МӘМС сөздігі: жеңілдік санатындағы азаматтар

Сіз кейбір азаматтар үшін МӘМС жарналарын мемлекет толық төлейтінін білесіз бе? Яғни сіз жұмыс істемесеңіз де және жарнаны өзіңіз төлемесеңіз де, медициналық көмекке қол жеткізе аласыз деген сөз.
Карусельде біз қысқаша түсіндірдік:
— жеңілдік санаттарына кімдер жатады;
— кімдер үшін жарнаны республикалық бюджет төлейді;
— кімдер үшін жергілікті бюджет төлейді;
— және неге Қор жеңілдік санаттарының тізімін өзі қалыптастырмайды.
Егер өзіңізді осы санаттардың бірінен тапсаңыз – демек, сіз МӘМС жүйесінде сақтандырылғансыз және медициналық қызметтерді тегін ала аласыз.
Слайдтарды парақтап, сақтап қойыңыз.

ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекция) туралы ақпарат

ЖРВИ — тыныс алу жолдарын зақымдайтын, көбіне күз-қыс мезгілінде жиі кездесетін жұқпалы ауру. Бұл ауруды әртүрлі вирустар тудырады және ол адамнан адамға өте тез таралады. ЖРВИ-мен көбіне балалар, иммунитеті төмен адамдар және көпшілік ортада жүретін адамдар жиі ауырады.
ЖРВИ қалай жұғады?
ЖРВИ негізінен:
ауа-тамшы жолымен (жөтелгенде, түшкіргенде),
жанасу арқылы (ауру адамның қолы тиген заттарды ұстағанда),
ортақ тұрмыстық заттар арқылы (ыдыс, сүлгі, телефон) жұғады.
Негізгі белгілері
ЖРВИ кезінде мынадай белгілер байқалады:
дене қызуының көтерілуі,
тамақтың ауруы,
мұрыннан су ағу немесе бітелу,
жөтел,
әлсіздік, бас ауруы,
тәбеттің төмендеуі,
қалтырау.
Емдеу жолдары
ЖРВИ көбіне жеңіл түрде өтеді және дұрыс күтім жасалса, бірнеше күнде жазылады. Емдеудің негізгі тәсілдері:
көп сұйықтық ішу (жылы шай, су, компот),
демалу және ұйқыны қалыпқа келтіру,
бөлмені жиі желдету және ылғалды тазалау,
қажет болса дәрігер кеңесімен қызу түсіретін дәрілер қолдану.
⚠️ Антибиотиктер ЖРВИ-ге әсер етпейді, себебі бұл — вирустық ауру. Антибиотик тек дәрігер тағайындаған жағдайда ғана қолданылады.
Алдын алу шаралары
ЖРВИ-ден сақтану үшін:
қолды жиі сабындап жуу,
көпшілік жерде маска тағу,
дұрыс тамақтану және дәрумен қабылдау,
иммунитетті күшейту,
суықтан сақтану,
ауырған адамдармен байланысқа түспеу қажет.
Қашан дәрігерге қаралу керек?
Егер:
дене қызуы 3 күннен ұзақ түспесе,
тыныс алу қиындаса,
қатты әлсіздік немесе кеуде ауыруы болса,
балада жағдай нашарласа — міндетті түрде дәрігерге жүгіну қажет.

Адам папиллома вирусы (АПВ) деген не?

Адам папиллома вирусы (АПВ) – өте кең таралған вирустар тобы. Қазіргі таңда оның 200-ден астам түрі белгілі. АПВ ерлер мен әйелдерде кездеседі және көбіне жыныстық жолмен жұғады.
АПВ қалай жұғады?
Жыныстық қатынас кезінде
Тері мен шырышты қабаттың тікелей жанасуы арқылы
Сирек жағдайда тұрмыстық жолмен
Көп жағдайда вирус ұзақ уақыт ешқандай белгі бермей жүруі мүмкін.
АПВ белгілері
Жыныс мүшелерінде немесе теріде сүйелдер (кондиломалар)
Қышыну, жайсыздық
Кей жағдайларда еш белгісіз өтуі мүмкін
⚠️ Ескерту: АПВ-ның кейбір қауіпті түрлері жатыр мойны обырының, сондай-ақ басқа да онкологиялық аурулардың даму қаупін арттырады.
АПВ анықтау
АПВ-ны анықтау үшін:
ПТР талдауы
Цитологиялық зерттеу (ПАП-тест)
Дәрігерлік тексеру жүргізіледі
Емі бар ма?
АПВ-ны толық жоятын арнайы дәрі жоқ, бірақ:
Вирустың белсенділігін төмендетуге
Сүйелдерді алып тастауға
Асқынулардың алдын алуға болады
Ем дәрігердің бақылауымен жүргізіледі.
Алдын алу жолдары
Қауіпсіз жыныстық қатынас
Жеке гигиена сақтау
АПВ-ға қарсы вакцинация
Тұрақты медициналық тексеруден өту
Маңызды!
АПВ — бұл үкім емес. Уақытылы тексерілу мен дұрыс бақылау көптеген асқынудың алдын алады.
📍 Денсаулығыңызды бүгіннен бастап қорғаңыз!
📞 Сұрақтарыңыз болса, біздің емхана мамандарына хабарласыңыз.

