МӘМС мобилді қосымшасы жаңартудан өтуде

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Құлсейітов Үкімет отырысында Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы жаңартудан өтіп жатқанын айтты. Онда пациенттің рөлі трансформациядан өтіп, медициналық қызметтердің сапасы мен көрсетілуін бақылау жүйесіндегі негізге айналмақ.
Қор Qoldau 24/7 мобильді қосымшасының жаңа нұсқасын әзірлеуде. Оны жылдың соңына қарай іске қосуды жоспарлап отыр. Пайдаланушылар жеке кабинет арқылы барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізіп, мәртебесін тексеріп, төлемнің түскенін қарай алады және ең бастысы — медициналық қызметтерді алу көрсеткішін көре алады.
«Бұл функционал бұрын-соңды болмаған деңгейдегі ашықтықты қамтамасыз етеді. Азаматтар ЖСН теріп, Қордың қандай қызметтерді төлегенін көруге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жалған жазбаны анықтау қызметі аса маңызды. Қызмет жүйеде тіркелген соң, пациентке хабарлама келеді және ол қызметті алғанын не алмағанын растай алады», – деді Айдын Құлсейітов.
Егер пациент қызметті алса, оны ЭЦҚ көмегімен растайды және бірден сапасына 1-ден 5-ке дейін баға бере алады. Ал қызмет көрсетілмесе (яғни, жалған жазба), пациент оны да ЭЦҚ арқылы тіркеп, Қор расталмаған медициналық қызмет бойынша автоматты түрде ресми тексерісті бастайды.
Осылайша, Qoldau 24/7 әр сақтандырылған азаматты жүйенің аудиторы ретінде қарап, алаяқтықпен күрестің ең тиімді сыртқы контурын қамтамасыз етеді.

Бұрын жарна төлемеген азамат сақтандыру мәртебесін қалай ала алады?

Мен жұмыс істемеймін және медициналық сақтандыруға ешқашан жарна төлеген емеспін. Алда құны қымбат операция күтіп тұр. Оны МӘМС бойынша жасатуға болады. Мен сақтандырылған мәртебесін қалай ала аламын?
Оқырманның сұрағына жауап береміз ➡️

Оқушыларға қандай медициналық көмек қарастырылған?

Оқу жылы басталғалы бері ата-аналар балаларына қандай тегін медициналық қызметтер көрсетілетінін білгісі келеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бұл туралы түсініктеме дайындады.

Оқушылар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған, яғни олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Сондықтан олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында да барлық қажетті медициналық қызметтерді ала алады.

Оқушыларға медициналық қызметтер мектеп орналасқан аумаққа тиесілі емхана арқылы көрсетіледі. Мектептердегі медициналық пункттер оқу жылы барысында балаларды бақылап, уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Өңірлік штаб отырысы өтті

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетованың төрағалығымен халықты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша кезекті өңірлік штаб отырысы өтті.
Жиынға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова, Тараз қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы және облыстық білім басқармасының өкілдері қатысты.
Басқосу барысында Қор филиалының директоры Ғани Төленқызы облыс халқын МӘМС жүйесімен қамтуды арттыру және аймақ бойынша сақтандырылмаған азаматтар санын азайту бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталды.
Ғайни Аймағанбетованың айтуынша, бүгінгі таңда облыс бойынша сақтандырылған азаматтар саны 952 мыңнан асса, сақтандырылмағандар саны шамамен 224 мың адамды құрап отыр. Алайда, Қордай, Меркі, Жамбыл, Жуалы Байзақ аудандарында МӘМС жүйесінен тыс қалып отырған азаматтардың үлесі жоғары. Мысалы, Қордай ауданында 33 мыңнан аса адам сақтандырылмаған. Бұл мәселеге байланысты қор өз тарапынан талдау жүргізіп, сақтандырылмаған азаматтардың ЖСН-і бойынша тізімін дайындағанын атап өтті.
«Бұл бағытта нақты талдау жүргізілді. Нәтижесінде тамыз, қыркүйек айларында 6000 мыңға жуық адамның сақтандыру мәртебесі қалпына келтірілді. «Серпін» медициналық орталығы ЖШС, Шу аудандық орталық ауруханасы, Талас аудандық ауруханасы және Шу қалалық емханасы жақсы жұмыс істеген атап өткен жөн. Алайда, Байзақ, Жамбыл, Қордай аудандарында жұмыс нәтижесі көңіл көншітпейді»,-деді Ғайни Төленқызы.
Айжан Серікбайқызы сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту бойынша төмен нәтиже көрсетіп отырған Жамбыл, Байзақ, Қордай аудандарына ерекше тоқталып, алдағы 2 апта көлемінде нақты жұмыс жүргізуді және осы уақыт аралығында оң нәтиже көрсетуді тапсырды.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары жергілікті атқарушы органдар елдімекендер мен нақты округтер бойынша бөлу, көші-қонмен байланысты жұмыстарды күшейту, қайтыс болған азаматтарды уақытылы тіркеу, басқа өңірге қоныс аударғандар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды анықтауды тапсырды.

