Көкжөтелге қарсы ревакцинациялар неліктен маңызды?

Ревакцинация:
• иммунды жүйеге қоздырғыш туралы «ескертеді»;
• қорғанышты ұзартады;
• ауыру қаупін азайтады және инфекцияның берілуін азайтады.
Әсіресе маңызды:
• мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды ревакцинациялау;
• жасөспірімдер мен ересектерге екпе салу;
• жкті әйелдерді вакцинациялау: ғалымдардың айтуынша, бұл жаңа туған нәрестелер мен 6 айға дейінгі балаларда қатты көкжөтелдің алдын алады.
6. Заманауи вакциналар қаншалықты қауіпсіз?
Көкжөтелге қарсы заманауи вакциналар:
• көп сатылы клиникалық сынақтардан өтеді;
• қауіпсіздікті үнемі бақылауда ұстайды;
• жыл сайын бүкіл әлем бойынша миллиондаған дозада қолданылады.
Иммундаудан кейінгі жағымсыз әсерлер (ИЖӘ):
• қысқа мерзімді;
• өздігінен жойылады;
• емдеуді қажет етпейді.
Ауыр ИЖӘ өте сирек кездеседі.
7. Неліктен сенім мен ортақ шешім қабылдау маңызды?
Вакцинация ата-аналар (немесе заңды өкілдер) мен дәрігердің бірлескен шешімі болып табылады.
Мыналар маңызды:
• сұрақтар қою;
• сенімді ақпарат алу;
• баланың жеке қажеттіліктерін талқылау.
Дәрігер баланың жасына, денсаулық жағдайына және ұлттық ерекшеліктеріне негізделген оңтайлы кестені таңдайды.
8. Ата-аналар үшін негізгі тұжырым
Көкжөтел вакцинаға болатын ықтимал реакциялардан гөрі қауіптірек.
Заманауи вакциналар балаларды тиімді қорғайды, ал уақытылы ревакцинациялау бұл қорғанышты сақтауға көмектеседі.
9. Ата-аналардың жиі қойылатын сұрақтарына қысқаша жауаптар
Вакцинацияланған бала ауырып қалуы мүмкін бе?
Иә, бірақ ауру әдетте жеңіл өтеді.
Вакцинациядан кейінгі қызба қауіпті ме?
Температураның аздап көтерілуі иммундық жүйенің қалыпты реакциясы болып табылады.
Неліктен ересектерге вакцинация жасау керек?
Ересектер нәрестелер үшін инфекция көзі бола алады.
10. Ата-аналарға арналған ұсынымдар
Күмәніңіз болса, дәрігеріңізбен кеңесіңіз, ал ақпаратты ресми денсаулық сақтау көздері бойынша тексеріңіз.
Есіңізде болсын!
«Бүгінгі вакцинация өмір бойы денсаулық дегенді білдіреді!»

2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді?

Мемлекет басшысының тапсырмасымен медициналық көмек пакеттері қызметтердің қайталануын болдырмау үшін қайта қаралды.
🌐 2026 жылдан бастап ТМККК пакетіне әлеуметтік мәні бар 11 ауру түрінің профилактикасы мен диагностикасы енеді. Бұған дейін АИТВ мен туберкулезге күдік болған жағдайда ғана қызмет көрсетілген еді.
➡Енді тізім қатерлі ісіктермен, созылмалы вирустық гепатиттермен және бауыр цирозымен, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстармен, орфандық аурулармен, жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларымен, демиелинизациялайтын аурулармен, эпилепсиямен, жедел миокард инфарктісімен (алғашқы 6 ай), инсульттермен (1 жыл ішінде) толықты.
➡Сонымен қатар ТМККК-ға артериялық гипертония, ишемиялық жүрек ауруы, глаукома, қант диабеті, В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға арналған скринингтер енгізілді.
✔Бұл шаралар пациенттерге дер кезінде диагностика жүргізуге мүмкіндік береді, ауруларды ерте анықтау ем нәтижелерінің жақсаруына оң әсер етеді.
Биылғы жылдан бастап бірқатар созылмалы ауруды, оның ішінде артериялық гипертензияны, қант диабетін, церебралды сал аурын, ревматизмді, дәнекер тінінің жүйелі зақымдануларын, бүйрек ауруларын емдеу және бақылау емхана мен стационарда МӘМС пакетіне ауыстырылады.

ТҰМАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Тұмау – ауа арқылы жұғатын, вирустық жұқпалы ауру. Көбіне күз-қыс және көктем мезгілдерінде кең таралады. Ауру тез жұғады және асқынған жағдайда денсаулыққа елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
Тұмаудың негізгі белгілері:
Дене қызуының 38–40°С-қа дейін көтерілуі
Бас ауруы, әлсіздік, қалтырау
Тамақтың ауыруы, жөтел, мұрын бітелуі
Бұлшық ет пен буындардың сырқырауы
Тәбеттің төмендеуі
Ауру қалай жұғады?
Тұмау науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде ауа арқылы таралады. Сондай-ақ лас қол арқылы, ортақ тұрмыстық заттардан жұғуы мүмкін.
Алдын алу шаралары:
Қолды сабынмен жиі жуу
Бөлмені жиі желдету
Адам көп жиналатын жерлерде медициналық бетперде тағу
Дұрыс тамақтанып, иммунитетті күшейту
Маусымдық тұмауға қарсы вакцина алу
Маңызды!
Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз. Тұмаудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дәрігерге уақытылы қаралып, үй жағдайында оқшауланған жөн.
Өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғаңыз!

Көкжөтелге қарсы вакцинация баланы қалай қорғайды?

Көкжөтелге қарсы вакцинация:
• аурудың ауыр түрлерінің алдын алады;
• қауіпті асқынулар қаупін айтарлықтай азайтады;
• ең әлсіз топты — бір жасқа дейінгі балаларды қорғайды.
Вакцинацияланған бала ауырып қалғанның өзінде ауру асқынуларсыз өтеді және өмірге қауіп төндіретін салдарға әкелмейді.
3. Көкжөтелге қарсы қандай вакциналар қолданылады?
Қазірггі кезде дүниежүзінде вакциналардың мынадай екі түрі қолданылады:
а) бүтін жасушалы вакцина
Құрамында белсенді емес көкжөтел бактериялары болады.
Ол:
          •        ұзақ мерзімді иммунитет қалыптастырады;
          •          температураның көтерілуін және айқын байқалатын реакцияларды жиі тудырады.
б) жасушасыз (немесе ацеллюлярлы) вакцина
Бактерияның тек тазартылған компоненттенінен ғана тұрады.
Ол:
•         балалар жақсы қабылдайды;
• жанама әсерлері аз болады;
• әлемнің көптеген елдерінде қолданылады.
Бұл вакцинаның оң әсер ететіндігін көрсетеді, бірақ үлкен жастағы адамдар арасында жоспарлы ревакцинацияларды қажет етеді.
Екі вакцинаның да құрамында тірі бактериялар жоқ және көкжөтел тудырмайды.
4. «Ескірген» бүтін жасушалы вакциналарға қайта оралу керек пе?
Медициналық сарапшылар және халықаралық ұйымдар:
•   бүтін жасушалы вакциналарға жаппай оралу оңтайлы шешім емес;
• айқын байқалатын реакциялар вакцинациядан бас тартуға әкелуі мүмкін;
• вакцинациямен қамтудың төмендеуі қорғаныш мерзімінің қысқаруына қарағанда қауіптірек деп есептейді.
Бүгінгі таңда артықшылық мыналарға беріледі:
          •        қауіпсіз вакциналарға;
          •        уақытылы ревакцинацияға;
          •        әлсіз балаларды қорғауға.

Көкжөтелге қарсы вакцинация: ата-аналарға нені білу керек?

