‼️МӘМС АРҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

✔️ Сізге бірінші кезекте алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) көрсететін медициналық ұйымдардың біріне тіркелу қажет. Бұл жерде клиника немесе емхана медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері қатарынан болуы керек екенін есте ұстаған жөн.

🔴Егер сіз әлі тіркелмеген болсаңыз, уақыт бөліп, тіркелгеніңіз жөн. Онсыз сіз дәрігердің қабылдауына және диангонстикадан өте алмайсыз. Сондай-ақ көмектің басқа да түрлеріне жолдама берілмейді.

✔️ Екінші. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді тексеруді ұмытпаңыз. МӘМС-тің кеңейтілген пакетіне қол жеткізу үшін сізге «сақтандырылған»мәртебесін алу қажет. Мұны Қордың сайтында ЖСН нөмірі бойынша немесе @saqtandyrybot жеделхат-ботының көмегімен тексеруге болады

✔️ Үшінші. Емханаға жоспарлы бармас бұрын, алдымен терапевтке жазылуды ұмытпаңыз. Мұны мобильді қосымша арқылы немесе сіздің қалаңыздың бірыңғай байланыс орталығы немесе емхананың call-орталығы арқылы жасау тиімді. Талонды алу үшін қабылдауға сәл ертерек келген дұрыс. Бүгінде әрбір қалалық емханада электронды кезек жұмыс істейді

📌 Сіз участкелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді маманға жүгіне алмайтыныңызды есте ұстаған жөн

✔️ Төртінші. Участкелік дәрігер сізге негізгі немесе кеңейтілген талдаулар тізіміне жолдама береді. Қажет болған жағдайда диагностикалық тексеруге және денсаулығыңыздың жай-күйін бағалау үшін бейінді маманға кеңес береді. Бұл үшін өз қалтаңыздан төлеудің қажеті жоқ

‼️ ЗЕРТТЕУГЕ НЕМЕСЕ БЕЙІНДІ МАМАНДАРҒА ЖОЛДАМА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨРСЕТІЛІМДЕР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ

🔴 Естеріңізге сала кетейік, медициналық көмек алу мәселелері бойынша және кез келген туындаған мәселелер бойынша сіз әрқашан келесі қолжетімді ресми байланыс арналары: 1414 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қор сайты арқылы хабарласа аласыз www.fms.kz, Telegram-дағы Saqtandyry-bot

#мәмс #осмс #тмккк #гобмп #участкелідәрігер #участковыйврач

#жеңіскүні #деньпобеды #9мамыр #9май

🔰Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай 9 мамыр күні Шу қаласы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке Шу қалалық емханасының ұжымы гүл шоқтарын қойып, қазіргі бейбіт өмір үшін жанын берген ардагерлерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сонау сұрапыл соғыс жылдарының тарихын есте сақтау, Қазақстандық батырлардың жауынгерлік ерлігін қастерлеу, көздің қарашығындай қорғау – біздің қасиетті парызымыз.

Халқымыз үшін қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!

⚜️Қымбатты ардагерлер!
Құрметті жерлестер!

Бүгін — жанқияр ерлік пен еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ұлы мереке. Халқымыз «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деп, жеріне қорған болған азаматтарды әрқашан ерекше құрмет көрсете білген.

Жеңіспен өрілген ұлы тарихымыз – Отан үшін от кешкен батырларға кенде емес. Сол себепті елдік жолында күрескен ұландар қашанда ұлықтауға лайықты.
Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды!
Ерлік Даңқы өшпейді!

Осынау Ұлы күнде әр шаңыраққа шаттық, ырыс пен бақ-береке орнасын.

Елдігіміз еңселі, болашағымыз баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Жеңіс жалауы мәңгі желбіресін!

#РақметДәрігер #БлагодарюДоктор

📢Алғыс біздің дәрігерлерімізге келді.
Емлесі мен стилистикасы сақталған.

Благодарность пришла в адрес наших врачей в direct. Орфография и стилистика обращения сохранены.

