Қате немесе артық төленген МӘМС жарналарын қайтарып алуға болады?

Бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде өтініш беру қажет.
📝 Егер сіз дербес төлеуші болсаңыз, өтініш үлгі бойынша толтырылады.
📝 Ал жұмыс беруші арқылы өтініш берілген жағдайда, қызметкердің қаражатын қайтаруға берген келісімі қоса тіркелуі тиіс.
Мемлекеттік корпорацияның мекенжайлары мен өтініш үлгілері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында бар.
Қаражат өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Қаражатты қайтарудан бас тартатын кездер болады. Оның себептері мыналар:
— МӘМС жарналары бойынша бұрынғы төленбеген кезеңдер үшін берешек болса;
— құжаттарда мәліметтер дұрыс көрсетілмесе;
— өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмесе;
— дербес деректерді өңдеуге келісім болмаса.
#МӘМСЖАМБЫЛ #ӘМСҚЖАМБЫЛ

Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ / ОРВИ) туралы не білу керек?

ЖРВИ (орысша – ОРВИ) – тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустық инфекциялар тобы. Күз-қыс мезгілінде жиі кездеседі және адамнан адамға тез жұғады.
Негізгі белгілері:
Дене қызуының көтерілуі
Мұрынның бітелуі, су ағуы
Тамақтың жыбырлауы немесе ауыруы
Жөтел
Әлсіздік, бас ауруы
Қалай жұғады?
Ауа-тамшы жолы арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде)
Қол алысу, ортақ заттарды пайдалану арқылы
Алдын алу шаралары:
Қолды жиі сабындап жуу
Қоғамдық орындарда маска тағу
Бөлмені жиі желдету
Дұрыс тамақтану, дәрумендер қабылдау
Адам көп жиналатын жерлерден мүмкіндігінше аулақ болу
Қашан дәрігерге қаралу керек?
Дене қызуы 3 күннен артық түспесе
Қатты жөтел, ентігу пайда болса
Балаларда немесе созылмалы ауруы бар адамдарда жағдай нашарласа
Өзін-өзі емдеумен айналыспай, алғашқы белгілер байқалған жағдайда учаскелік дәрігерге жүгінген жөн. Ерте басталған ем – асқынудың алдын алады.
Денсаулығыңызды күтіңіз!

Медициналық қызметкерлерге алғашқы көмек көрсетуге арналған оқыту сабағы өтті

Шу қалалық емханасында BLS – «Синий код» бойынша медициналық қызметкерлерге алғашқы көмек көрсетуге арналған оқыту сабағы өтті.
Аталған оқу барысында қызметкерлер есінен тану, жүректің тоқтауы кезінде зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсету және жедел реанимациялық іс-шараларды орындау тәртібі бойынша білімдерін жетілдірді.
Сабақты Innovation Taraz орталығының мамандары жүргізді.

МӘМС арқылы жекеменшік клиникаларда ем алуға бола ма?

