Аяулы арулар – құрмет құшағында!

Шу қалалық емханасында көктемнің ең шуақты мерекелерінің бірі – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға емхана ұжымы қатысып, нәзік жандыларға құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында әйел-аналардың қоғамдағы, отбасы мен медицина саласындағы ерекше рөлі атап өтіліп, ақ халатты абзал жандарға ізгі тілектер мен жылы лебіздер арналды. Ұжымдағы ер азаматтар мен әріптестер әйелдерді мерекемен құттықтап, олардың тынымсыз еңбегіне алғыс білдірді.
Салтанатты жиын барысында денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар үздік қызметкерлер арнайы марапаттарға ие болды. Өз ісіне адалдық танытып, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген медицина мамандарына Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды.
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, ұжымдағы бірлік пен сыйластықтың айқын көрінісіне айналды.

Жаңа Конституцияның жобасы түсіндірілді

2026 жылдың 15 наурызында өтетін республикалық референдум қарсаңында Шу қалалық емханасында арнайы бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаевтың қатысуымен жиын өтті.
Басқосу барысында Н.Сұлтанбаев түсіндіру жұмысын жүргізіп, бұл саяси науқанның ел дамуы жолында маңызы зор екенін жеткізді.
Емхана ұжымы да өз кезегінде конституциялық референдумды бірауыздан қолдайтындарын және саяси науқанға белсене қатысатындарын атап айтты.

АРДАГЕР АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шұғылалы көктемнің алғашқы лебін ала келген Алғыс айту күні – ел бірлігі мен өзара ризашылықты дәріптейтін, үлкенге құрмет, өткенге тағзым білдіретін ерекше мереке. Осыған орай Шу қалалық емханасының ұжымы тарапынан көп жылдар бойы халық саулығы жолында аянбай еңбек еткен ақ халатты абзал жандарға алғыс білдірілді.
Шара барысында ардагер дәрігерлердің кәсіби біліктілігі, адам жанына деген жанашырлығы мен адалдығы – бүгінгі буын мамандарға үлгі-өнеге екені атап өтілді. Бұл – олардың ұзақ жылғы еңбегіне деген шынайы ризашылықтың белгісі.
Аға буынның ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесі – ұжым үшін қашанда қымбат қазына!

Шу қалалық емханасында сейсмикалық жаттығу өткізілді

25 ақпан — Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін Шу қалалық емханасында сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Шара барысында жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмі түсіндіріліп, эвакуациялау тәртібі практикалық түрде пысықталды.
Қызметкерлерге қауіпсіз орынға жасырыну, электр құралдарын сөндіру, сабыр сақтап, белгіленген эвакуациялық шығу жолдары арқылы ғимараттан шығу тәртібі көрсетілді.
Жаттығу ұйымдасқан түрде өтіп, қызметкерлер белсенділік танытып, қауіпсіздік талаптарын сақтады. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдай кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.