Балалардың қауіпсіздігі – ата-ана, мектеп және қоғам үшін ортақ жауапкершілік. Мектеп жасындағы балалардың жарақат алуы көбіне абайсыздық, қауіпсіздік ережелерін сақтамау, жол қозғалысы талаптарын елемеу немесе ойын кезіндегі сақтықтың болмауынан орын алады.

Жарақаттың алдын алу үшін:
мектепте және үйде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;
дене шынықтыру сабағында мұғалімнің нұсқауларын орындау;
баспалдақпен жүгірмеу, итерісіп ойнамау;
терезе, балкон және биік жерлерде сақ болу;
үшкір, өткір және қауіпті заттармен ойнамау;
ойын алаңдарында жас ерекшелігіне сәйкес құралдарды пайдалану;
жолдан тек белгіленген жерден өту және бағдаршам талаптарын сақтау;
велосипед, самокат тебу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау;
қыс мезгілінде мұзды жерлерде абай болу.

Ата-аналарға:
Балаға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп, оның күнделікті әрекетіне назар аудару маңызды. Баланың жарақаттануының алдын алудың ең тиімді жолы – қауіптің алдын ала байқап, сақтық шараларын дер кезінде қолдану.

Есіңізде болсын: баланың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаңыз. Қарапайым сақтықтың өзі ауыр жарақаттың алдын алуы мүмкін.
Балаларымыздың дені сау, өмірі қауіпсіз болсын!