Емханаға тіркелу деректерін қалай тексеруге болады?

Медициналық қызметтерді пайдалану үшін ең алдымен өз емханаңызды және учаскелік дәрігеріңізді білу маңызды.
Қай емханаға тіркелгеніңізді eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен, eGov Mobile және Damumed қосымшалары арқылы немесе емханалардың анықтама қызметі арқылы тексеруге болады.
Азаматтардың келісімінсіз немесе жалған мәліметтер негізінде медициналық мекемеге тіркеу заңбұзушылық болып саналады. Егер тіркеу сіздің қалауыңызсыз жасалған болса, eGov.kz порталы арқылы өзіңізге ыңғайлы емханаға қайта тіркеліңіз. Сонымен қатар, жалған тіркеу фактісі бойынша шағым қалдыру қажет. Емханаға жалған тіркеу бюджет қаржысын заңсыз иеленуге жатады.
Біле жүріңіз, қажет болған жағдайда жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша, тұрғылықты мекен-жайын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстыруына байланысты және медициналық ұйым қайта ұйымдастырылса немесе таратылса емхананы өзгертуге болады. Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылай алуы үшін тұрғылықты жеріне тікелей жақын мекемені таңдау ұсынылады.

Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулық күніне орай өткен іс-шара

🦷 20 наурыз – Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулық күніне орай түрлі ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Аталған күннің басты мақсаты – тұрғындарға ауыз қуысының саулығын сақтау жолдарын түсіндіру және дұрыс гигиеналық әдеттерді қалыптастыру.
🏫 Осыған орай Шу қаласындағы №40 мектеп оқушылары арасында танымдық шара өтті. Іс-шараны Шу қалалық емханасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру (СӨС) дәрігері ұйымдастырып, оқушыларға ауыз қуысының күтімі туралы кеңінен ақпарат берді.
😁 Кездесу барысында маман тіс күтімінің маңыздылығын түсіндіріп, тіс жегісі мен қызыл иек ауруларының алдын алу жолдарына тоқталды. Сондай-ақ, дұрыс тіс тазалау әдістері көрсетіліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
🪥 Шара барысында балаларға күніне екі рет тіс тазалау, тәтті тағамдарды шектен тыс қолданбау және уақытылы стоматологқа қаралу қажеттігі айтылды. Бұл кеңестер оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
✨ Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануына және жарқын болашаққа қадам жасауына септігін тигізеді.

20 наурыз – Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулық күні

ҰЛТТЫҚ КИІМ — ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ КӨРІНІСІ

Ұлттық киім күніне орай Шу қалалық емханасының қызметкерлері ұлттық нақыштағы киім киіп, мерекенің мәнін арттырды.
Бұл бастама – ата-бабадан мұра болып қалған салт-дәстүрді ұлықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі.
Ұлттық киім – тек сән емес, тарих, мәдениет және ұлттың болмысын айқындайтын асыл қазына. Осындай игі шаралар арқылы төл мәдениетімізге деген құрмет арта түседі.

Адамның иммун тапшылығы вирусы

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) 🦠 – иммундық жүйені зақымдайтын вирус.
Егер дер кезінде ем қабылданбаса, ол СПИД-ке (синдром приобретённого иммунодефицита) әкелуі мүмкін. ⚠️
🔹 Қалай жұғады?
– Қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде ❤️
– Қан арқылы 💉
– Таза емес инелерді қолдану кезінде
– Анадан балаға 🤰
🔹 Қалай жұқпайды?
– Қол алысу 🤝
– Құшақтау 🤗
– Бір ыдысты пайдалану 🍽️
– Жөтелу немесе түшкіру 🤧
🔹 Алдын алу:
– Қорғану құралдарын қолдану 🛡️
– Тұрақты медициналық тексеру
– Стерильді құралдарды пайдалану
– Салауатты өмір салты 💚
Ерте анықтау және емдеу арқылы адам ұзақ әрі белсенді өмір сүре алады. 👩‍⚕️👨‍⚕️✨

Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар (ЖЖБИ)

Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар – бұл қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде берілетін жұқпалы аурулар. ⚠️ Олар ерлер мен әйелдерде де кездесуі мүмкін.
Ең жиі таралатын түрлері:
АИТВ (ВИЧ) 🦠
Мерез
Гонорея
Хламидиоз
Папилломавирус (HPV)
🔹 Белгілері:
– Күшті бөлінділер
– Қышу, күйдіру сезімі
– Іштің төменгі бөлігінің ауыруы
– Терідегі бөртпелер
⚕️ Алдын алу жолдары:
– Қорғану құралдарын қолдану (презерватив) 🛡️
– Тексеруден уақытылы өту
– Сенімді серіктес
– Дәрігер кеңесіне жүгіну
Егер қандай да бір белгі байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. 👩‍⚕️👨‍⚕️

ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ РУХЫ

Бүгін – Ұлттық киім күні 👘
Бұл күн – ата-бабамыздан қалған асыл мұраны ұлықтайтын, тарихымыз бен мәдениетімізді дәріптейтін ерекше мереке.
Қазақтың ұлттық киімі – тек сән емес, ол терең мәнге ие. Әр ою-өрнек, әрбір нақыш – халқымыздың болмысын, дүниетанымын бейнелейді ✨
Ұлттық киім кию – өткенге тағзым, болашаққа аманат. Бүгінгі ұрпақ ата дәстүрін жалғап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тиіс 🇰🇿
Киім арқылы тарих сөйлейді…
Ал біз сол тарихты мақтанышпен жалғастырамыз!

Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы

Ұлттық киім – халқымыздың рухани қазынасы,
тарихы мен мәдениетінің айнасы.
✨ Әр ою, әр өрнек – ата-бабадан жеткен аманат, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан асыл мұра.
🧵 Бүгінгі күні ұлттық нақыштағы киімдер заманауи сәнмен үйлесіп, қайта жаңғырып келеді.
🇰🇿 Ұлттық киімді кию – тек сән емес, ұлтыңа деген құрмет, тамырыңа деген тағзым.
💫 Бүгін біз ұлттық болмысымызды дәріптеп,
дәстүрімізді ұлықтаймыз!
🎉 Ұлттық киімдер күні құтты болсын!

Емхана ұжымы ұлттық киімді ұлықтады

Шу қалалық емханасының ұжымы Ұлттық киім күніне орай ұлттық нақыштағы киімдер киіп, мерекенің сәнін кіргізді. Бұл бастама арқылы медицина қызметкерлері халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптеп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсетті.
Әсем камзолдар мен шапандар, ою-өрнекпен безендірілген киімдер ұжымға ерекше көрік беріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осындай игі шаралар ұлттық дәстүрлерімізді жаңғыртып, жас ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.

Мен жүктімін, жұмыссызбын – неге жеңілдік мәртебем тоқтатылды?

Халық тарапынан жиі қойылатын сұрақтың бірі — “Мен ресми жұмыс істемеймін, бірақ жүкті бола тұра жеңілдік мәртебесінен шығып қалдым. Неліктен?” деген сауал.
Жүйеде міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар пайда болған жағдайда жеңілдік мәртебесі алынып тасталуы мүмкін. Бұл – әйелдің табыс алып, «жұмыс істемейтін» санатына сәйкес келмейтінін білдіреді.
Мұндай жағдай көбіне жүкті әйелдердің жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, аударымдар жасауы салдарынан орын алады. Мәртебені қалпына келтіру үшін жеке кәсіпкерліктің қызметін ресми тоқтату қажет.