МӘМС жарнасын төлеуден қай азаматтар босатылады және олардың жарнасын кім төлейді

Әлеуметтік жағынан осал топқа кіретін 16 санаттағы азаматтар үшін МӘМС жарнасын мемлекет төлейді. Олар:
1. Балалар;
2. Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер (соңғы екі айда олар үшін зейнетақы және әлеуметтік аударымдар төленбеген кезде);
3. Үш жасқа дейінгі баласының заңды өкілдерінің бірі – жұмыс істемейтін ата-ана;
4. Жүктілік және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оған (оларға) күтім жасау бойынша демалыста жүрген тұлғалар;
5. Мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;
6. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;
7. Қазақстанның БЖЗҚ-нан зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС ардагерлері;
8. Сот үкімі бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда);
9. Тергеу изоляторларында отырғандар, сондай-ақ қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін тұлғалар;
10. Жұмыс істемейтін қандастар;
11. «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапаттарын алған көп балалы аналар, бұрын «Батыр ана» атағын алғандар, сондай-ақ «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен наградталғандар;
12. Мүгедектігі бар адамдар;
13. Орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын адамдар (күндізгі бөлім студенттері);
14. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыс істемейтін тұлғалар.
15. Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар (2026 жылдан бастап олардың жарнасын әкімдіктер төлейді);
16. 2026 жылы МӘМС жүйесі жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен дағдарысты және шұғыл әл-ауқат деңгейі (Д және Е санаттары) бар және ресми түрде тіркелген жұмыссыздар жергілікті әкімдіктер есебінен сақтандырылатын болады. Республика бойынша 1 миллионға жуық адамды қосымша қамтитын болады.
Айта кетейік, Жамбыл облысында Д және Е санатындағы азаматтар саны 69 мыңның шамасында болса, ресми жұмыссыздардың саны — 13 мыңнан астам адамды құрап отыр.

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының нейрохирургы Еркебұлан Меркибеков МӘМС жүйесі жайлы пікір білдірді

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының нейрохирургы Еркебұлан Меркибеков МӘМС жүйесі жайлы пікір білдірді

Қызылша (корь) деген не?

Қызылша (корь) — ауа-тамшылы жолмен таралатын, өте жұқпалы вирустық жұқпалы ауру. Ол көбіне балалар арасында кездескенімен, ересектер де ауыруы мүмкін. Қызылша вирусы ағзаға тыныс алу жолдары арқылы еніп, бүкіл денеге тез таралады.
Аурудың белгілері
Қызылшаның алғашқы белгілері тұмауға ұқсас болады:
дене қызуының 38–40°С-қа дейін көтерілуі;
жөтел, мұрыннан су ағу;
көздің қызаруы, жас ағу;
әлсіздік, бас ауруы.
2–4 күннен кейін беттен басталып, бүкіл денеге таралатын қызыл бөртпе пайда болады.
Қауіпті асқынулары:
Қызылша асқынған жағдайда:
өкпе қабынуы (пневмония);
ортаңғы құлақтың қабынуы;
ми қабынуы (энцефалит);
иммунитеттің әлсіреуі сияқты ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Алдын алу жолдары:
Қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы — вакцинация.
Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес балаларға 2 рет вакцина егіледі;
Вакцина аурудың ауыр өтуі мен асқынуын болдырмайды.
Қорытынды
Қызылша — елемеуге болмайтын қауіпті жұқпалы ауру. Уақтылы екпе алу және жеке гигиена талаптарын сақтау арқылы аурудың алдын алуға болады.