Салеметсізбе. Мен Мұрат Би-Сұлтанның анасы Бақытнұр. Балам СМА-1(ең ауыр түрі) дертімен ауырады. Шу қалалық емханасында 1жарым жасына дейін тіркеуде болды. Осы орайда Шу қалалық емханасының балалар дәрігері Жаннұр Сериковнаға және Рабия Тоқсабаевнаға алғысымды айтқым келеді.
Ақпан айында біз Алматы қаласы Алатау ауданы 29 поликлиникаға тіркеуге алындық, содан бері сіздер берген балаға қажетті материалдарды Алматы қаласы бере алмай отыр.
Сіздерге жақсы қызмет көрсеткендеріңізге Рахмет!

⁉️Бағдарламаға кімдер қатыса алады?*

✅Бұл емшара терапиялық жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған қазақстандық отбасылық жұптар қатысады. Олар қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттары белгілеген репродуктивті жас – 18-ден 42 жасқа дейінгі медициналық параметрлерге сәйкес келуі қажет. МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан жылына бір рет тегін өтуге болады. Талпынысы сәтсіз аяқталған жағдайда қайтадан кезекке тұра алады.

*⁉️МӘМС аясында ЭКҰ жасайтын клиникалардың тізімін
қайдан көруге болады?*

✅Қазір елімізде 19 клиника (1 мемлекеттік және 18 жекеменшік) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жұмыс істейді. Жыл сайын квоталар аймақтарға сәйкес бөлінеді. Астана, Алматы және Шымкент қалалары бұл тізімде көш бастап тұр. Атап айтар болсақ, МӘМС шеңберінде жұмыс істетін Алматы қаласындағы 7 клиникада 2 мыңға тарта жасанды ұрықтандыру әдісі жасалды.
Айта кету керек, пациент Қор сайтына кіріп, клиниканы өзі таңдай алады. Ол үшін fms.kz ресми сайтында «Пациент үшін», ары қарай «Клиниканы таңдау» батырмасын басып, «ЭКҰ қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдардың тізбесін» ашу керек. Ол жерде клиникалардың тізімі, мекенжайы және телефоны көрсетілген.

Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?

👩‍⚕️ Скрининг — бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтау

Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі ⬇️

👧1. 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар
👵2. 30 бен 70 жас аралығындағы ересектер
🧓3. Тәуекел топтары

Аурулар:

✅ Мінез-құлықтық тәуекел факторлары
✅ Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабеті
✅ Глаукома
✅ Жатыр мойны обыры
✅ Сүт безі обырын қатерлі ісігі
✅ Колоректалды обыр
✅ В және С вирустық гепатиттері

🔖Скринингтен өту үшін мекен жай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек

📌Ол үшін әр емханада скринингтік бөлмелер бар

❗Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы міндетті
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200028747

**

⁉🧐 На раннее выявление каких заболеваний проводятся скрининги и для каких возрастных групп?

👩‍⚕️ Скрининг — это профилактический медицинский осмотр здоровых лиц определенного возраста или категории для выявления факторов риска и заболеваний на ранних стадиях

Проводятся скрининги по конкретным заболеваниям и для определенных возрастных групп ⬇️

👧1. Дети в возрасте от 0 до 18 лет
👵2. Взрослые в возрасте с 30 и до 70 лет
🧓3. Группы риска

Заболевания:

✅ Поведенческие факторы риска
✅ Артериальная гипертония, ишемическая болезнь сердца, ✅ Сахарный диабет
✅ Глаукома
✅ Рак шейки матки
✅ Рак молочной железы
✅ Колоректальный рак
✅ Вирусные гепатиты В и С

🔖Чтобы пройти скрининг, нужно обратиться в поликлинику по месту прикрепления

📌Для этого в каждой поликлинике имеются скрининговые кабинеты

❗При себе нужно иметь удостоверение личности https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028747

#мәмс #осмс #скрининг #ТМККК #ГОБМП

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Бұл – тұрақтылық пен тыныштықты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам.

Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, мемлекеттілігіміздің берік негізі.

Мерекелеріңізбен, отандастар!

🌷🌷🌷🌷🌷

Дорогие соотечественники, поздравляем вас с Днем единства народа Казахстана!

Этот праздник символизирует стабильность и мир, дружбу и взаимоподдержку.

Единство народа — наше главное богатство и залог устойчивости государства!

Желаем процветания, счастья и благополучия!