңыздың жай-күйін бағалау үшін бейінді маманға жолдама береді. Бұл үшін өз қалтаңыздан төлеудің қажеті жоқ.
ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ НЕМЕСЕ БЕЙІНДІ МАМАНДАРҒА ЖОЛДАМА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨРСЕТІЛІМДЕР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ.

Учаскелік дәрігерге бару үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылу шарт па?

Учаскелік дәрігерге бару үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылу шарт па?
Жоқ. Пациенттер учаскелік терапевтке немесе жалпы тәжірибе дәрігеріне «cақтандырылған» мәртебесінің бар-жоғына қарамастан бара алады. Бірақ кейін МӘМС пакеті аясында бейінді мамандардың кеңесі немесе медициналық қызметтер қажет болса, «cақтандырылған» мәртебесін алу керек.
#МӘМСЖАМБЫЛ #ӘМСҚЖАМБЫЛ

Меркі ауданында МӘМС көмегімен жамбас буыны алмастырылды

Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында алғаш рет жамбас буынын толық алмастыру — эндопротездеу отасы сәтті жасалды. Ота еліміздің жетекші травматологтарының қатысуымен өтті.
1948 жылы туған Кенжекүл Бошкұловаға жоғары дәлдікті ота жасалып, жамбас буыны толық алмастырылды.
Науқастың жағдайы жақсы, қозғалыс белсенділігі қалпына келуде. Бұл ота Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізілді.
Аурухана ұжымы алдағы уақытта да жоғары технологиялық оталарды жалғастырып, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуді көздейді.

Жүкті әйел еш жерде жұмыс істемесе, МӘМС-ке жарна төлеуі қажет пе?

❓Мен жүктімін, еш жерде жұмыс істемеймін, жеке кәсібім де жоқ. Медициналық сақтандыруды төлеуге міндеттімін бе?

💬 Егер жүкті әйел жұмыс істемесе және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса, ол жеңілдік санатына кіреді және МӘМС-ке жарналарды мемлекет төлейді.

Ол үшін тіркелген орны бойынша өз емханасына жүгініп, жүктілігіне байланысты есепке тұруы қажет. Әдетте есепке гинеколог қояды, дегенмен оның қабылдауына жазылу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы тиіс. Бұл жағдайда жүкті әйел мәртебесі болмаса да ТМККК аясында қабылдау жүргізетін учаскелік дәрігер және акушер арқылы есепке тұра алады.

Босанғаннан кейін әйел – үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін адам ретінде басқа жеңілдікті санатқа көшетінін білген жөн, сондықтан ол тағы да мемлекет есебінен сақтандырылады.

#МӘМСЖАМБЫЛ #ӘМСҚЖАМБЫЛ

МӘМС – әр адамға қолжетімді медицина: Екі рет инсульт алған Тараз тұрғыны аман қалды

Тараз қаласының тұрғыны, 58 жастағы Гүлжан Жанадилова екінші рет инсульт алып, шұғыл қалалық көпбейінді аурухананың және консультативтік-диагностикалық орталықтың инсульт орталығына жеткізілген. Дәрігерлердің жедел әрекетінің арқасында ол инсульт орталығында тиісті емін алып, өмірі үшін күресті.
«Пациент ауруханаға түскен кезде қан қысымы өте жоғары болды, өзін өте әлсіз сезінген., Бір апта емнен кейін жағдайы жақсард, 1-2 күнде үйіне шығады», — дейді невролог Арайлым Ашықбаева.
Пациенттің емі МӘМС жүйесі аясында толығымен тегін жүргізілді.

Скрининг арқылы қандай ауруларды анықтауға болады?