МӘМС жүйесінде мәртебені бір жылға қалай алуға болады?

Егер сіз ресми түрде жұмыс істемесеңіз және МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, мәртебені бір жылға қалай ала аласыз?
Бұрын жүйеде «сақтандырылған» мәртебесі соңғы 12 айға жарналар толық төленсе ғана берілетін. Осы кезеңде тіпті бір айға жарна төленбесе, қарыз пайда болып, оны өтеуге тура келетін.
Ал қазір МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге (05.09.2022 ж.) сәйкес, өткен жылдың қарызын өтемей-ақ, алдағы бір жылға сақтандырылу мәртебесін алуға болады.
📌 Ол үшін келесі 12 айға жарналарды алдын ала төлеу қажет. Есіңізде болсын: әр ай үшін 4250 теңгеден жеке-жеке төленуі тиіс. Яғни жарнаны бір жолғы сома ретінде төлеу қате болып саналады, сондықтан мәртебе берілмейді.
Сақтандыру мәртебесі сізге дәл осы айда қажет болса, жылдық кезеңді осы айдан бастаңыз.
🏦 Жарналарды банк кассалары, мобильді қосымшалар, төлем терминалдары және Қазпошта бөлімшелері арқылы төлеуге болады.
#МӘМСЖАМБЫЛ #әмсқжамбыл

ЖРВИ (Жедел респираторлық вирустық инфекция) деген не?

ЖРВИ — тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустық инфекциялар тобы. Ол көбіне ауа-тамшылы жолмен беріледі және жылдың суық мезгілінде жиі кездеседі.
🦠 Негізгі белгілері:
Дене қызуының көтерілуі;
Тамақтың ауыруы;
Мұрыннан су ағу, бітелу;
Жөтел, әлсіздік;
Бас ауруы.
🛡 Алдын алу жолдары:
Қолды жиі жуу;
Бөлмені тұрақты желдету;
Ауырған адамдармен байланысты шектеу;
Иммунитетті күшейту.
🩺 Белгілер пайда болған жағдайда өзін-өзі емдемей, дәрігерге қаралған жөн. Уақытылы ем асқынулардың алдын алады.

Адам папиллома вирусы туралы маңызды ақпарат

ВПЧ — әлемде ең кең таралған вирустардың бірі. Ол көбіне жыныстық қатынас арқылы беріледі және ерлер мен әйелдердің екеуінде де кездесуі мүмкін.
Вирустың кейбір түрлері ешқандай белгі бермей өтсе, ал кейбірі жатыр мойны обырына, жыныс мүшелеріндегі сүйелдерге және басқа да ауруларға әкелуі мүмкін.
❗ Маңыздысы:
ВПЧ ұзақ уақыт бойы белгілерсіз өтуі мүмкін;
Уақытылы тексерілу асқынулардың алдын алады;
Вакцинация ВПЧ-ның қауіпті түрлерінен қорғайды.
🩺 Емханада сіз:
ВПЧ-ға тексеруден өте аласыз;
Дәрігерден кеңес ала аласыз;
Вакцинация туралы толық ақпарат аласыз.
Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз — алдын алу әрқашан емдеуден тиімді!

2026 жылы МӘМС-ке кім қанша төлейді?

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады.
2026 жылғы қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер күшіне енді.

Соған сәйкес, жарналар мен аударымдар есептелетін шекті табыс мөлшері өзгерді. Ал мөлшерлемелер бұрынғыдай сақталды.

Жұмыс берушілердің аударымдары – қызметкер табысының 3%-ы
Аударымның ең жоғары мөлшері – айына 102 000 теңгеге дейін

Қызметкерлердің және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы
Ең жоғары жарна – айына 34 000 теңгеге дейін

Жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – айына 5 950 теңге (1,4 ЕТЖ 5%)

Дербес төлеушілердің жарналары – айына 4 250 теңге (ЕТЖ 5%)

Жеке кәсіпкерлер мен дербес төлеушілердің жарналарын есептеу үшін ең төменгі жалақы қолданылады. 2026 жылы оның мөлшері – 85 000 теңге

МӘМС жарналарын төлеу жолдары:
«Қазпошта» АҚ кассаларында
екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшаларында
төлем терминалдары арқылы

МӘМС – күтпеген медициналық шығыннан қорғайды.

Дереккөз: https://biz01.kz/?p=3160