Аяулы арулар – құрмет құшағында!

Шу қалалық емханасында көктемнің ең шуақты мерекелерінің бірі – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға емхана ұжымы қатысып, нәзік жандыларға құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында әйел-аналардың қоғамдағы, отбасы мен медицина саласындағы ерекше рөлі атап өтіліп, ақ халатты абзал жандарға ізгі тілектер мен жылы лебіздер арналды. Ұжымдағы ер азаматтар мен әріптестер әйелдерді мерекемен құттықтап, олардың тынымсыз еңбегіне алғыс білдірді.
Салтанатты жиын барысында денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар үздік қызметкерлер арнайы марапаттарға ие болды. Өз ісіне адалдық танытып, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген медицина мамандарына Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды.
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, ұжымдағы бірлік пен сыйластықтың айқын көрінісіне айналды.

МӘМС аясында оңалту көмегі — сақтандырылған азаматтар үшін ақысыз жүргізіледі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) аясында сақтандырылған азаматтарға отадан кейінгі оңалту қызметтері толық көлемде ақысыз көрсетіледі. Бұл — пациенттердің сауығу процесін жеделдетіп, өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды медициналық қолдау.
Тараз қаласының тұрғыны Айгүл Байдашева өткен жылы тізе буынына эндопротездеу отасын сәтті жасатқан. Отадан кейін пациент оңалту емін тұрақты түрде алып, өзі тіркелген №5 қалалық емхана күндізгі стационарында бірнеше рет қалпына келтіру шараларынан өткен.
Пациенттің айтуынша, емдеу нәтижесі көңіл көншітерлік.
«Құдайға шүкір, аяғыма жасатқан отам сәтті өтті. Қазіргі таңда емдік оңалту шараларым жалғасуда. Сонымен қатар дәрігерлер санаторийлік ем алуға жолдама берді. Барлық ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз», – дейді ол.
Дәрігер-реабилитолог Райхан Қойтбаева пациентке клиникалық хаттамаға сәйкес ем тағайындалып, қажетті оңалту шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мамандардың бақылауымен физиотерапия, емдік жаттығулар және басқа да қалпына келтіру процедуралары жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта пациенттің денсаулық жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.
Айта кету керек, операциядан кейінгі оңалту қызметтері Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүйесі аясында толық қаржыландырылады. Яғни, сақтандырылған азаматтар медициналық көрсеткіштер бойынша қажетті оңалту емін еш ақысыз ала алады.
Дереккөз: @zhambyl_taraz

Жаңа Конституцияның жобасы түсіндірілді

2026 жылдың 15 наурызында өтетін республикалық референдум қарсаңында Шу қалалық емханасында арнайы бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаевтың қатысуымен жиын өтті.
Басқосу барысында Н.Сұлтанбаев түсіндіру жұмысын жүргізіп, бұл саяси науқанның ел дамуы жолында маңызы зор екенін жеткізді.
Емхана ұжымы да өз кезегінде конституциялық референдумды бірауыздан қолдайтындарын және саяси науқанға белсене қатысатындарын атап айтты.

Ата-аналар мен оқушылар назарына!

Сіздердің назарларыңызға халықтың сапалы әрі қауіпсіз тағам өнімдерін таңдау мәселелері бойынша дайындалған «Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбындағы ақпараттық-ағартушылық бейнероликті ұсынамыз.

МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді тексеріңіз!