Жатыр мойны обырын ерте анықтау – 30 -70 жас аралығындағы әйелдер
• Сүт безі обырын ерте анықтау – 40 -70 жас аралығындағы әйелдер
• Колоректальді обырды ерте анықтау – 50 -70 аралығындағы ерлер мен әйелдер
Скринигтік бағдарламаға қандай мәліметтер кіреді?
Әйелдер сүт безі обырына тіркелген емхана арқылы тексеріледі. Акушер-гинеколог, онколог пен маммолог сынды мамандар кеңесіне жүгініп, УДЗ, маммография сынды тексерулерден өте алады.
Сонымен қатар, жатыр мойны обырының алдын алу үшін видеокольпоскопия немесе кольпоскопия, ПАП-тест, пункциялық биопсия мен гистологиялық зерттеулерге тапсыруға болады.
Колоректалды обырдың алдын алуға арналған тексерулерден ерлер де, әйелдер де өтуә тиіс. Профилактикалық іс-шаралар барысында олар хирург, онколог, гастроэнтеролог пен проктолог мамандардан кеңес алады. Сондай-ақ үлкен дәреттегі жасырын қанды тексеру мақсаьында шұғыл әдіспен гемогульт-тест тапсырады, жалпы видеоколоноскопия, эндоскопиялық биопсия және гистологиялық тексерулерден өтуге болады.
Жамбыл облысында 2025 жылы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған тексерулерге 1 млрд 64 млн астам қаржы бөлінді. Бұл шара аясында 177 мыңнан астам жамбылдықты қамту жоспарланып отыр.
Айта кетсек, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, онкоскринингтер барлық азаматтар үшін тегін жүргізіледі. Яғни, сақтандырылған немесе сақтандырылмағанына қарамастан, бұл медициналық қызмет түрі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) тізіміне енгізілген.

Қор филиалы директорының баспасөз конференциясы

Брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова 2025 жылдың 9 айына МӘМС жүйесі шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Негізгі көрсеткіштер:
• 2025 жылы денсаулық сақтау саласына – 132,6 млрд теңге бөлінді (+2,8%);
• Облыс бойынша 109 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетуде;
• 9 айдың қортындысына сәйкес өңірде 1 391 жоғары технологиялық операция жасалды;
• «Аңсаған сәби» бағдарламасы қолға алынғалы МӘМС аясында – 150 ЭКО, 350-ден аса сәби дүниеге келді;
• Биыл медициналық оңалтуға – 4,6 млрд теңге, соңғы 6 жылда қаржылық өсім 7,3 есе артқан;
• 2025 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекке – 11,8 млрд теңге бөлінген, ал қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 662 993 рецепт берілген;
«Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2026 жылдан бастап, жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлейтін болады. Бүгінде облыс бойынша (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар саны 70 мыңның шамасында. Жалпы, бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша сақтандырылған азаматтар саны 952 мың яғни халықтың 80,8 пайызы сақтандырылған. Ал сақтандырылмағандар саны шамамен 224 мың адамды құрап отыр»,-деді Қор филиалының директоры.
Брифинг соңында Ғайни Төленқызы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Аңсаған сәби» — МӘМС аясындағы қуаныш

Елімізде 5 жыл бұрын қолға алынған «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) қызметтері жалғасуда.
Бағдарлама іске асқалы бері отбасылардың бедеулік мәселесін шешіп, ата-ана болу арманын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп келеді.
Жамбыл облысында МӘМС аясында 2024 жылы бұл мақсатқа 334 млн теңге бөлініп, 281 қызмет көрсетілген. Ал 2025 жылға 278 млн теңге және 228 ЭКО қызметін қаржыландыру жоспарланған. Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 150 жағдайға 183,6 млн теңге жұмсалған. Бір қызметтің орташа құны — 1 224 057 теңге.
Бұл қаражаттар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) есебінен ЭКО процедурасын өткізуге мүмкіндік береді.
Жалпы, бағдарлама шеңберінде Жамбыл облысында 350-ден астам сәби өмірге келді. Денсаулық сақтау саласының өкілдері бұл бастама өз нәтижесін беріп отырғанын алға тартады.
Бұл көрсеткіштер мемлекет тарапынан отбасы институтын қолдау мен денсаулық сақтау саласындағы маңызды жетістіктердің бірі болып саналады.