«Эскулап» емдеу орталығының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Гүлзада Абаева орталықта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тұрғындарға ұсынылатын қызмет түрлері туралы айтып өтті.
МӘМС жүйесі енгізілгеннен бері жамбылдықтар медициналық көмекті тек мемлекеттік мекемелерден ғана емес, сонымен қатар жекеменшік клиникалардан да алу мүмкіндігіне ие. Бұл – сақтандыру жүйесінің басты артықшылықтарының бірі.
Пациент тіркелген емханасы арқылы МӘМС аясында қызмет көрсететін кез келген медициналық ұйымға жолдама ала алады. Мұндай жағдайда азамат медициналық қызмет үшін ақы төлемейді, себебі шығындар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен өтеледі.
Егер тіркелген емханада қажетті бейінді маман болмаса немесе диагностика жүргізуге арналған жабдық жеткіліксіз болса, пациент басқа клиникаға жіберіледі. Мысалы, кейбір учаскелік емханаларда тұрғындар саны аз болғандықтан тар бейінді дәрігерлер жұмыс істемейді немесе УДЗ, рентген сияқты құрылғылар қарастырылмаған. Осындай жағдайда тұрғындар келісім бойынша жұмыс істейтін медициналық ұйымдарға жолданады.
Сонымен қатар емханада маман мен құрал-жабдық болғанымен, қабылдауға жазылу бірнеше айға созылып кетсе, бұл тетік тағы да қолданылады. Дәрігердің еңбек демалысына шығуы немесе аппараттың уақытша істен шығуы кезінде де пациент балама клиникаға жолдама сұрай алады.
Айта кету керек, пациент тек Қордың жеткізушілер базасына енгізілген жекеменшік клиникаларға ғана жіберіледі. Бұл үшін тіркелген емхананың алдын ала келісімшарт жасауы міндетті емес – жолдама берілген сәтте ақпараттық жүйе арқылы келісім автоматты түрде рәсімделеді.
Жекеменшік клиникаларда тұрғындар консультативтік және диагностикалық қызметтермен қатар, күндізгі немесе тәулік бойы стационарда емделуге, сондай-ақ МӘМС пакетіне кіретін операциялық көмекті алуға мүмкіндік алады.
Еске сала кетейік, МӘМС бойынша медициналық қызмет алу үшін азаматтың сақтандырылған мәртебесі болуы қажет.

Адам папиллома вирусы (АПВ) деген не?

Адам папиллома вирусы (АПВ) — өте кең таралған вирустар тобы. Оның 200-ден астам түрі бар. Кейбір түрлері теріде сүйел (бородавка) шығарады, ал қауіпті түрлері қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.
⚠️ Қалай жұғады? / Как передается?
🔹 тері-тері жанасу арқылы
🔹 жыныстық қатынас кезінде
🔹 сирек жағдайда тұрмыстық жолмен
👉 Көп адамдар вирус жұқтырғанын білмеуі мүмкін.
🚨 Қандай ауруларға әкелуі мүмкін?
✔ сүйелдер
✔ жатыр мойны обыры
✔ тамақ, ауыз қуысы, аналь аймақ обыры
💉 АПВ-ға қарсы вакцина
АПВ-ға қарсы вакцина — қатерлі ісіктің алдын алудың тиімді жолы.
Ол ағзаны ең қауіпті вирус түрлерінен қорғайды.
🔹 9–14 жас аралығында егу ұсынылады
🔹 қыздарға да, ұлдарға да жасалады
🔹 қауіпсіз және тиімді.
🛡 Қалай қорғануға болады?
✅ вакцина алу
✅ жеке гигиена сақтау
✅ тұрақты медициналық тексерілу.

ҚЫЗЫЛША (КОРЬ) ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ ВАКЦИНА

Қызылша – өте жұқпалы вирустық инфекция. Оның қоздырғышы – Morbillivirus вирусы. Ауру ауа-тамшы жолы арқылы тез таралады және әсіресе вакцина алмаған балалар мен ересектер арасында жиі кездеседі.
Белгілері:
Дене қызуының 38–40°С-қа дейін көтерілуі
Жөтел, мұрыннан су ағу
Көздің қызаруы
Ауыз қуысының шырышты қабатында ақ дақтардың пайда болуы
3–5 күннен кейін денеге бөртпенің шығуы
Қызылша асқынған жағдайда пневмония, отит, энцефалит сияқты қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
🛡 Алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация.
Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы вакцина балаларға 1 жаста және 6 жаста салынады. Вакцина иммунитет қалыптастырып, аурудың ауыр өтуінен қорғайды.
Вакцина қауіпсіз және тиімді. Ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін халықтың басым бөлігі вакцина алуы маңызды.

Вакцина против кори – защита здоровья вашего ребенка!