Көкжөтелдің қазіргі алдын алу шаралары балаларды аурудың ауыр өтуінен және оның асқынуларынан қорғауға бағытталған. Ата-аналардың вакцинация туралы хабардарлығы мен оған сенімі осы қорғаныштың маңызды бөлігі болып табылады.
1. Көкжөтел дегеніміз не және ол несімен қауіпті?
Көкжөтел — бұл тыныс алу жолдарының Bordetella pertussis бактериясы тудыратын ауруы. Ауру ұзаққа созылатын, ұстамалы жөтел арқылы жүреді, бұл әсіресе нәрестелер мен жас балалар үшін қауіпті.
Ауру өршіген кезде мыналар пайда болуы мүмкін:
          •        пневмония;
          •        жиі байқалатын және ұзақ уақыт ішіндегі апноэ ұстамасы (тыныс алудың тоқтауы);
          •        оттектің қатты жетіспеуі;
          •          гипоксиямен байланысты құрысу;
          •        тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларының асқынуы.
Көкжөтелдің мүмкін болатын асқынулары
Көптеген балаларда көкжөтел ауыр салдарсыз, әсіресе уақтылы медициналық көмек көрсетілген жағдайда асқынуларсыз өтеді. Алайда, ауру кейбір пациенттерде, басым бөлігінде жас балаларда әртүрлі ауырлықтағы асқынулармен бірге өтуі мүмкін.
Мынадай асқынулар жиі таралған:
          •        пневмония;
          •        бронхит;
          •        апноэ (тыныс алудың қысқа уақытқа тоқтауы);
          •        айқын байқалатын гипоксия;
          •        оттектің жетіспеуіне байланысты құрысу синдромы.
•        сирек жағдайлардағы ауыр асқынулар және мүгедектік.
Бұл жағдайлар медициналық қадағалау мен емдеуді талап етеді.
Сирек, бірақ ауыр салдар
Өте сирек жағдайларда көкжөтел ауыр түрде өткен кезде өкпеге тікелей қатысы жоқ жүйелік асқынулардың пайда болуы мүмкін. Оларға жіті тромбоэмболиялық ишемия жатады. Бұл тамырдың ұйыған қанмен (тромбпен) бітелуіне байланысты тіндердің қанмен қамтамасыз етілуінің кенеттен бұзылуы.
Бұл жағдай тіндердің зақымдануына; аяқ-қолдың қозғалмауына; ұзақ мерзімді оңалтуға және кейбір ерекше жағдайларда мүгедектікке әкелуі мүмкін.
Сондықтан, көкжөтелге қарсы вакцинация әлемнің барлығына дерлік елдерінде профилактикалық екпелердің ұлттық кестесіне енгізілген.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін ҚР Президенті Мемлекет басшысының физикалық зорлық-зомбылық жасағаны және медицина қызметкерлеріне қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдату жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленген Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне түзетулер енгізу туралы Заңға қол қойды.
Заң Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушілерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қол сұғушылық үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жаңа бапты енгізуді көздейді.
Нормаларға сәйкес:
* зорлық-зомбылық қолданамын деп қорқытқаны үшін 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 300 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді;
• ауырлататын мән-жайлар кезінде көрсетілген әрекеттерді жасаған кезде жаза қатаңдатылады және 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе шектеуді құрайды;
* өмірге және (немесе) денсаулыққа қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолданған кезде 500-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар не 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді;
* өмір мен денсаулыққа қауіпті зорлық-зомбылықты қолдану 5 жылдан 10 жылға дейін, ал ауырлататын жағдайлар болған кезде 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұдан басқа, заңда мыналарды бекіту көзделеді
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде осы санаттағы істер бойынша алдын ала тергеу және анықтау жүргізу жөніндегі ішкі істер органдарының құзыреті.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке физикалық күш қолдану және қатыгездік көрсету арқылы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған заңнамаға өзгерістер әзірлеуді тапсырған болатын.

Мероприятия по профилактике кори

— ежедневно в поликлиниках, образовательных и дошкольных учреждениях медицинские работники или дежурные по внутреннему  графику детей, учителей, посетителей и персонал должны пропускать через фильтр с осмотром. Лица с признаками респираторной инфекции (кашель, насморк, температура тела выше 37 градуса) не допускаются в детский сад и организацию образования;
— для недопущения распространения инфекции больного немедленно изолируют, в зависимости от степени тяжести заболевания лечение получает по назначению врача амбулаторно или стационарно;
— при выявлении инфекции в организованном коллективе проводится обучение детей правилам использования средств индивидуальной защиты (антисептиков в санитайзерах), а также ведется контроль за правильным исполнением рекомендаций детьми и работниками;
— в помещениях проводится обработка дезинфицирующими и моющими средствами  не менее 2-3 раза в день и частое проветривания не менее 15 минут;
— проводится частое мытье рук с мылом и сушка;
— больной корью должен быть максимально изолирован и не выходить в общественные места до полного выздоровления, чтобы не заразить окружающих.
— за контактными лицами с больным проводится ежедневное  медицинское наблюдение в течение 21 суток с момента выявления последнего случая заболевания;
— проводится активный поиск других подозрительных случаев заболевания;
— по эпидемиологическим показаниям контактным лицам в возрасте до 25 лет, ранее не привитых против кори и не имеющим сведения о вакцинации с момента последнего контакта с больным проводиться вакцинация ККП вакциной  не позднее 72 (семидесяти двух) часов против кори;
— среди детей и воспитателей дошкольных учреждений, учащихся, педагогов и родителей организовывается информационно-разъяснительная работа о мерах гигиены и важности вакцинации через родительские чаты в онлайн формате, на платформе ZOOM;
— массовые мероприятия (культурные, воспитательные, внеклассные и родительские собраний и т.д.) проводятся  в онлайн формате, прекращаются  обучения кабинетной системы, за исключением лабораторных, практических занятий;