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына күн сайын МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру және оны қалай алуға болатыны туралы сұрақтар келіп түседі.
Айта кетейік, «Сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде – келіп түскен төлемдер негізінде, оның ішінде жеңілдік санатындағы азаматтар үшін уәкілетті мемлекеттік органдардан түсетін төлемдер негізінде беріледі.
Төлемдер Мемлекеттік корпорация өңдегеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Қорға түседі. Сондықтан мәртебеңізді ауырмай тұрып бақылауда ұстау қажет.
❗️Есіңізде болсын: «сақтандырылған» мәртебесі соңғы 12 ай бойы үздіксіз төлемдер болған жағдайда сақталады.
Бір айға төлем жасалмаса, Сіз «сақтандырылған» мәртебесінен айырылып, МӘМС аясында медициналық көмекті дер кезінде алу мүмкіндігін жоғалтасыз.
Жұмыс берушілер төлемдерді аудару кезінде жиі қате жібереді – төлем кезеңін немесе тағайындау кодын дұрыс көрсетпейді. Нәтижесінде қызметкер сақтандыру мәртебесінен айрылады.
📌 Сондықтан өз мәртебеңізді келесі тәсілдер арқылы жиі тексеріп тұруды ұсынамыз:
eGov.kz порталы арқылы – жеке кабинетіңізде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз бен аударылған жарналар туралы ақпарат қолжетімді
msqory.kz сайтында
• Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында
• банктердің мобильді қосымшаларында
📞 Анықтама үшін байланыс өмірлері:
8 (7172) 67-46-74 (ішкі нөмірлер: 2505, 2517, 2519, 2508, 2502) сондай ақ өңірлердегі филиалдардың байланыс нөмірлерін қордың ресми сайтынан көре аласыз.
#МӘМСЖАМБЫЛ #ӘМСҚЖАМБЫЛ

4 наурыз — Дүниежүзілік адам папиллома вирусымен (АПВ) күрес күні

Адам папиллома вирусы (АПВ) — жыныстық жолмен берілетін ең кең таралған инфекциялардың бірі.
АПВ-ның шамамен 200-ге жуық түрі бар. Олардың кейбірі жыныс аймағында сүйелдер тудырады, кейбірі ауыз қуысы мен тамақты зақымдайды. Ал 12 түрі жоғары онкологиялық қауіпке жатады. Ең қауіптілері — 16 және 18 типтері, олар көбінесе қатерлі ісіктің дамуына себеп болады.
Жағдайлардың 90%-ында ағза вирусты өздігінен жояды. Алайда қауіпті типтері ұзақ уақыт бойы сақталған жағдайда, қатерлі ісікке шалдығу қаупі артады. АПВ-мен байланысты онкологиялық аурулардың ішінде ең жиі кездесетіні — әйелдердегі жатыр мойны обыры.
АПВ-мен байланысты онкологиялық аурулардың алдын алу вакциналау арқылы мүмкін.
❗ Маңызды дерек: вакцина бар инфекцияны емдеу үшін емес, қатерлі ісіктің алдын алу үшін қолданылады.
👆АПВ-ның алдын алу туралы толығырақ ақпарат біздің инфографикалардан қарауға болады.
💙 Вакциналау, тұрақты скрининг және обырға дейінгі өзгерістерді уақытылы емдеу денсаулықты сақтауға және қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі.

4 Наурыз — Дүниежүзілік семіздікпен күрес күні

2022 жылы бір миллиардтан астам адам, яғни әр сегізінші адам, семіздікпен өмір сүрген. 2,8 миллиард адамда артық салмақ болған. Бұл көрсеткіштер әлемнің көптеген елдерінде өсіп келеді.

Семіздік тек сыртқы келбет туралы емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) семіздікті созылмалы, қайталанатын ауру ретінде жіктейді. Ол 200-ден астам ауру қаупін арттырады, оның ішінде қант диабеті, жүрек-қан тамырларының аурулары және кейбір қатерлі ісік түрлері бар.

💡 Маңызды дерек:
Семіздік генетика, мидың жұмысы, тамақтану әдеттері, физикалық белсенділік, салауатты тамаққа қолжетімділік, нарықтың ықпалы және өмір сүретін ортаның әсерінен туындайтын күрделі процесс.

Жеке деңгейде семіздіктің алдын алу үшін үйлестірілген тағамды мен тұрақты физикалық белсенділікті қосу маңызды. Сонымен қатар қауіпті азайту үшін:
✔ экран алдында өткізілетін уақытты шектеу
✔ жеткілікті ұйқы
✔ эмоцияларды басқару да маңызды.