🔴 Корь – это высоко заразное вирусное заболевание, которое передается воздушно-капельным путем. Основные симптомы: высокая температура, кашель, насморк, покраснение глаз и сыпь на теле.
⚠️ Корь может вызвать серьезные осложнения: ▪️ пневмонию
▪️ отит
▪️ воспаление головного мозга
▪️ в тяжелых случаях – угрозу жизни
💉 Вакцинация – самый эффективный способ защиты от кори!
Согласно Национальному календарю прививок РК: 📌 1 доза – в 12 месяцев
📌 2 доза – в 6 лет
✅ Вакцина предоставляется бесплатно
✅ Безопасна и эффективна
✅ Формирует надежный иммунитет
👨‍⚕️ Защитите здоровье вашего ребенка – сделайте прививку вовремя!
За дополнительной информацией обращайтесь в поликлинику 📞

Қызылшаға қарсы вакцина – балаңыздың қауіпсіздігі!

🔴 Қызылша – өте жұқпалы вирустық ауру. Ауа арқылы тез таралады. Аурудың белгілері: дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрыннан су ағу, көздің қызаруы және денеге бөртпе шығуы.
⚠️ Қызылша асқынуларға әкелуі мүмкін: ▪️ өкпе қабынуы
▪️ құлақ қабынуы
▪️ ми қабынуы
▪️ ауыр жағдайда – өмірге қауіп төндіреді
💉 Вакцинация – қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы!
Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес: 📌 1-доза – 12 айда
📌 2-доза – 6 жаста
✅ Вакцина тегін жүргізіледі
✅ Қауіпсіз және тиімді
✅ Иммунитет қалыптастырады
👨‍⚕️ Балаңыздың денсаулығын қорғаңыз! Уақытылы екпе алыңыз!
Толық ақпарат алу үшін емханаңызға хабарласыңыз 📞

Бала 18 жасқа толғаннан кейін сақтандырылған мәртебесін жоғалта ма?

💬 18 жасқа дейінгі балалар МӘМС жүйесінде мемлекет есебінен сақтандырылған. Сондықтан ата-аналарда бала кәмелет жасына толғаннан кейін оның сақтандыру мәртебесі сақтала ма деген сұрақ жиі туындайды.
Сақтандырылған мәртебесі келесі жағдайларда сақталады:
1. Егер бала 18 жасқа толса, бірақ оқуын күндізгі бөлімде (мектеп, колледж, жоғары оқу орны) жалғастырса, ол жеңілдік санатына жатады және мемлекет жарна төлеуді жалғастырады.
2. Егер мүгедектігі болса, жасына қарамастан, мемлекет жарналарды төлейді, себебі мүгедектігі бар адамдар жеңілдік санатына кіреді.
3. Егер 18 жастан кейін адам оқымаса және жұмыс істемесе, ол ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеле алады. Бұл жағдайда жарналарды жергілікті атқарушы орган төлейді.
Егер кәмелетке толған азамат ресми түрде жұмысқа орналасса немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, ол жұмыс беруші есебінен немесе өз жарналары есебінен сақтандырылады.
Басқа жағдайларда сақтандырылған мәртебесін сақтау және МӘМС аясында медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін, 18-ге толған азамат дербес төлеуші ретінде жарналарды өзі төлеуі қажет (2026 жылы – айына 4 250 теңге).

ЖРВИ тыныс алу жолдарын зақымдайды

ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекция) – тыныс алу жолдарын зақымдайтын кең таралған жұқпалы ауру. Ол көбіне күз-қыс мезгілдерінде жиі кездеседі.
🦠 Негізгі белгілері:
дене қызуының көтерілуі 🤒
мұрынның бітелуі немесе су ағуы 👃
жөтел 🤧
тамақтың ауруы 😷
әлсіздік, бас ауруы 😴
🚸 Ауру қалай жұғады?
ЖРВИ ауа-тамшылы жолмен, яғни жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде жұғады.
🛡 Алдын алу шаралары:
қолды жиі сабындап жуу 🧼
адамдар көп жиналатын орындарда сақ болу
бөлмені жиі желдету 🌬
иммунитетті нығайту 💪
⚠ Ауру белгілері байқалса, өздігінен емделмей, дәрігерге қаралған жөн!