2026 жылдан бастап МӘМС бірнеше созылмалы ауруды қамтиды

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық көмек пакеттеріне және оны көрсету тәртібіне қатысты бірқатар өзгерістер күшіне енеді. Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша диагностика, бақылау және емдеу ТМККК аясында көрсетілетін болса, созылмалы аурулары бар азаматтарға медициналық көмек МӘМС жүйесі шеңберінде көрсетіледі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне диспансерлік есепте тұрған азаматтардың бірқатар созылмалы аурулары бойынша бақылау мен емдеу енгізіледі.
Бұл тізімге келесі ауру түрлері кірді:
— қант диабеті;
— балалардың церебралды сал ауруы;
— дәнекер тіннің жүйелі аурулары;
— ревматизм;
— артериялық гипертония;
— жүректің ишемиялық ауруы және өзге де жүрек аурулары;
— төменгі тыныс жолдарының созылмалы аурулары;
— бүйрек аурулары, оның ішінде гломерулярлық аурулар, созылмалы бүйрек ауруы;
— ас қорыту жүйесінің аурулары;
— сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін аурулары.
Бұл диагноздары бар адамдарға амбулаториялық және стационарлық жағдайларда, соның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, қымбат дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, барлық қажетті ем түрлерін алуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, аталмыш диагноздары бар азаматтардың көпшілігі жеңілдік санаттарына кіреді және мемлекет есебінен сақтандырылған. Тағы бір бөлігі D және E санаттарына жатады, олар келесі жылдан бастап жергілікті атқарушы органдардың жарналары есебінен сақтандырылмақ.

Емханада есепте тұрған азаматтар МӘМС туралы нені білу керек?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық көмек пакеттеріне және оны көрсету тәртібіне қатысты бірқатар өзгерістер күшіне енеді.
Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша диагностика, бақылау және емдеу ТМККК аясында көрсетіледі.
✅Атап айтқанда:
• туберкулез;
• АИТВ инфекциясы;
• қатерлі ісіктер;
• созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы;
• психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар;
• орфандық аурулар;
• жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;
• орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялаушы аурулары;
• эпилепсия;
• жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай ішінде);
• инсульт (бір жыл ішінде).
Ал созылмалы аурулары бар азаматтарға медициналық көмек МӘМС жүйесі шеңберінде көрсетіледі.
✅Бұл тізімге келесі ауру түрлері кірді:
— қант диабеті;
— балалардың церебралды сал ауруы;
— дәнекер тіннің жүйелі аурулары;
— ревматизм;
— артериялық гипертония;
— жүректің ишемиялық ауруы және өзге де жүрек аурулары
(жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының бұзылыстары);
— төменгі тыныс жолдарының созылмалы аурулары;
— Бүйрек аурулары, оның ішінде гломерулярлық аурулар, созылмалы бүйрек ауруы;
— ас қорыту жүйесінің аурулары;
— сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін аурулары.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауындағы тапсырмалардың бірі – бюджет мүмкіндіктерімен теңгерілген және азаматтарға қажетті медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін Бірыңғай базалық мемлекеттік медициналық көмек пакетін құру болды. Осы бағыттағы жұмыстар бір жыл бойы жүргізілді. Ал 2025 жылдың шілде айында Президент МӘМС және медициналық қызметтер көрсетуне қатысты өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін Заңға қол қойды. Жаңашылдықтардың бір бөлігі биыл күшіне енсе, әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулар тізбесіне қатысты нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тұмау – жұқпалы вирустық ауру

Тұмау – тыныс алу жолдарын зақымдайтын, өте тез таралатын вирустық ауру. Ауа-тамшы жолымен жұғады (жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде).
Негізгі белгілері:
Дене қызуының 38–40°С-қа дейін көтерілуі
Бас ауруы, әлсіздік
Бұлшықет пен буындардың сырқырауы
Тамақтың ауруы, жөтел
Мұрынның бітелуі немесе су ағу
Қауіпті асқынулары:
Өкпе қабынуы (пневмония)
Созылмалы аурулардың асқынуы
Жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылыстары
Балалар мен қарттарда ауыр өтуі мүмкін.
Алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация!
Тұмауға қарсы екпе жыл сайын жүргізіледі және аурудың ауыр өтуінен қорғайды.
Маңызды! Егер грипп белгілері байқалса:
Өзін-өзі емдемеңіз
Дереу дәрігерге көрініңіз
Үй жағдайында оқшауланып, өзгелерге жұқтырмауға тырысыңыз!