Қызылша – қауіпті жұқпалы ауру!

Қызылша – өте жұқпалы вирустық ауру. Ол ауа-тамшы жолымен таралады (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде).
Негізгі белгілері:
Дене қызуының 38–40°С-қа дейін көтерілуі
Мұрыннан су ағу, жөтел
Көздің қызаруы, жас ағуы
3–4 күннен кейін беттен бастап бүкіл денеге таралатын қызыл бөртпе
Қауіпті асқынулары:
Өкпе қабынуы
Ортаңғы құлақтың қабынуы
Ми қабынуы (энцефалит)
Кей жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.
Алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация!
Қызылшаға қарсы екпе балаларға жоспарлы түрде жүргізіледі және қауіпсіз.
Маңызды! Егер балада немесе ересек адамда қызылша белгілері байқалса:
Өзін-өзі емдемеңіз
Дереу дәрігерге көрініңіз
Басқа адамдармен қарым-қатынасты шектеңіз
Вакцина – сіздің және балаңыздың денсаулығын қорғаудың сенімді жолы!

ШУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ!

🔰 Жамбыл облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары көшбасшысы конкурсының үздіктері анықталды. Байқау нәтижесінде 1-орынды №5 Тараз қалалық емханасы, 2-орынды Байзақ аудандық орталық ауруханасы иеленсе, @shu_gp ШУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ 3-орынды еншіледі.
🏆 Төрт ай бойы — ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қарашасы аралығында — алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК ) ұйымдары тұрғындарды МӘМС жүйесіне тарту, азаматтардан түсетін шағымдар санын азайту, диспансерлік есепте тұрған пациенттермен профилактикалық жұмысты күшейту, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру қызметінде креативті тәсілдерді қолдану бағыттары бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.

Қызылша – өте жұқпалы ауру

Қызылша (корь) – өте жұқпалы вирустық жұқпалы ауру. Ауру ауа-тамшы жолымен тез таралады.
❗ Негізгі белгілері:
дене қызуының 38–40°С-қа дейін көтерілуі
мұрыннан су ағу, жөтел
көздің қызаруы, жас ағу
3–5 күннен кейін беттен бастап бүкіл денеге таралатын қызыл бөртпе
⚠ Асқынулары:
Қызылша пневмония, отит, энцефалит сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін, әсіресе балалар мен иммунитеті төмен адамдар үшін қауіпті.
💉 Алдын алу:
Қызылшадан сақтанудың ең тиімді жолы – вакцинация. Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес балаларға жоспарлы түрде егіледі.
📍 Белгілер байқалған жағдайда өздігінен емделмей, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шу қаласының Төле би атындағы орта мектебінің жасөспірімдері арасында Шу қалалық емханасының жастар денсаулық орталығының мамандары репродуктивті денсаулықты сақтау, жеке бас гигиенасы, өнегелі жыныстық тәрбие жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Скринингтен кім және қашан өтуі керек?

Қазақстанның әрбір азаматы денсаулығына ешқандай шағымы болмаса да, профилактикалық тексерулер мен скринингтерден уақтылы өтіп отыруы тиіс.
Скринингтер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің шеңберінде тегін жүргізіледі. Айта кетейік, енді онкоскринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді.
Пациент скринингтен өз емханасында өте алады. Оған келесі жолдармен жазылады:
• емханаңыздың тіркеу бөлімінде,
• call-орталық арқылы,
• емханаңыздың мобильді қосымшасы немесе порталы арқылы.
Денсаулығыңызды қорғаңыз — скринингтен өтуді ұмытпаңыз!

Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?

Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?
Медицина қызметкерін емханаға баруға мүмкіндік болмаған кезде үйге шақыруға болады.
Медбике немесе фельдшер:
— Дене қызуы 38°С-қа дейін көтерілсе;
— Қан қысымы жоғарылап, бірақ жалпы жағдайы қалыпты болса;
— Есінен танбаған немесе қан кетпеген, жағдайы күрт нашарламаған жарақаттар мен аурулар кезінде пациенттің үйіне барады.
Ал учаскелік дәрігер:
— Егер тіркеу бөлімі немесе медбике пациенттің жағдайын дәрігердің тексеруі қажет деп бағаласа;
— Вакцинадан кейін жағдайы нашарлаған сәтте үйге келеді.
Бұдан бөлек, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті және босанған әйелдер, 65 жастан асып, өздігінен емханаға келе алмайтын адамдар жағдайы нашарлаған кезде үйде қаралады.

МӘМС жүйесіндегі мәртебені қалай тексеруге болады?

— Қордың msqory.kz ресми сайтында;
— Telegram-дағы @SaqtandyrýBot арқылы;
— Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында;
egov.kz сайтындағы жеке кабинетте;
— Damumed-тегі жеке кабинетте;
— Банктердің мобильді қосымшаларында.