Алғаш рет Avvigo+ атты внутрисосудистік ультрадыбыстық зерттеу (ВСУЗИ) технологиясы енгізілді

Тараз қаласындағы Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығында алғаш рет Avvigo+ атты внутрисосудистік ультрадыбыстық зерттеу (ВСУЗИ) технологиясы енгізілді.
Бұл әдіс жүрек ауруларын, әсіресе коронарлық артериялардың тарылуын дәл анықтауға және тиімді емдеуге мүмкіндік береді.
Avvigo+ дәрігерге тамыр ішін жоғары дәлдікпен көруге, атеросклеротикалық бляшкаларды анықтауға және стент қоюда оңтайлы шешім қабылдауға көмектеседі.
Бұл — Тараз тұрғындары үшін Еуропа және АҚШ клиникаларында қолданылатын заманауи медициналық қызметтерге қолжетімділік деген сөз.
11 қыркүйек күні Алматы қаласынан келген жетекші кардиолог маман Алексей Колесниковтың қатысуымен шеберлік сабағы өтіп, 3 күрделі операция сәтті аяқталды. Барлық операциялар МӘМС аясында тегін жүргізілді, бұл тұрғындарға қаржылық ауыртпалықсыз жоғары технологиялы көмек алуға мүмкіндік берді.

Скринигтен кім және қашан өтуі керек?

Қазақстанның әрбір азаматы денсаулығына ешқандай шағымы болмаса да, профилактикалық тексерулер мен скринингтерден уақтылы өтіп отыруы тиіс.
Скринингтер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің шеңберінде тегін жүргізіледі. Айта кетейік, енді онкоскринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді.
Пациент скринингтен өз емханасында өте алады. Оған келесі жолдармен жазылады:
• емханаңыздың тіркеу бөлімінде,
• call-орталық арқылы,
• емханаңыздың мобильді қосымшасы немесе порталы арқылы.
Денсаулығыңызды қорғаңыз — скринингтен өтуді ұмытпаңыз!!

Жолдауға – қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа бақылау жүйесін жасанды интеллект негізінде құруды тапсырды.

Осыған байланысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жамбыл облыстық филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова Жолдауда Қорға жүктелген міндеттер туралы айтып берді.

– Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында денсаулық сақтау саласына, соның ішінде Қор жұмысына ерекше көңіл бөліп келеді. Биылғы Жолдау да осы бағыттағы стратегиялық мақсаттарды нақтылап берді. Атап айтқанда, медициналық көмектің сапасын арттыру және оны тұрғындарға қолжетімді ету үшін жаңа технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті енгізу міндеттелді, – деді филиал басшысы.

Ғайни Төленқызының айтуынша, бұл бағытта алғашқы нақты қадамдар жасалып та үлгерген. Жамбыл облысында медициналық қызметтерге ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде «Мониторинг» модулі енгізіліп, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап пилоттық режимде іске қосылған. Ал 1 шілдеден бастап жүйе толық жұмыс істей бастады.

Қазіргі таңда Қор филиалы облыстағы 109 медициналық ұйыммен шарт жасасқан. Бірыңғай төлем жүйесінің алғашқы кезеңі аясында 20-дан астам автоматтандырылған мониториг алгоритмі енгізілді. Бұл жүйе арқылы медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтері заңнама мен стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан автоматты түрде тексеріледі. Кемшіліктер мен сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жүйе бірден белгі беріп, жедел шара қабылдауға мүмкіндік береді.

– Бұл тәсіл бізге нақты ақауларды уақытылы анықтап, қызмет сапасын бақылауды күшейтуге жол ашады. Жолдауда айтылғандай, 2025 жылдың соңына дейін жасанды интеллект негізінде толыққанды мониторинг жүйесін құру көзделіп отыр. Мұндай технологиялар тәуекелдерді болжауға, ресурстарды тиімді бөлуге және ең бастысы – халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге сеп болмақ, – деп түйіндеді Ғайни Аймағанбетова.

@baq.kaz

#ӘМСҚЖАМБЫЛ #МӘМСЖАМБЫЛ

Жамбыл облысында ТМККК және МӘМС көрсеткіштері сараланды

Бүгін облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі емдеу-алдын алу ұйымдарының бас дәрігерлері қатысқан кезекті аппараттық кеңес өтті.
Кеңестің басты тақырыбы – 2025 жылдың алғашқы алты айында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары. Жиында Жамбыл облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова кең көлемді баяндама жасап, негізгі көрсеткіштер мен проблемалық тұстарға тоқталды.
Басқосу барысында аймақтағы медициналық ұйымдардың қызмет сапасы сараланып, қол жеткізілген нәтижелер мен шешімін күткен мәселелер кеңінен талқыланды. Негізгі екпін өңір халқын сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз етуге, жүйенің тиімділігін арттыруға және ресурстарды ұтымды пайдалануға қойылды.
Кеңес қорытындысында барлық игерілмеген көлемдерге терең талдау жүргізу, оларды толық игеру бойынша нақты жоспар әзірлеу және бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жеке кәсіпкердің ешқандай табысы болмаса да, МӘМС-ке жарна төлеуі қажет пе?

Иә, МӘМС жүйесінде жарна төлеу міндеті жұмыс істеп тұрған ЖК болу фактісі бойынша туындайды және ол табысқа байланысты емес.
Егер жеке кәсіпкер ҚР Салық заңнамасына сәйкес салық есептілігін ұсынуды тоқтатса немесе «жұмыс істемейді» деп танылса, жарна төлеуден босатылады.