Қазақстанда, жәңе басқа елдерде де, балалар семіздігі мәселесі өте өзекті. Ата-аналарға балаларға салауатты әдеттерді ерте жастан үйрету маңызды. Толығырақ кеңестер мен ұсынымдарды жоғарыдағы инфографикалардан қарауға болады.

💚 Естеріңізде болсын, денсаулыққа қамқорлық — бұл мінсіз дене туралы емес, бұл күнделікті саналы таңдау. Кішкентайдан бастаңыз: көбірек қозғалыс, салауатты тамақ және өзіңізге көңіл бөлу

МӘМС аясында оңалту көмегі ақысыз көрсетіледі

Тараз қаласының тұрғыны Айгүл Байдашева былтыр тізе буынына эндопротездеу отасын сәтті жасатқан. Отадан кейін ол өзі тіркелген қалалық №5 қалалық емханада оңалтудан бірнеше рет өткен.
«Құдайға шүкір, аяғыма жасатқан отам сәтті өтті. Енді емдік оңалту шараларым жоғары деңгейде өтіп жатыр. Жақында санаторийге жолдама алып, жақсы ем алып келдім. Барлық ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз»,-дейді пациент.
Дәрігер ребилитолог Райхан Қойтбаеваның айтуынша, пациентке бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес ем тағайындап, қажетті оңалту емдік шараларды жүргізілуде. Қазіргі таңда пациенттің денсаулық жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.
Айта кету керек, барлық емдік процедуралар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында толық қаржыландырылды.

АИТВ / ВИЧ – адамның иммун тапшылығы вирусы

АИТВ / ВИЧ – адамның иммун тапшылығы вирусы. Бұл вирус иммундық жүйені әлсіретеді, сондықтан дене түрлі инфекцияларға және ауруларға қарсы төзімділігін жоғалтады.
⚠️ Қалай беріледі:
🔹 Қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы
🔹 Қан және қан өнімдері арқылы
🔹 Анадан балаға (жүктілік, босану, емшек сүті)
❌ Қалай берілмейді:
🚫 Қол алысып, құшақтасып
🚫 Қоршаған ортада, тамақ немесе сусын арқылы
🚫 Жеке гигиена құралдарын ортақ пайдаланған кезде
⚠️ Белгілері:
🩸 Алғашқы кезеңде көбіне белгілері болмайды
🤒 Жеңіл дене қызуы, шаршау, тершеңдік
🦠 Кейін иммунитет төмендеп, жиі аурулар пайда болады
🛡 Алдын алу жолдары:
✅ Презерватив қолдану
✅ Қан және медициналық құралдарды қауіпсіз пайдалану
✅ Белсенді жыныстық қатынаста тексеруден өту
✅ Ата-ананың АИТВ статусын білу (жүктілік кезінде)
👩‍⚕️ Ерте анықтау – тиімді емнің кілті. Уақытылы тексеру өмірді сақтайды!

Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар

Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар – қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы аурулар. Олар ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Ең жиі кездесетін инфекциялар:
• АИТВ инфекциясы
• Мерез
• Гонорея
• Хламидиоз
• Трихомониаз
• Адам папиллома вирусы (АПВ)
⚠️ Белгілері:
🔹 Жыныс жолдарынан бөлінді
🔹 Қышыну, ашыту
🔹 Зәр шығару кезінде ауырсыну
🔹 Төменгі іштің ауыруы
🔹 Кей жағдайда еш белгісіз өтуі мүмкін
❗ Маңызды: Кейбір инфекциялар симптомсыз өтеді. Сондықтан жылына кемінде 1 рет тексеруден өту ұсынылады.
🛡 Алдын алу жолдары:
✅ Презерватив қолдану
✅ Бір тұрақты серіктеспен болу
✅ Кездейсоқ қатынастан бас тарту
✅ Уақытылы медициналық тексерілу
✅ АПВ-ға қарсы вакцинация
👩‍⚕️ Ерте анықтау – тиімді емнің кепілі. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!